Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Отбасы- бақыт мекені»»
Тақырыбы: «Отбасы- бақыт мекені»
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу; бала тәрбиесіндегі ата - ананың көзқарасын кеңейту; ұстаз - оқушы - ата - ана өзара қарым - қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту.
Тәрбие сағатының өткізілу түрі: Ата-аналардың қатысуымен дөңгелек үстел, тренинг.
Көрнекілігі: Отбасы туралы нақыл сөздер, оқушы суреттері, фото көрме.
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе: Армысыздар, оқушылар және ата аналар! Бүгінгі «Отбасы – бақыт мекені» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1 –жүргізуші: Отбасы – Отанымыздың ошағы. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, адамның бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
2 –жүргізуші: Отбасы туралы ойларымызды әрі қарай өрбітсек...
1 - оқушы: Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.
2 - оқушы: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»
3 - оқушы: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі.
4 - оқушы: Отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
5 - оқушы: Ата - ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.
6 - оқушы: Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
7 - оқушы: «Отан отбасынан басталады»
Ата - аналарымызға деген ыстық ықыласымызды келесі әнмен жеткізсек...
Ән: «Әке - ана» орындайтын Ихласова Алина
1-жүргізуші:
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т. б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «... Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі» Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Оқушылардың орындауында ата - аналарға арналған өлең жолдары.
Айнаш: «Ана» Қ. Мырза – Әлі
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды:
Сен деп жаздым алғаш өлең – дастанды.
Қуандым ба?
Өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба?
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды:
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем,
Бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба?
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм - ол да сендік сүт еді.
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып,
Жауларыма жеткен жерден бітеді!
Ердәулет: «Әке» М. Мақатаев
Әке, сенің жасыңнан асып барам,
Кезі - кезі келгенде тасып та алам,
Кезі - кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
Ақсәуле: «Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Ата- аналарға өз балаңызды тауып көр деп аталатын ойын ойнатылады.
Қорытынды:Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас деп өле - өлгенше»
«Отбасындағы ананың ролі» ерекше дей келе бүгінгі тәрбие сынып сағатымызды аяқтаймыз көріскенше күн жақсы сау болыңыздар.