Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: «Сауат ашу»
Өтпелі тақырып: «Алуан алуан кәсіп бар,таңдай біл де,талап қыл!»
Тақырыбы: Н дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
1.Тәрбиелік: балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: буындарды оқу дағдысын дамыту;
3.Оқыту: «Н» дыбысын дұрыс дыбыстату, «н»әрпімен таныстыру;
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Көптілдік компонент: шаштаразшы-парикмахер- hairdresser, аспазшы-повар-cook, муғалім-учитель- teacher,дәрігер-врач- doctor , жүргізуші-водитель-driver.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Психологиялық тұрғыдан зейіндерін сабаққа дайындау;
Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды баламын
II. Өткен сабақты пысықтау:
Балалар сауат ашу сабағында біз қандай дыбыспен таныстық?
С дыбысы қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
Қандай сөздермен таныстық?
Сағат, сандық, сақина, сүт т. б.
Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы
Мақсаты: Балалардың диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
Көбелекті гүлге қондыр.
Трубочкадағы допты алысқа ұшыр.
Артикуляциялық жаттығу жасау арқылы тілді дамыту.
Алдыңғы төменгі және жоғарғы тістерді көрсетіп, ерінді күлгендегідей ұстауға дағдыландыру.
Серуен- еріндерге күлкі үйіріледі, ауызды сәл ашып, тілді ақырын тістеу. Тілді ақырын тістей отырып, оны алдыға-артқа қарай қозғалту. Тілді жалпақ етіп, еріндерге күлкі үйіріледі.
2.Негізі бөлімі: Балалар, мына ыдыста не бар?
Нан бар.
Нанды бәріміз білеміз бе? Ол не, ол дастарханға қалай келеді?
Ол қасиетті тағам.
Дұрыс.
Нанның жасалу жолдарын түсіндіріп, нан (суреттер арқылы) сөзін бірнеше рет айтқызып, қандай дыбыс естілетінін балалардан сұрап, балаларға айтқызу.
Н, н, н.
Н дыбысы қалай айтылып тұр?
Н дыбысы қысқа, тез айтылып тұр.
Олай болса бұл қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыс.
Қандай түспен белгілейміз?
Көк түспен белгілейміз
Дұрыс балалар.Біз бүгін дыбысымен танысамыз.
Мына суреттерге назар аударайық.
Нан, айна, қоян т. б сөздер
Ендеше н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен.
Н н дыбысының артикуляциялық қалпы: Айнамен жұмыс:
«Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай:ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,
тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады.
Н дыбысын әр балаға жеке-жеке айтқызу.
Тіл ұстару жаттығулары:
На - на - на Ан- ан- ан Ын- ын- ын
Но- но –но Он- он- он Ен-ен-ен
Ну- ну- ну Не- не- не
IV. Сергіту жаттығуы:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Суретпен жұмыс жұмыс:
Әріптермен буындарды құрастырып, толық оқу. Н дыбысының орналасуын көрсету.
3.Қорытынды: «Кім зерек?» дидактикалық ойын. Қатысқан балаларды жеке-жеке мадақтау. - Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Н дыбысы қандай дыбыс екен?
- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді? деген жетекші сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.