Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Көңілді қыс"(тіс пастасы арқылы)»
Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні :
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Қызықты қыс мезгілі»
Тақырыбы: "Көңілді қыс"(тіс пастасы арқылы)
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Тіс пастасын пайдаланып сурет салуға үйрету.
Дамытушылық:
Терезеге түскен аяз өрнегіне сәйкес түстермен бейнелеу іскерліктерін қалыптастыру.
Оқыту:
Таза, ұқыпты орындауға баулу.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет,тіс пастасы,қол орамал
Билингвалдық компонент: қыс -зима,қар- снег, тіс пастасы -зубная паста
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Көркем сөз:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады? (Қыста)
2. Негізгі бөлім:
Қыс мезгілінің ерекшелігі туралы айту.Қардың түсі қандай?
Тіс пастасымен жұмыс істеу үлгісі:
Көк түсті қағазды дайындап қою
Тіс пастасын ыдысға дайындау
Тіс пастасымен аспанды,ағаштарды,қарды салу
Жұмысты аяқтаған соң сулы қол орамалға қолын сүрту
Сергіту сәті:
Ал, балалар, балалар!, (шеңберге тұрады)
Аппақ қылып өңірді, (қолдарын жанына жаяды)
Қар жауады.(қолдарын жоғарыдан төменге сермейді)
Қар жауады.
Көңілді балалар, (қосаяқтап орындарында секіреді)
Қызығып секірді, секірді.
Дидактикалық ойын:
«Қиялындағы сурет».
Ойынның мақсаты:
Қиялын дамыту, өзара қарым-қатынасты жақсарту.
Ойынның мазмұны:
Балалар шеңбер құрып тұрады. Әр қайсысының қолында таза, ақ қағаз болады. Бірінші ойыншы өзінің қағазының бетінен не көріп тұрғанын айтады. Екінші ойыншы оны толықтырады. Үшінші ойыншы екінші ойыншыны толықтырады. Барлығы өз ойын айтып болған соң, суреттеу аяқталады. Осыдан кейін ойыншылар өз қағаздарындағы суреттерін елестетуге тырысады. Барлық суреттерді талқылағаннан кейін жеңімпаз танылады.
3.Қорытынды:
Балалардың жұмыстарын мадақтау.