СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы:Күз сыйы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге ,байқағыштыққа,сезімталдыққа тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Күз сыйы»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық

Пән: Сөйлеуді дамыту, Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз» Тақырыбы: Күз сыйы - Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге, байқағыштыққа, сезімталдыққа, тәрбиелеу.

- Дамытушылық: Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл  байлығын дамыту. - Оқыту: Табиғат әсемдігін қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру. І.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

- Армысыз, Алтын күн!

- Армысыз, қайырымды Аспан-ата!

- Армысыз, мейірімді Жер-ана!

 Күліп шықты күн бүгін!

 Қуанайық, шаттанайық бәріміз! ІІ. Негізгі бөлім.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай? - Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші. Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады) -Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз. Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде жаңбыр жауып  кетеді. Адамдардың кейбіреуі  қолшатыр ұстап  барады. -Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен. Д/О: “Күз белгісі неде?

  • Күзде жапырақтар… (сарғаяды)

  • Күзде күн … (суып, жаңбыр жауады)

  • Күзде құстар…(жылы жаққа ұшада)

  • Күзде түн…(ұзарады) Күн…(қысқарады)

  • Күзде жеміс-жидек… (піседі)

  • Күзде жазғы демалыс бітіп… (оқу басталады)

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме? Балалардың тақпақтарын тыңдау. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру(  сұрақ-жауап арқылы)

Алаңда күздік өсіп тұр,

Жапырақтары сары түске боялған ,ол не? Жарайсыңдар! Дұрыс таптыңдар!

-Балалар, ендеше бізө сендермен күзгі ағашты мүсіндейміз

Алдымен ағаштың діңі мен бұтақтарын қалай мүсіндейтіндеріне тоқталады.Алдымен ермексазды бөліп,мұжық етіп жұмырлаймыз.Діңінің төмен жағында жуандау, жоғары жағын жіңішкелеу,ал бұтақтарын жіңішке қылып сомдаймыз.Алдымен қарандашпен белгілеп аламыз.

-Күзгі жапырақтарды қалай бейнелейміз?Оның түсі қандай?

-жұмысқа тағы не қосуға болады?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі

Балалар жұмыстарын жалғастырады.

ІІІ. Қорытынды. Д.О: «Ойлан, тап»ағаштың Балаларға бөліктеріне байланысты сипаттама айтып, оның қайсы бөлігіне сәйкес екенін табуға ұсыну. Жақсы қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.