СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: Өмір қымбатсың маған!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

 оқушыларға өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Міндеттері:

Білімділігі:

–  оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

Дамытушылығы:  

– өмірге құштарлықтарын дамыту;

Тәрбиелілігі:   

– өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

      Сабақ барысы:

  1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: Өмір қымбатсың маған!»

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп_______________Мерзім_____________№________

Тақырып: Өмір қымбатсың маған!

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Адамгершілік

Мұғалім_____________Класс__7_________Оқушылыр саны

Сабақтың мақсаты:

– оқушыларға өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Міндеттері:

Білімділігі:

– оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

Дамытушылығы:

– өмірге құштарлықтарын дамыту;

Тәрбиелілігі:

– өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!



Ресурстар:(құралдар,

мәліметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ш.Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап - қарадан» мәтінін оқу

  • Ақын ақ және қара деп нені мегзеп отыр?

  • Қай уақытта адам өмірі аққа толы болады?

  • Адам өз бақытын табуы үшін не істеу керек?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз:

Халқымыз:

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт – құты қашсын» – дейді.

Адам жаман-жақсыны ажырата біліп, жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.



4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • Өмір тек бақытты кездерден тұра ма?

  • «Елім үшін жаным құрбан» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Бейбіт заманда елі үшін жанын пида еткен қандай ерлерді білесіңдер?



5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)

Суреттермен жұмыс істеу оқушылардың өмірге бейнелі түрде қарауына, өмірдің әр сәтінен ләззат ала білуіне ықпал етеді. Оқушылардың қоршаған ортаға, онда өмір сүріп жатқан адамдарға, олардың өмірінде болып жатқан түрлі оқиғалар мен жағдайларға жаңаша қарауын, әсемдікті түсіне білуін дамытуда тапсырманың алатын орны ерекше.

  • Суретшілердің өмірді осылай бейнелеуіне не шабыт берді деп ойлайсыңдар?

  • Суретшілер өмірдің қандай сәттерін көрсетеді?


6.Топпен ән айту.

Балдәурен

Өзіңмен тұрмағанмен, сый мен сымбат Адамға қай жаста да өмір қымбат, достар – ай! Шарықтап шыққанменен, шындарыңа, Жас келер шын жүректе шыдам бар ма, достар – ай? Ай – ай – ай, гүл дәурен, Бал – бұл дәурен, бал дәурен! Өмір әлі сын ғой, дәурен, сол дәрен! Қарасам, қасіреттің бұлтын бұзып Жіберер жақсылықты көрген қызық, достар – ай! Жол өзі шаттығымен сәнді етеді Өмірді еңбек қана мәнді етеді, достар – ай!


7.Үй тапсырмасы.

Г.Андерсеннің «Қызыққа толы қасқағым» мәтінін оқу


8.Бағалау.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!