Ортаңғы "Жұлдызша"тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 09.01.2020ж
Тәрбиеші: Сағындық З.С.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Аңдардың қыс қызығы»
Тақырыбы: «Қоянға тамақ» (қырыққабат)
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Жануарларға сүйспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Бояу түсін таңдай білуге, сурет салуға қызығушылығын арттыру.
Оқыту:
Саусақ моторикаларын дамыту
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қоян, қырыққабаттың суреті, бала саны бойынша сәбіздер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қоян-заяц, қырыққабат – капуста.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тосын сәт. Балалар бүгін бізге қоян қонаққа келіпті.
Қоянымыз жылап кіреді балалар қоянымыздың көңіл күйі шамалы сияқты.
Қоян: Сәлеметсіңдерме балалар! Сендер маған көмектесесіңдерме,менің көжектеріме қысқа деп жинаған азығым таусылып қалды. Енді менің көжектеріме қысқы азық керек?
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе қоян сіз мұңаймаңыз біздің балалар сізге көмектеседі.
-Балалар қоянның сүйікті асы не?
-Балалар қоянға көмектесемізбе?
2.Негізгі бөлім:
Ендеше қалай көмектесеміз?
-Қоян сәбізден басқа қандай көкіністі ұнатады деп ойлайсыңдар?
Оларға қырыққабатты салып беру беру үшін, алдымен мына менің қолымдағы қырыққабаттың суретіне назар аударайық.
-Қырыққабаттың түсі қандай болады екен?
-Қырыққабат қандай пішінге ұқсайды?
Көрсету және түсіндіру.
Сиқырлы қарындаштарымызды қолымызға алып, қырыққабатты ауада салып көрейік. Жарайсыңдар!
Кезең-кезеңімен сурет салуды көрсету. Жасыл қаламмен дөңгелету әдісімен қырыққабаттың суретін саламыз және бояймыз.
Ендеше балалар жұмысымызды бастамас бұрын сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Балалар қырыққабатты салуға кіріседі. Қиналған балаларға көмектесемін.
Билингвалдық компонент: қырыққабат - капуста . Кәнекей бәрімізде қайталайық.
-Суреттерімізді аяқтап болсақ, салған қырыққабаттарымызды қоянымызға берейік.
Қоянмен бірге бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Сәбізді себеттерге тездетіп сал»
Қоян: балалар көп-көп рахмет сендердің арқаларында көжектерімнің қарны ашпайтын болды. Сау болыңдар. Қоян шығып кетеді.
3.Қорытынды:
Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
Біз қоянға қалай көмектестік?
Қырыққабатты қандай түсті қарындашпен салдыңдар?
Қоянымыздың көңіл-күйі жақсарды ма?
Жарайсыңдар, балалар жануарларға әрдайым көмектесіп, қамқор болу керек. Балаларды мадақтау.