Ортаңғы«Жұлдызша»тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні/Дата проведения: 04.03.2020ж.
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Салт-дәстүрлер және фольклор»
Тақырыбы/Тема: "Бізге қуыршақтар қонаққа келді" (сипаттамалы әңгіме құрастыру)
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Достыққа мейірімділікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Сөзге қызығушылығын, сөйлеуі мен зейінін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Ойыншықтар сипаттамасы бойынша әңгіме құрастыруды үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: Жеке тұлғаға бағытталған, ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қуыршақ, ұлттық киімдер
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қуыршақ – кукла, ұлттық киім – национальный костюм.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ұлттық көйлек киген қуыршақтың қонаққа келуі. Қуыршақпен сәлемдесу.
Тақпақ жаттау:
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
- Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіндер ме?
- Олай болса, қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші.
- Балалар, қуыршақ есімін айтқысы келмесе, онда бәріміз бірге оның есімін қояйық.
- Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді?
- Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек. Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш».
- Қуыршақтың есімін қойдық. Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шақырайық.
- Кәне, бәріміз бірге:
- Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық.
- Сұлушаш сендерге ұнады ма? Несі ұнады?
(Шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, қамзолы, үкісі).
- Сұлушаштың шашы қандай?
(Қою қара шашты).
- «Қою қара шашты» деген «шашы қалың» дегенді білдіреді.
- Ол шашын қалай жинап алыпты?
(Қос бұрымды).
- Көздері қандай?
(Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді).
- Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай? (Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі).
Сұлушаштың бөркіне тоқталу.
- Бөрік киімнің қай түріне жатады
- Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?
- Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?
Сергіту сәті:
«Қуыршақ» әнін айту.
Сөйлемейсің сен неге,
Тілің жоқ па, қуыршақ?
Жуынбайсың сен неге,
Кірің жоқ па, қуыршақ?
Аяғың бар ма, сен неге,
Жүре алмайсың, қуыршақ?
Жұмсағанда сен неге,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің,
Аңқаусың ба, қуыршақ?
Бізбен бірге жұрмейсің,
Жалқаусың ба, қуыршақ? (Р.Тышқанбаев)
3.Қорытынды/итоговая часть:
«Айнытпай сал» ойыны.
Шарты: қуыршақтың жылаған дауысын салу.
Құлыншақтан қуыршақ,
Шауып жүріп құлады.
Салшы даусын, қуыршақ,
Сонда қалай жылады?
- Балалар, Сұлушаш қуыршағымыз бізден біраз нәрсе үйренген сияқты. Өйткені ол күлімсіреді.Енді оған арнап салған сиқиналарымызды сыйлайық. Қонағымызды шығарып салайық.