Ересектер тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Өзін өзі тану
Өтпелі тақырып:«Аңдардың қысқы тіршілігі»
Тақырыбы: Мен қамқор баламын
Мақсаты:
Тәрбиелік:Қоршаған ортаға қамқорлық танытуға, жанашыр боуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балалардың бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту
Оқыту:«Қамқорлык» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.Балалардың бойына қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімдерін ояту,
Көрнекіліктері: Жануарлардың және табиғат суреттері,
Мотивациялық -түрткі болатын
Шаттық шеңбері:
Қол ұстасып, кəне, біз,
Достасайық бəріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Балалар тәрбиешінің айтқанын орындайды, қайталайды.
Қамқорлық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Бізге үйде, балабқшада кімдер қамқорлық көрсетеді?
Ал сендер кімдерге, нелерге қамқорлық жасайсыңдар?
Балалардың жауаптары
Жақсылық жасап бір-біріне, қоршаған ортаға көмектесетін, қамқорлық жасайтын адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, жасаған ісінен танимыз.
-Қоршаған орта дегеніміз не, оған қалай қамқорлық жасаймыз?
Балаларға суреттер көрсетіп, оларды бір сөзбен қалай атайтынын сұрау
(Жануарлар).
Педагогбалалардың жан-уарларға күтім жасау жайында не білетінін анықтайды.
– Жануарларға күтім жасау, оларды тамақтандыру деп түсіндіреді.
– Жануарларға зиян келтіру деген, уақытында тамақ бермеу.
Қыстап қалатын құстардың суреттерін көрсету, оларды неге қыстап қалатын құстар деп айтамыз?
Торғай,торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың. Тақпақты қайталау
Тақпақ не туралы айтылған, торғай деген не?
Ойын-жаттығу: «Мен қамқор баламын»
Қамқор бала ағашқа (гүлге) су құяды, топырағын қопсытады.
Қамқор бала әжесіне, атасына су (орындық, таяқ) әкеледі.
Қамқор бала табиғатты қорғайды, ағашты сындырмайды.
Қамқор бала жануарларға күтім жасайды.
Балалар достарының дұрыс жауаптарын қолдап, қолдарын шапалақтайды.
Өз қалаулары бойынша суреттердің біреуін таңдап алып,, оған қандай қамқорлық көрсететінін айтады.
Жүректен-жүрекке:
Балаларға өлең жолдарын бірге қайталауды ұсынамын.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті тұрамыз.
Айналаға, бар адамға,
Тек мейірім сыйлаймыз.
Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды
«Жақсы-жаман» дидактикалық ойыны.
Рефлекстік - түзету
- Сонымен жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады
ма? Жануарларды қорғау керек
Жануарларға күтім жасау –əр жануарды өзінің ерекшелігіне қарай, қоректендіру, тіршілік етуіне керекті жағдай жасау.
Жануарларға тіршілікүшін жылу, тамақ, су жəне ауа керек. Жануарлармен өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғат-ты қорғаймыз. Сондықтан жануарлармен өсімдіктер əлемін қорғау біздің парызымыз.