СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: Халық дәстүрі – асыл қазына

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

 оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

Білімділігі:

–  оқушыларға халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы:  

– оқушыларды халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білуге баулу;

Тәрбиелілігі:   

– салт-дәстүрге құрмет, елжандылық сезімдеріне тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: Халық дәстүрі – асыл қазына»

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп_______________Мерзім_____________№________

Тақырып: Халық дәстүрі – асыл қазына

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Қамқорлық

Мұғалім_____________Класс__7_________Оқушылыр саны

Сабақтың мақсаты:

– оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

Білімділігі:

– оқушыларға халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы:

– оқушыларды халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білуге баулу;

Тәрбиелілігі:

– салт-дәстүрге құрмет, елжандылық сезімдеріне тәрбиелеу


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


Ресурстар:(құралдар,

мәліметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі 1- тапсырманы тексеру

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз:

«Дәстүрін ел – жұртымның ардақтаймын ,

Ежелгі ата-баба салтын сақтап»

Халық өлеңі


4.Әңгімелеу(сұхбат):

Қ.Толыбаев «Шаңырақ» мәтінін оқу

1. Салт-дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Қазақ ұғымындағы қара шаңырақтың маңызы қандай?


5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)

«Халық дәстүрі – асыл қазына» тақырыбында эссе жазу



6.Топпен ән айту.

М.Мұқатаев «Үш бақытым»


7.Үй тапсырмасы.

«Дастарқан» мәтінін оқып келу.



8.Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық....бар жерде,тыныштық.....бүкіл әлемде)

(Баяу күй ойнайды)
• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!