СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: Ғаламшар ғажаптары!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

 оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру.

Міндеттері:

Білімділігі:

–  оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;

Дамытушылығы:  

– қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;

Тәрбиелілігі:   

– қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

 

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: Ғаламшар ғажаптары!»

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп_______________Мерзім_____________№________

Тақырып: Ғаламшар ғажаптары!

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адамгершілік

Мұғалім_____________Класс__7_________Оқушылыр саны

Сабақтың мақсаты:

– оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру.

Міндеттері:

Білімділігі:

– оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;

Дамытушылығы:

– қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;

Тәрбиелілігі:

– қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

«Орманға ойша серуен»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар:(құралдар,

мәліметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ұ.Доспанбетовтың «Ғарыш әні» әңгімесі

- Автор адамның , ғарышпен байланысын не көрсетеді?

- Ғарыш әні қандай болу керек деп ойлайсың?

- Айналамыздағы әсемдікті сезінуге сендерге не көмектесді?

- Қоршаған ортадан еш сұлулықты көрмейтін адамдар бола ма?

- Адам сұлулықты сезіну үшін не істеуі керек?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз:

«Ғаламның ғажайып сыры – адамда»

Чарльз Дьюк


4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • Қоршаған ортаны қабылдауда адам қандай сезімдерге бөленеді?

  • Адамның қоршаған ортамен байланысы оның өз өмірімен қалай көрінеді?

  • Айналамыздағы әсемдікті сезіну үшін сендерге не көмектеседі?

  • Жерден басқа әлемдегі өмір туралы не ойлайсың?



5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)

Ғаламшар ғажаптары тақырыбында сурет салу


6.Топпен ән айту.

Құс жолы

Сөзі: Ұ.Есдәлетовтікі Әні: Т.Мұхамеджановтікі

Аспан, аспан шайдай ашық, Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық. Құс жолы ғарыш көкке туған жерден Қараймын жандай ғашық. Қолға келіп қонса жұлдыз, Жанға серік болса жұлдыз, Ғарышқа қанат қақты самғап, Туған жерден қанша ұл – қыз.

Қайырмасы:

Құс жолы шақырады арманға ұқсап, Жұлдыздар жайып арман құшақ. Жаса мәңгі, жырға толы өлкем, Жаса мәңгі, жырға толы көркем өлкем. Сен Отан, достық әннен қуат алған, Бақыт құсы бүгін ұя салған.


7.Үй тапсырмасы.

Я.Головановтың «Адам және ғалам» атты мәтінін оқу


8.Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық....бар жерде,тыныштық.....бүкіл әлемде)

(Баяу күй ойнайды)
• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!