СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: «Құдіретті Жер – Ана»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

 Табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Жер-Ананың қадір қасиетін бағалау

Міндеттері:

Білімділігі:

–  Отанға,табиғатқа деген махаббаттарын ояту

Дамытушылығы:  

– Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлықтарын кеңейту

Тәрбиелілігі:   

– Жер-Ананы қадірлеуге тәрбиелеу;

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: «Құдіретті Жер – Ана»»

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Сағат саны:

Мерзiм:

21




Оқушы саны:




Мектеп : №152 гимназия

Тақырып: «Құдіретті Жер – Ана»

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адамгершілік, мейірімділік


Сабақтың мақсаты:

– Табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Жер-Ананың қадір қасиетін бағалау

Міндеттері:

Білімділігі:

– Отанға,табиғатқа деген махаббаттарын ояту

Дамытушылығы:

– Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлықтарын кеңейту

Тәрбиелілігі:

– Жер-Ананы қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:

(құралдар

мәліметтер)

6 мин.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жер ананы сақтайық» өленің жатқа сұрау

Сабақ барысын талқылау:

9 мин.

3.Дәйексөз:

“Жер – ана жомарт ана тер төккенге”

Халық даналығы

7 мин.

4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • Неліктен адамдар жарді анаға теңейді?

  • Ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар?

  • Жазық жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың?

10 мин.

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:


«Туған-жерді қадірле» тақырыбында шағын шығарма жазу.

4 мин.

6.Топпен ән айту.

Жер –Ана
Сөзі Ш. Сариевтікі
Әні Ж. Тұяқбаевтікі
Күн куә, Айым куә,
Талай қырғын майдан өтті.
Сан ұрпақтың қайран отты
Ғұмарларын ойран етті.
Жер –Ана қанды кешті,
Жанарында қайғы кешті,
Жетім қалған балалармен,
Жесір қалған аналармен.
Қ-сы
Туған халқым ел- аман бол!
Ұлы мекен -Жер аман бол!
Жүрекжарды тілегіміз-
Жаса мәңгі ,Сен Жер- ана!

4 мин.

7.Үй тапсырмасы.

Үй жұмысы ретінде дәптердегі тапсырманы орындап келу

2 мин.

8.Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқшыларға рахмет!


3 мин.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!