Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: «Құрастыру»
Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы: Кір жуғыш машинасы
Мақсаттары: 1.Тәрбиелеу:Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу
2.Дамытушылық: Техника жайында түсінік
3.Оқыту:қағазды пайдалану арқылы қір жуғыш машинаны жасауға үйрету
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: желім, картон, сүлгі, түрлі –түсті қағаз, суреттер
Көптілдік компонент: кір жуатын машина- стиральная машина-
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Кір жуғыш машинасы»

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларды шаттық шеңберіне шақыру:
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Кіріспе сұрақтар қою:
-Балалар қанеки, есімізге түсірейікші жылдың неше мезгілі бар?
-Жыл мезгілдерін атаңдаршы?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдаршы?
2.Негізі бөлімі: Тәрбиеші бірнеше техника түрлерінің суреттерін көрсетіп, қандай техника не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді (кір жуатың машина, үтік, мұздатқыш, шайнек т.б). Осылардың ішінде кір жуатың машинаға ерекше тоқталып, жеке бөліктеріне талдау. Кір жуатың машинасының бөліктерімен танысады
Сергіту сәті:
Үстінде үйдің,
Тұр еді мысық,
Қасына келді,
Бір торғай ұшып.
Бас салмақ болып,
Ыршыды мысық.
Жөнелді торғай,
Пыр етіп ұшып.
Қағаздан кіржуатың машинасын жасау әдістерін көрсетіп ,жасау.
Д/о: Заттың атын ата.
Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Техника түрлерін атап , олардың не үшін қажет екенін айтады.
3.Қорытынды: Мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер шешімін тауп алындар.
1.Біздің үйде бір зат бар
Сақтайды онда тамақты
Болсын мейлі күз бен жаз
Іші оның қатты аяз./тоназытқыш/
2.Шаң-тозаңды сүймейді
Тазалап оны жүр дейді.
Аты оның.... /шансорғыш/
3.Тап-таза боп жүрдейді,
Кір болса маған сал дейді.
-Осы жұмбақтың шешуіндегі сөздерді бір сөзбен қалай атаймыз?
/тұрмыстық техника/ Балалардың жұмыстарын бағалау, көрме ұйымдастыру.
Балаларды мақтап, мадақтау.