СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: КСРО-ның ыдырауы..ТМД-ның құрылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: КСРО-ның ыдырауы..ТМД-ның құрылуы.                                                                  

Жоспары:

  • 1991 ж. тамыз оқиғасы.
  • ТМД-ның кұрылуы жэне оның кұрылымы.
  • 1991-2000 жж. Ресей Федерациясы Б.Н. Ельцин.
  • Қазіргі Ресей қогамы. Путин.Сыртқы саясаты.

1991 ж. 12 маусымда өткен Ресейдегі тұңғыш президент сайлауында жеңіске жетті. Әйгілі тамыз бүлігін (19 — 21 тамыз, 1991) басуда шешуші рөл атқарып, Кеңес Одағының ыдырауын, оны ұстап тұрған жетекші партия КОКП-ны биліктен аластауды жеделдетті (қ. Тамыз бүлігі). 1991 ж.                                   8 желтоқсанда өткен Беловеж келісіміне Беларусь, Украина республикалары басшыларымен бірге қол қойып, Кеңес Одағының ыдырауын рәсімдеді (қ. Беловеж келісімі). Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Кеден одағының (қ. Еуроазия экономикалық одағы) негізін қалауға үлес қосты. Ресей президенті қызметін атқарған жылдары бірнеше рет ресми сапармен Қазақстанда болып қайтты. Екі жақты қарым-қатынасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін 1998 ж. ол Қазақстанның ең жоғары наградасы “Алтын Қыран” орденімен марапатталды. ы. Ресейде 1996 ж. 3 шілдеде өткен кезекті президент сайлауында қайта сайланды. 2000 ж. 1 қаңтардан бастап президенттіктен өз еркімен кетті                                                                                                                                                   КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды..                                                                                                                  Елді Путин басқарғалы басты олжасы – отаншылдықтың орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды салған беттен қатты қолға алды. Ол 2000 жылғы 26 наурыздағы президент сайлауынан кейін өз қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті. Іле-шала 13 мамырда Путин жеті федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап, ол округтарға өзінің өкілетті өкілдерін тағайындады, сөйтіп өңір басшыларына өзінің ықпалын күшейтті. Араға 10-ақ күн түскенде, 17 мамырда Парламенттің жоғарғы пала­та­сын жасақтаудың жаңа тәртібін енгізді. Оған дейін Федерация Кеңесі губернаторлардан құ­ра­латын, губернаторлар әрі орындаушылық, әрі заң шығарушылық құқықтарға ие болатын, енді олар Федерация Кеңесіне өз өкілдерін жіберетін болып белгіленеді. Сол күні Путин Орталық пен федерация субъектілерінің қарым-қатынасына байланысты тағы бір маңызды бастама көтереді, оның мәні негізінен өңірлік лидерлердің орынсыз дабырайтылған ықпалын кемітуге тірелетін. Бұл жолда Путин ештеңеден тайынған жоқ. Тіпті 2004 жылдың күзінде Бесланда болған лаңкестік шараны да өз мақсатына пайдалана білді: бірнеше күннен кейін-ақ Мемлекеттік Думаға губернатор сайлауларынан бас тарту туралы заң жобасын енгіздірді, губернаторлар есін жиып үлгергенше депутаттар заңды қабылдап та жібереді. Путин билікке келісімен-ақ басталған екінші чешен соғысы оның алған беттен қайтпайтынын анық көрсетті. Дубровкадағы Театр орталығында лаңкестер көрермендерді кепілдікке алып, қойылған шартқа келіспей тұрған тұста, тіпті, әлеует­ті күштер театр залына улы газ жіберіп, лаң­кестермен бірге залда қалған санаулы көрермендерді де амалсыз құрбандыққа шалуға дейін барды. 2005 жылғы 13 қарашада Нальчиктегі бүлікті қанға бөктіріп басу, 2005 жылғы 8 наурызда Аслан Масхадовтың, 2006 жылғы 10 шілдеде Шәміл Басаевтың көзін жою енді Ресей жерінде Буденновск қырғыны сияқты мас­қара жағдай, Хасавюрт келісімі сияқты шегініс бол­майтындығын бүкіл әлемге ашық айттырды. Мем­лекеттік Дума тиісті заңға қаза тапқан лаңкестердің денесін жер қойнына тапсыру үшін туған-туысқандарына беруге тыйым салатын түзетулер енгізді. Батыстағылардың адам құқы деп, жариялылық деп, сөз бостандығы деп шу көтергендеріне қарамай, Путин әкімшілігі Кавказдағы соғыс тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуге, жазуға іс жүзінде тыйым салды. Бұл орайда соғыс жағдайында БАҚ-тардың мүмкіндігі мемлекет тарапынан шектелетіндігі жөніндегі халықаралық құқық нормалары ептілікпен пайдаланылды. Осыдан сегіз жыл бұрын лаңкестер Дағыстанға басып кіріп, Ресейдің әр жеріндегі қалаларда үйлерді жарып жатқан еді. Бүгінде елдің ыдырауы толық тоқтатылды, Солтүстік Кавказдағы соғыс өрті өшірілді, Чешенстан федерацияның толыққанды субъектісіне айналды. Елді әкімшілік-территориялық және саяси орталықтандыру мәселесінің шешілуі Президентке бүкіл билікті біржолата бергізді әрі оның жауапкершілік жүгін де күрт арттырды. Федерациялық Ресейдің бұл жолдан бас тартуы унитарлық Қазақстанның жағдайында ел тағдырына эксперимент жасауға тіпті де болмайтынын анық ұғындырып берді.

Путин елді басқарған алғашқы жылдардың өзінде билікті меншіктеуге тыйым салынды, билік олигархтар қолынан алынды, сөйтіп, халықтың мемлекетке сенімі қалпына келтірілді. Путин ақпараттық империялардың олигархтарға тәуелділігі жағдайында ешқандай да мемлекеттік идея көңілдегідей жүзеге асырылмайтынын әуел бастан-ақ айқын ұғынады. Ол істі Ельциннің тұсында қолға алмауының өзінен Путиннің ақылы мен айласы, арыны мен абайлағыштығы қатар жүретін сұңғыла саясаткерлігін көреміз. Ельцинді екінші рет таққа отырғызуға барын аямаған Борис Березовскиймен бетпе-бет келу Борис Николаевичке қарсы шығудай қабылданар еді. Чешенстандағы террорға қарсы операцияларды көрсетуге байланысты қойылған шектеулерді бұзған, Путиннің өзінің қадірін кетіруге арналған хабарлар дайындаған арналардың иелері – В.Гусинский мен Б.Березовский бірінен кейін бірі шетелге қашуға мәжбүр болады. Қалың қалталылардың саясатқа сұғынуы қандайлық қатер екенін анық білетін Путин келесі соққысын ЮКОС-тың иесі М.Ходорковскийге бағыттады. Ресей сарапшыларының жазуына қарағанда, Ходорковский 2003-2004 жылдардағы сайлау науқаны кезінде Думаға өтетін партияларды қаржыландыра бастаған. Қалай дегенде де, Путин өз оппоненттерін материалдық ресурстардан айырудың құқықтық тетіктерін дәл таба біледі. Ондаған миллиард долларлық жеке байлығы бар Гусинскийдің де, Березовскийдің де, Ходорковскийдің де табиғи монополияларындағы қисапсыз қаржының қайнар көзі жекешелендірудегі жөнсіздік екенін дәлелдеп, Ходорковскийді қамауға алып, артынша ЮКОС-ты қайта жеке­шелендіру Кремльдің ақшалы алпауыттармен айқасындағы айтулы жеңісіне айналды. Путин оларды ев­рей ұлтының өкілдері ретінде қудаламай, заңды белден басып байыған тойымсыздар ретінде қудалайды

          КСРО  қоғамының жағдайы

Саяси  қайшылықтар

- тоталитарлық жүйенің үстемдігі;

  • әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі;
  • демократия процесінің тежелуі;
  • қатаң бюрократиялық басқару;
  • одақтас республикалардың өзіндік дербестіктерінің шектелуі;
  • көптеген заңдардың  іске аспауы;
  •  т.б.

Экономикалық қайшылықтар

  • экономикалық реформалардың сәтсіздікке ұшырауы;
  • экономика-қ жоспарлардың формальды болуы;
  •  дамудың экстенсивтілігі;
  • өдірістерде дербестіктің болмауы;
  • мемлекеттік шығынның көп болуы;
  • ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтық;
  • т.б.

Әлеуметтік қайшылықтар

  •  еңбекақының өсуі товар өндіру мен қызмет көрсетуден артта қалуы;
  • сапалы өнім дефициті;
  • лексиконда “сатып алу” емес “табу” деген сөздің алмасуы;
  • тұрғын үй проблемасының шешілмеуі;
  • медицина, білім беру салалары артта қала бастадуы;
  •  т.б. 

Мәдени-рухани қайшылықтар

  • әділеттіліктің жиі бұзылуы;
  • күнделікті тіршіліктің бұрмалануы;
  • ұлтаралық  қатынастардың шиеленісуі;
  • моральдық-адамгершілік қасиеттердің төмендеуі;
  • қылмыс, ұрлық-қарлық, коррупция, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшеліктің  өсуі;
  •  т.б.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: КСРО-ның ыдырауы..ТМД-ның құрылуы»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!