СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: Тамырын жайып тереңге

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

- Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі:

- отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;

Дамытушылығы:  

- туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту; Тәрбиелілігі:  

- туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.  

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: Тамырын жайып тереңге»



Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Сағат саны:

Мерзiм:

14




Оқушы саны:




Мектеп: «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Тақырып: Тамырын жайып тереңге

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адамгершілік, сүйіспеншілік

Мұғалiм: Сарыбаева А.М. Сынып: 7


Сабақтың мақсаты:

- Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі:

- отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;

Дамытушылығы:

- туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
Тәрбиелілігі:

- туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.  


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Ресурстар:

(құралдар,

мәліметтер)

6 мин.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

М.Мақатаев 62-беттегі өлеңін жаттау

Сабақ барысын талқылау:

9 мин.

3.Дәйексөз:

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый»

Мұхтар Әуезов


7 мин.

4.Әңгімелеу(сұхбат):

Боз орамал» әңгімесі

1.Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

2. Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай

    түсіндірер едің? 

3.Оның сағынышының сыры неде?

4.Ата-анасының ұлына деген сезімін сипаттап беріңдер?


10 мин.

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:

Төмендегі сұрақтарды қатыстыра отырып,эссе жазындар:

  • Отбасындағы қандай ағасың,қандай іні,қаңдай қарындассың?

  • Ағалықты тұрарлық қаңдай іс-әрекеттер жасап жүрсің?

  • Лайықты іні боп жүрсің бе?


4 мин.

6.Топпен ән айту.


Анашым”

Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі Әні: М.Омаровтікі

4 мин.

7.Үй тапсырмасы.

« Ана махаббаты» мәтінің оқу

2 мин.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқшыларға рахмет!


3 мин.