Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Күзгі бақ"(жапырақтарды бастыру арқылы)»
Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні :
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»
Тақырыбы: "Күзгі бақ"(жапырақтарды бастыру арқылы)
Мақсаты:
Тәрбиешілік: Күзгі табиғаттың өзгерістерін байқай білуге және елестету арқылы жапырақтарды пайдалана отырып күзгі бақтың келбетін бейнелеуге үйрету.
Дамытушылық:Көркемдік қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы, триз әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет,бояулар,су ыдысы, қол орамал,қылқалам,жапырақтар
Билингвалдық компонент: алтын күз -золотая осень, күзгі бақ -осений сад,жапырақ -листья
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Көркем сөз:
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай жарқын күз.
2. Негізгі бөлім:
Балалардан күз мезгілі жайында сұрау.Күзде жапырақтар қандай түсте болады?
Жапырақпен жұмыс жасау үлгісі:
-Ыдысқа қызыл, сары түсті бояулар езіледі,
-Түрлі пішінді жапырақтар таңдап алынады.
-Жапырақтардың бетіне қызыл, сары түсті бояу жағылады.
-Жапырақтарды қағаз бетіне ретімен бастыру арқылы талдың бейнесін салу. Талдың діңін қылқаламмен салуға болады.
Сергіту сәті:
Алтын сары күз келді, (екі қолды жоғары көтеру)
Жел мен жаңбыр алып келді.(қолды жоғары шайқап, екі жанға сілку)
Тырс,тырс,тырс,(қолды шапалақтау)
Жел мен жаңбыр алып келді.(қолды жоғары шайқап, екі жанға сілку)
Балалар жұмыс жасайды.
Дидактикалық ойын:
«Жапырағына қарай ажырат».
Ойынның мақсаты:
Есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойынның мазмұны:
Үстел үстіне бірнеше жапырақтар түрлері қойылады. Бала жапырақтың пішініне, түсіне қарай ажыратып, қай талдың жапырағы екенін табады.
3.Қорытынды:
Балалардың жұмыстарын қарап мадақтау.