Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні/Дата проведения: 31.12.2019ж
Тәрбиеші/Воспитатель: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы/Образовательная область:Таным
Пән/Предмет: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: "Қыс қызығы"
Тақырыбы/Тема: Сырғанақта
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік – воспитательная: Балаларға екі затты ұзындығы бойынша ұзын-қысқа және ұзындықтарды бірдей сөздерін қолданып салыстыруды үйрету.
Дамытушылық – развивающая: Бір қатарда орналасқан аз-көп, осыншама сөздерін пайдаланып, екі заттар тобының арасында теңдік пен теңсіздік орнату біліктілігін бекіту;
Оқыту – обучающая: Қардың түсін ажырата білу.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: Жеке тұлғаға бағытталған, ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Суреттер,жолақшалар,қарандаштар.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Аз-мало,көп-много,ұзын-длинный,қысқа-короткий.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: Есік қағылып, Дымбілмес қуыршақ кіреді. Қолында қорапшасы бар. Дымбілмес балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Дымбілмес: -Балалар менің атым - Дымбілмес. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы қорапшаның ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Тәрбиеші: -Қане, балалар Дымбілмес бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы қорапшаны ашып қарайық.
-Ал, балалар Дымбілместің алып келген жолақшаларының түсін айтайықшы?
-Көк,қызыл.
Дымбілместің тапсырмаларын орындауға кіріседі.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
I - тапсырма:суреттерді көрсету. Сұрақ - жауап арқылы.
Ендеше, барлығымыз мына суретке қарайықшы? Мынау кімдердің суреті?
- Балалардың суреті.
Мына баланың бойы ұзын ба, қысқа ма?
Қане, кім айтады?
-Ұзын бала.
Ал мына баланың бойы ше?
- Қысқа.
Ал балалар білейік,кімнің бойы ұзын екен, Алиби ме, Диляра ме?
Балалардың жауаптары.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ал, келесі тапсырманы орындайық.
II - тапсырма: Көк жолақшаның үстіне қызыл жолақшаны қойғанда қай жолақша ұзын?
-Көк жолақша ұзын.
-Ал, көк жолақшаның қасына қызыл жолақшаны қойсақ, қай жолақша ұзын болады?
-Көк жолақша.
-Дұрыс айтасыңдар балалар!
III - тапсырма: Ұзын - қысқа заттарды салыстыра білесіңдер ме?
Бұл тапсырманы орындау үшін, Дымбілмес бізге бір ойын алып келген екен, балалар.
Дидактикалық ойын: «Байқағыш».
Мақсаты: Заттың түрін, көлемін ажырата білу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.
1тапсырма. -Ал мынау нелер?
-Қарандаштар
-Қай қарандаш қысқа?
-Жай қарандаш,қызыл қарандаштан қысқа.
2тапсырма. -Балалар мына суретке назар аударайықшы,мынау нелер?
-Қоян мен кірпі.
-Қоянның неше құлағы бар?
-Қоянның екі құлағы бар.
-Ал кірпіде неше құлақ бар?
-Кірпіде екі құлақ бар.
-Кірпінің құлағы ұзын ба,әлде қоянның құлағы ұзын ба?
- қоянның құлағы ұзын.
-Дұрыс айтасыңдар, қоянның құлағы ұзын екен.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Дымбілмеспен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы- қырлы жерлермен,
Ытқып- ытқып жүгірді.
Ойын:-Енді балалар екі топқа бөлінейік. 1 топ жіпке ұзын моншақ тізеді. 2 топ қысқа моншақ тізеді.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.Белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады.