СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: Тамырын жайып тереңге

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.( Орманға ойша серуен)

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: Тамырын жайып тереңге»

Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Сағат саны:

Мерзiм:

13




Оқушы саны:




Мектеп: №152 гимназия

Тақырып: Тамырын жайып тереңге

Құндылық : Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сыйластық, мейірімділік



Сабақтың мақсаты:Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түтіндіру.

Міндеттері:

― отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

― өз туған үйлері менотбасыларыңа деген сүйіспеншіліктерің дамыту.



  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.( Орманға ойша серуен)

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар:

(Интерактивті тақта,музыка қою)

  1. мин.


  1. Үй тапсырмасын тексеру. « Ұшқан ұя» мәтінін оқу

    1. Егіншінің қанағты мен бақытты күйінің сыры неде?

    2. Сен өз ақшаңды қалай жұмсар едің?

Сабақ барысын талқылау:

  1. мин.

    1. Әңгiмелеу (сұхбат).

    2. Өздеріңнің жақындарына деген сый, құрметіңді қалай білдіресіңдер?

    3. Отбасы мүшелерінің ой-ниетімен, көзқарасымен, сезімімен санаса білесіңдер ме?

    4. Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

  1. ин.

  1. Дәйек сөз.

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы-әдеп пен сый»

М.Әуезов

  1. мин.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Өз ата-әжелеріңіздің үйдің кішілеріне айтатын жақсы,мағыналы сөздері мен өсиеттері туралы естеріңізге түсіріңіз.


4 мин.

6 .Топпен ән айту.

Әке-ана

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Қанат Қалтай

Сезімің неткен ыстық балаңа тым,

Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.

Қаншама азап шектің сәби үшін

Мен саған қарыздармын жан анашым.

Іздесек сендей жанды табамыз ба,

Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да.

Серік боп өмір бойы анамызға

Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.

Қайырмасы:

Сәл ғана жүрсем алыс жырақтарда,

Сағынам екеуіңді бір аптадай.

Арманым одан артық жоқ дер едім,

Бір болсам өздеріңмен жұмақта да.

Әкешім жол сілтейтін ақылшымсың,

Анашым ұл-қыз таптың батырсың шын.

Құрметтеп өздеріңді сыйламасам,

Өмірде перзент деген атым құрсын.



  1. мин.

7. Үй тапсырмасы.

М.Мақатаев 62 беттегі өлеңін жаттау


  1. мин.

  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін мың алғыс. Рахмет сіздерге!


3 мин.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!