Просмотр содержимого документа
«Талдау тарбие жылдык.doc»
2017-2018 оқу жылындағы 4 класс оқушылармен жүргізілген тәрбие жұмысының жылдық талдауы
2017-2018 оқу жылының басында 4 класқа 8 оқушы қабылданған, ал оқу жылының аяғында 8 оқушы аяқтады.
Кластың алдына қойған мақсаты: Оқушылардың бойындағы жалпы адамгершілік және мейірімділік қасиеттерінің негізінде әр оқушының үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету барысында мынандай міндеттер алынған:
- Оқушылардың оқу мен тәртіпке белсенділіктерін арттыру;
Ата-аналарды класс өмірімен тығыз байланыста болуын ұйымдастыру;
Оқушылар ұжымын дамыту барысында қажетті іс-шаралар өткізу.
Жоғарыда атап отілген міндеттер барлығыда орындалды деп айтуға болады, 4 класқа 12 бағыт бойынша жылдық тәрбие жұмысы жасалды. Атаулы мерекелерге арналған іс-шаралар мен қоса әр апта сайын іс-шара жоспарланып өткізілді.
Екі ашық тәрбие сағаты өткізілді. Әр жарты жылдық соңында тәрбие диагностикасы жасалды. Жалпы оқушылардың тәрбие деңгейі жақсы. Атап өтер болсақ, Бисембекова С, Рамазанова Д., өте жақсы деңгей болса, Салыков А,Чебентаева Маралдың деңгейі жақсы. Себебі, ерекше тәртіп бұзатын балалар, сабаққа себепсіз кешігетін немесе келмейтін оқушылар жоқ. Мектепішілік тіркеуде тұрған оқушылар да жоқ.
2017-2018 оқу жылында мектепте он мерекелік кеш өткізілді, оған класс оқушылары белсене қатысты. Осындай кештер мен сайыстарға қатыса отырып, класс оқушылары айтарлықтай жетістіктерге жетті. Алтын күз мерекелік сайыста жүлделі ІІ орынға ие болды. Одан басқа жекелей жетістіктері жеткілікті.
2017-2018 оқу жылында өткізілген іс-шаралардан класс альбомы жасалды. Каникулдық іс-шараларға оқушылар белсене қатысты. Негізінде оқушылардың тәртіптері жақсы, бірақ еркеліктері әлі де байқалады. Сонда да осы жылға қойылған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
2018-2019 оқу жылына қоятын мақсатым:
Класс сағаттарында интелектулдық және жастардың бастамасын қолдау бағыттарын көбірек пайдалана отырып, оқушылардан өзін еркін ұстап, ойын жетік жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушылардың оқу мен тәртіпке деген белсенділіктерін арттыру;
Ата-аналарды класс өмірімен тығыз байланыста болуын және жақсы жақтарымен бір-біріне үлгі болуын ұйымдастыру;
Оқушылар ұжымын ұйымшылдығын, ынтымақтастығын арттыру барысында қажетті іс-шаралар өткізу.
Класс жетекші: Бигабулова Л.Т
2017-2018 оқу жылының 14 класс оқушылармен жүргізілген тәрбие жұмысының ІІІ тоқсандық есебі
4 класқа 9 бағыт бойынша ІІІ тоқсанда тәрбие жұмысы жасалды. Атаулы мерекелерге арналған іс-шаралар мен қоса әр апта сайын іс-шара жоспарланып өткізілді.
1 ашық тәрбие сағаты өткізілді. Класта ерекше тәртіп бұзатын балалар, сабаққа себепсіз кешігетін немесе келмейтін оқушылар жоқ. Мектепішілік тіркеуде тұрған оқушылар да жоқ.
ІІІ тоқсанда мектепте үш мерекелік кеш өткізілді, оған класс оқушылары белсене қатысты. Осындай кештер мен сайыстарға қатыса отырып, класс оқушылары айтарлықтай жетістіктерге жетті. Қалалық олимпиадаға қазақ тілінен қатысып ІІ турға өте алды, орын алмаса да өзін жақсы қырынан көрсете алды. Ресурстық орталыққа барып оқушылар волейболдан 1 орын, әскери жарыстан 2 орын алып жалпы командалық есепте 1 орын алды. Жеңіс күніне арналған салтаннатты шеру жарысында жүлделі екінші орын алды
ІІІ тоқсанда өткізілген іс-шаралардан класс альбомы толықтырылды. Каникулдық іс-шараларға оқушылар белсене қатысты. Негізінде оқушылардың тәртіптері жақсы, бірақ еркеліктері әлі де байқалады.
Класс жетекші: Ибраев Д.Е.