СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі». №10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция»

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі». №10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция»»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3А Химиялық реакциялар

Мектеп: №17 мектеп


Мұғалімнің аты-жөні: Жарданбек А.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандарсаны:


Сабақ тақырыбы

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

№9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі». №10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу


Сабақ мақсаттары

Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды

Бірнеше металдарды сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесу реакциясын жүргізеді және өз бақылауларын жазады. Реакция нәтижесінде газ бөлінгендігін анықтайды.

Бөлінген газға тәжірибе жасап, оның сутек екендігіне көз жеткізеді және металдардың сұйылтылған қышқылмен реакциясы кезінде сутек газы түзілетіні туралы қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және

олармен жұмыс жасау ережелерін атай алады

  • Сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен

әрекеттесуін, реакция нәтижесін нақтылайды

  • Сутек газының сапалық реакциясын түсіндіреді және жүзеге асырады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік мақсат

Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады, тапсырма кезінде академиялық тілмен түсіндіре біледі

Пәнге тән лексика мен терминология:

ерітінді, бейтарап, бейтараптану, өртке қауіпсіз, жану, сынау, қауіпсіздік/қауіпсіз емес/қауіпті, араластыру, төгу, көзді қорғау құралы, қауіпсіздіктің қажетті талаптары

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Зертханада қауіпсіздік өте маңызды, себебі…

Қышқылдар теріні күйдіреді, себебі...

Зертханада / тәжірибе жүргізу кезінде, біз … жасауымыз керек/ керек емес

Құндылықтарды дарыту




Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ынтымақтастық:Мұғалім қарым-қатынас үшін жайлы, достық ахуалды жасайды. Өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Физика – тәжірибе


Алдынғы білім


5.3.2.5. заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы









































Оқушылармен сәлемдесу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.Ортаға шығарып 1,2,3 санау арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін

Үй тапсырмасын сұрау

1-тапсырма

Саралау тапсырмасы - қорытынды

Әдіс: «Сіз қаншалықты сенесіз?»

Келесі тұжырымдар дұрыс не дұрыс емес екенін анықтаңыз.Дұрыс тұжырымға «+» таңбасын қойыныз.

Р/с

Мазмұны

Дұрыс

Дұрыс емес

1

Әмбебап индикатор қағазы қышқылдармен жанасқан к

зде қызыл түске боялады. 



2

Концентрлі күкірт қышқылы мата мен қағазды теседі. 



3

Лакмус қағазы қышқылдармен жанасқанда көк

түске боялады.



4

Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылының болуы салдарынан ірімшік сарғайып, кейін қызыл-сары түске б

ялады.



5

Қант пен ағаш концентрлі күкірт қышқылының әсерінен көмірге айналады.



6

pH шкаласы шамамен 0-14 аралығындағы өлшемде болады.





Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі. Жасыл- қатесі жок, сары – 2-3 қатесі бар, қызыл- 3 қатеден жоғары. Сигнал карталары арқылы нәтижені саралай отырып топтарға бірігеді.

Бағалау –«Сигнал карталары»

Тақырыпты болжайды

«Суреттер сыры» әдісі

Оқушылармен бірге тақтада берілген суреттерге сәйкес жаңа сабақ тақырыбы анықталады, мақсаты құрылады:

  • + магний тұз қышқылы



  • +



Мырыш тұз қышқылы



  • темір +

тұз қышқылы

Онда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болмақшы? /тақырып анықталады/

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаттарын оқушылар сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

  1. Бүгінгі сабағымызда қандай оқу мақсаттарын жоспарлаймыз?

Бағалау: Оқушылардың ішкі уәжін көтеру үшін бағалаймын.















үлестірмелі материалдар





























































Суреттер





Сабақтың ортасы


















Талдау

(анализ)















Жинақтау (синтез)




«Техника қауіпсіздік ережесі»

Лимоннын дәмін көру.Бүгін химия сабағында бірінші және соңғы рет сендер бір заттың дәмін мұғалімнің рұқсатымен ғана татып көрдіңдер. Негізі химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде: № 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»! № 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып келеді (тәжірибемен көрсету). Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.


2-тапсырма

«Қос күнделік» әдісі

Кестені дәптерге сызып, металдарды сәйкесінше екі бағанға бөліп

жаз: K, Hg, Nі, Al, Fe, Pt, Pb, Na, Cu, Sn, Ag, Mg, Au.

Қышқыл ерітіндісінен сутекті

ығыстыратын металдар


Қышқыл ерітіндісінен сутекті

ығыстырмайтын металдар

Дескриптор:

  • қышқылдардың әртүрлі металдармен әрекеттесуін жаза алады; 1 балл

  • реакция нәтижесін жіктейді. 1 балл


3-тапсырма Химиялық эксперимент

Саралау тапсырмаларының әдісі: дереккөздер

І топ

Жұмыстың алгоритімін беру


1. Сұйылтылған тұз қышқылының металдармен әрекеттесуін зерттеу үшін аспапты суретте көрсетілгендей жинау.

2.Сынауыққа металдың (3-4 түйір) аз мөлшерін салу, үстіне 2-3мл тұз қышқылын құю.

3.Сынауықты газ жүретін тығыны бар түтікпен бекіту

4. Түтіктің екінші ұшын суы бар ыдысқа батыру

5.Бақылау жүргізу.

6.Жағылған шырпыны газы бар сынауыққа жақындатып, алынған газды сынау.

7 .“ Пах” дыбысы газ-сутектің сипаттамасы болып табылатынын түсіндіру.


Тәжірибе

аты

Жұмыс барысы

Бақыланған құбылы

ты және реакция теңдеуін сөзбен жазу

Қорытынды

Сұйылтылған тұз қышқылының темірмен әрекеттесуін зерттеу




металл + қышқыл = тұз + сутек газы


Дескриптор

− металдың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды; 1 балл

− нені бақылағанын жазады; 1 балл

− реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады; 2балл

− қорытынды жазады. 3 балл


ІІтоп

Оқулық арқылы

3- тапсырма

Лабораториялық тәжірибе

«Мыстың сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы».

Мақсаты: мыстың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуін зерттеу.

Құралдар: мыс металы тұз қышқылының ерітіндісі, пробиркалар, штатив.

Пробиркаға 1-2 түйір темір түйірлерін салып, үстіне сұйылтылған тұз қышқылын құйыңыз.

Не байқадыңыз? Реакция өнімдері қандай заттар болып табылады?

Тәжірибенің

Тақырыбы

Не істедіңіз?

Нені

бақыладыңыз?

Реакция теңдеуі





металл + қышқыл = тұз + сутек газы


Дескриптор

− металдың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды; 1 балл

− нені бақылағанын жазады; 2 балл

− қорытынды жазады. 3 балл


ІІІ топ

Саралау -қарқын

Интернет ресурсты пайдалана отырып, қажетті құрал жабдықтармен тәжірибе жүргізу

3- тапсырма

Лабораториялық тәжірибе

«Темірдің сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы».

Мақсаты: темірдің сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуін зерттеу.

Құралдар: темір металы тұз қышқылының ерітіндісі, пробиркалар, штатив.

Не байқадыңыз? Реакция өнімдері қандай заттар болып табылады? Тәжірибе жүзінде дәлелде.

Тәжірибенің

Тақырыбы

Не істедіңіз?

Нені

бақыладыңыз?

Реакция теңдеуі





металл + қышқыл = тұз + сутек газы

Дескриптор

− металдың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды; 1 балл

− нені бақылағанын жазады; 1 балл

− реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады; 2балл

- түзілген газды тәжірибе жүзінде дәлелдейді 2 балл

− қорытынды жазады. 3 балл

Бағалау – бірін-бірі бағалау жүреді

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің кестесі



















Үлестірмелі қағаз











Тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар: металл, тұз қышқылы, сынауық, газ өткізгіш түтік, су







































Мырыш, тұз қышқылы, сынауықтар,

тығыны бар газ өткізгіш түтік, колба, стакандар.



Сабақтың соңы









Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

«3-2-1 Стратегия» оқушыларға парақтар таратылып беріледі, парақтарды толтырады


Үлестірмелі қағаздар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



  • саралау тәсілі – қорытынды Барлық оқушы бір тапсырманы орындайды, нәтижелері әртүрлі болады

  • саралау тәсілі - дереккөздер лабораториялық тәжірибе жасағанда тәжірибенің қадамдары, алгоритмі беріледі

оқулықтан тәжіибенің нұсқаулықты пайдаланады

  • саралау тәсілі- қарқын

Аз қолдау – оқушыларға http://bilimland.kz/ru/ сайты арқылы тәжірибені орындайды



Сигнал карталары

Өзара бағалау

Дескриптор арқылы бағалау

Қалыптастырушы бағалау



Қышқылдармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.