Танатарова Данагуль Толендиевна

Категория: Математика

"Нашақорлық" атты тәрбие сағаты жоғары сыныптарға арналған. Сабақ сот түрінде өтуі тиіс. Жоғары сынып оқушылары анашаны соттауы керек

Просмотр содержимого документа
«Танатарова Данагуль Толендиевна»

Нашақорлық – тұңғиық түбі





Тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала қоршаған асу-асу таулары, еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дархан даламда өмір сүрген тіршілік атаулының тілегі-бейбіт өмір, еркіндік және денсаулық.



Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?!



Байлық әрқашан денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол денсаулығымызға кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі, наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.



Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.



Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз.



Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес.



Әркімнің ата-анасы - әулиесі емес пе? Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса»,- делінген онда. Өкінішке орай есірткінің құрығына іліккен жастардың ата-анасының қасіретін сөзбен жеткізу қиын.



Тәуелсіздік алып, шет мемлекеттермен байланысымыз нығайып келеді. Абай атамыздың «Үйрен де жирен» сөзін тура түсінетін адамдар қолдарынан келгенше батыстан, одан қалса Шығыстан үйренуде. Қазақстандағы нашақорлардың саны тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 5-6 есе өскенін немен түсіндіруге болады?



«Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, апиынға үйрет!» деген сөзді ата-бабаларымыз айтқанын үлкендерден естіген едім. Неге бұлай ащырақ айтқанын өзімше түсінгенім: әкесін өлтірген адамды ешкімде алмасы анық. Оның құны да өлшеусіз. Сондықтан әкесін өлтірген адfмның баласын апиынға үйретіп, аздырып-тоздырып, тұқымын жойып жібермекші. Бұл ата-бабаларымыздың ескерту үшін айтқан сөзі сияқты. Қазақстанда нашақорлық тарату ісінің кеңірек етек алуына жағдай жасайтын немесе сол іске тікелей қатынасы барлардың балалары бар ма екен деп ойлаймын. Бар болса сақтандыру ретінде айтқан бабаларымыздың «ащы дауысын» естісе деймін. Баласының болашағы – елінің болашағы емес пе?! Сондықтан мұндай жолдан аулақ болу керек. Өзің ғана емес, өзіңнің жолдас-жораларыңды да аулақтату парызымыз екенін ұмытпағанымыз абзал.



Жас, бойында күш-қуаты мол адам ғана пайда келтіреді. Ауру, нашақор, маскүнем жандар ешкімге де керек емесі аян. Сондықтан да аз ғұмырды өзіңе де, өзгеге де пайдаң тиетіндей етіп өткізу керек.



Нашақор, маскүнем жандар – отбасы мен сол қоғамда өмір кешіп отырған есті адамдар қателігі деп білемін. Көптеген отбасы ата-аналары осындай жаман қылықтарға салынып, өз өмірін жалғастырушы ұрпағына көңіл бөлмей, оларды аздырып отыр. Қоғам оларды ерте анықтап, оның ұрпағының азбауына жол бермеуі керек болса да, ол міндетті әлі де болса дұрыс атқара алмай отыр деп ойлаймын.



Адам барлық жағынан толық қамтылған болса, қорғалған болса бұл сияқты жандар болмас еді. Әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне де байланысты.



Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық.. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.



Нашақорлық, қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күресек, алынбас қамал жоқ.



Ашық аспанымызға қара бұлт төңірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.



Біз салауатты өмір салтын қалаймыз.



Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналысып, зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.



Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз... Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын барлықтарыңызды!



Салауатты өмір салты – біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне батырмайтық, нашақорлық-тұңғиық түбі.



«Өмір» атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік достар!


Скачать

Рекомендуемые курсы ПК и ППК для Вас