СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Нан еліміздің байлығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы"Жұлдызша"тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

   Өткізу күні: 13.03.2020ж.

Тәрбиеші : Сағындық З.С.

Білім беру саласы : Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: « Жер-Ана!»

Тақырыбы: "Нан еліміздің байлығы"

Мақсаты:

Тәрбиелік:             

 Нанды ардақтауға, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:     

Ұн тағамынан жасалатын тағамдар жайлы түсіндіру.

Оқыту:                     

Балаларды тәрбиешінің сұрақтары арқылы әңгіме айтуға үйрету, қарандашпен домалақ пішінді салуды үйрету

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, карточкалар

Билингвалдық компонент : нан-хлеб, дермен- мельница, бидай-зерно.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Нан еліміздің байлығы"»

Ортаңғы"Жұлдызша"тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 13.03.2020ж.

Тәрбиеші : Сағындық З.С.

Білім беру саласы : Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: « Жер-Ана!»

Тақырыбы: "Нан еліміздің байлығы"

Мақсаты:

Тәрбиелік:

Нанды ардақтауға, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Ұн тағамынан жасалатын тағамдар жайлы түсіндіру.

Оқыту:

Балаларды тәрбиешінің сұрақтары арқылы әңгіме айтуға үйрету, қарандашпен домалақ пішінді салуды үйрету

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, карточкалар

Билингвалдық компонент : нан-хлеб, дермен- мельница, бидай-зерно.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Бір - біріне деген жылы сөздер арнау.
Жұмбақ шешу.
Ұзын мұртты сарылар, қойнында наны бар.

/Бидай/

Балалар тақтадағы суретті мұқият зер сала қарай отырып, бидай дәнінен нанның
қалай жасалатындығын анықтайық.
1. Жерді жыртады.
2. Дәндер өсе бастайды.
3. Бидайдың сабақтары пайда болады.
4. Оны сушылар не диқандар суғарады.
5. Бидайды орады, бастырады.
6. Машинамен элеваторға тасиды.
7. Диірменге апарып тартады.
8. Машиналар қап - қап ұнды тасиды.
9. Нан илейді. Нан пісіреді.
10. Нан таситын машинамен дайын нанды дүкенге әкеледі.
11. Дүкеншілер мен сатып алушылар дүкенде
12. Нан дастарханда.
- Міне, балалар күнделікті жеп жүрген нанымыз осындай ұзақ та қиын жолдан өтіп, біздің диқаншыларға, наубайшыларға, біздің дастарханымызға келеді екен. Олай болса нанды өсіретін адамдарға деген құрметімізді көрсетейік.
Нанға деген құрмет. Орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, нанға, диқаншыларға, наубайшыларға деген құрмет сезімдерін білдіреді.

Сергіту сәті.

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Тиым сөздер. Нан туралы қандай ырым, тиым сөздер білесіңдер?
1. Нанды бір қолыңмен үзбе!
2. Нанды жерге тастама!
3. Нанды текке лақтырма!
- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
- Ертегідегі кейіпкерлерді көзбен көргілерің келе ме?
- Бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
Ертегілер еліне саяхат. \Бауырсақ ертегісі\.
Кейіпкерлер: Атай, әжей, бауырсақ, қоян, аю, қасқыр, түлкі.
- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?
Бүгінгі күнмен байланыс.
- Балалар бүгін аптаның қай күні?
- Жұма күні аналарымыз, әжелеріміз не пісіруші еді?\ шелпек, бауырсақ\
- Шелпек пен бауырсақты неден пісіреді?
- Ұннан тағы қандай тағамдар пісіріледі?
Ас мәзірі.
Ұннан жасалатын тағамдар: нан, бауырсақ, шелпек, бәліш, бөлке, печенье, тоқаш, құймақ, кекс, торт. Мақал - мәтелдер.
1. Нан қадірін аштықта білесің.
2. Нан болса ән де болады.
3. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.

3. Қорытынды:

Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.