СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Таңертеңгілік жаттығулар топтамасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортаңғы  топ балаларына арналған таңертеңгілік жаттығулар топтамасы.

Просмотр содержимого документа
«Таңертеңгілік жаттығулар топтамасы.»



ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУЛАР ТОПТАМАСЫ


Ортаңғы топтарға арналған


Қыркүйек

1.Тізбекте қатарымен тұру және жүру. Аяқ ұшымен жүру, қолды белге ұстау.

2.Жеңіл аяқ ұшымен жүгіру.

3.Жүру және звеноға бөлініп тұру.

4.Б.қ. қолды белге ұстау, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, жоғары көтеру, аяқ ұшымен тұру, қолды жанда ұстау, б.қ. 7-8 рет қайталау.

5.Б.қ. қолды желкеде саусақты айқастырып ұстап, аяқ арасын алшақ ашып тұру, кеудені оң жаққа бұру, қолды екі жанда ұстау, б.қ. келу, сол жақта қайталау 8 рет.

6.Б.қ. қолды төмен түсіріп, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, оң аяққа еңкейіп, қолды аяқ ұшына тигізу, б.қ. келу, сол жақта қайталау.

7.Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып, қолды белге қойып тұру. Қолды алға созып отыру, тұру, б.қ. келу, 6-8 рет қ.

8.Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, оң аяқты жанға, қолды жанға ұстау, оң қолды төмен түсіру, сол қолды жоғары көтеру, екі қолды да жанға ұстау, оң аяқты қосып, б.қ. келу, сол жақта қайталау 8 рет.

9.Б.қ. аяқ ұшын ашып, өкшені қосып қолды белде ұстап тұру. Оң аяқты алға созып, аяқ ұшын қою жанға, артқа созу, б.қ. келу, сол жақта қайталау 6-8 рет.

10.Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, секіріп аяқ арасын ашу, қолды жанға ұстау секіріп аяқ арасын қосу, б.қ. келу, 6-8 рет.

11.Колоннада бір қатармен жүру.












Қыркүйек


1.Колоннада қатармен жүру, заттар арасынан (кубиктер арасынан) жүру, аяқ ұшымен жүру, жүгіру.

2.Звеноға бөліну.

3.Б.қ. аяқты алшақ ұстап тұру, колдағы таяқшаның екі жақ шетінен ұстап төмен түсіріп тұру.

4.Б.қ. аяқты ашып тұру, таяқшаны кеудеде шынтақты бүгіп ұстау, колды алға созу, таяқшамен жанға иілу, алға созу, б.қ келу. Сол жақта қайталау 6-8 рет.

5.Б.қ. аяқ арасын ашып, таяқшаны төмен түсіріп тұру, таяқшаны алға созу, еңкейіп аяқ ұшына тигізу, б.қ. келу, 6-8 рет қайталау.

6.Б.қ. таяқшаны тік қойып бір басын еденге екінші басын қолмен ұстап тұру. Өкшені қосып аяқ ұшына ашып тұру. Таяқшағы сүйеніп отыру, б.қ келу. 6-8 рет.

7.Б.қ. таяқшаны жерге қою, аяқты қосып қолды белде ұстап тұру. Таяқшадан секіріп алға, артқа қос аяқтап отыру.

8.Б.қ. таяқшаны тік қойып оң қолымен таяқшаның жоғары жағынан ұстап, таяқшаны айнала жүгіру сол жақта қайталау 6-8 рет.

9.Колоннада жүру, жай жүру, алшақ қадым жасап жүру.


Қазан.


1.Колоннада бір қатармен жүру, басып жүру, кібіртіктеп жүру.

2.Жеңіл жүру. Аяқ ұшымен жүгіру. Шашырап жүгіру.

3.Звеноға бөліну.

4.Б.қ. қолына жанын түсіріп тұру, қолды алға-артқа тербеу, 4-5 р. к. тербеген соң қолды жанынан жоғары көтеру, қол ұшына қарау. Қолды жайлап түсіру, б.қ. келу. 6-8 р. қ.

5.Б.қ қолды жанда түсіріп тұру, аяқ арасын ашып ұстау. Алға еңкею, қолды оңға-солға сермеп тербету, тік тұру, б.қ. келу 6-8 р.қ.

6.Б.қ. аяқ арасын ашып тұру, қолды кеуде тұста ұстау, он жаққа иілу, сол қолды шынтақтан бүгіп төмен түсіру, б.қ. келу. Сол жаққа иілу 6-8 рет қайталау.

7.Б.қ. аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды төмен түсіру, тұру, қолды алға созу. Оң аяқты оң қолға, сол аяқты сол қолға тигізу, б.қ. келу 6-8 рет қ.

8.Б.қ. шалқасынан жату, аяқты созып жату, қол жанда, аяқты жоғары көтеру, тізені бүгіп, велосипед айдап келеміз деп аяқты қимылдату, б.қ. келу 6-8 рет.

9.Б.қ. қолды белде ұстау, аяқты қосып тұру, доптар секіруде екі аяқпен бір орында тұрып секектеу.

10.Колоннада бір қатармен жүру.

Қазан



1.Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырап жүгіру.

2.Жүру, звеноға бөліну.

3.Б.қ. қолды жанына түсіріп тұру, аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды жанынан жоғары көтеру, керілу, б.қ. келу 6-8 рет қ.

4.Б.қ. аяқ арасын сәл ашып, қолды түсіріп тұру, «Маятник» кеудені кезектестіріп солға, оңға иілу, әр жанға 3-4 рет қ.

5.Б.қ. аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолдың саусақтарын айқастырып, бастан жоғары ұстау. «Ағаш жару» - жылдам алға еңкею, қолды алға, төмен сермеу, б.қ. келу. 6-8 рет қ.

6.Б.қ. еденде тізені бүгіп отыру, қолды артқа тіреп отыру, аяқты алға созу, жоғары көтеру, түсіріп алға созу, б.қ. келу, 6-8 рет қ.

7.Бір орында тұрып немесе шашырап секіру.

8.жұптасып жүру.




Қараша


1.Колоннада бір қатармен жүру және жүгіру.

2.Звеноға бөлініп тұру.

3.Б.қ. аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды жанға түсіріп тұру, оң қолда доп. Оң қолды жоғары көтеру, сол қолды жоғары көтеру, допты оңнан солға, сол қолдан оң қолға ауыстырып, б.қ. келу 6-8 рет қ.

4.Б.қ. аяқты қосып қолды төмен түсіріп тұру. Оң аяқты жанға қою, оңға бұрылу, допты оң жақ еденге ұрып, қос қолмен қағып алу, б.қ. оралу, сол жақта орындау 6-8 рет қ.

5.Б.қ. арасы ашық доп оң қолда. Алға-төмен еңкею, оң қолдағы допты сол қолға, сол аяқ артымен беру. Б.қ. келу, сол келесі жақта қайталау 6-8 рет.

6.Аяқты алшақ ашып тұру, доп оң қолда, отыру допты жерге ұрыпқағып алу, тұру, б.қ. келу. Сол жақта қайталау 6-8 рет қ.

7.Б.қ. тізерлеп өкше үстіне отыру, доп оң қолда, еңкею допты өзінен түзу домалату, б.қ. келу, сол жақта қайталау 4 рет.

8.Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып допты жерге қойып тұру. Доп жанында, қос аяқтап секіру.

9.Жүру, жүгіру.






Қараша



1.Бір тізбекте жүру, аяқ ұшымен, өкшемен аяқтың іші қырымен жүру.

2.Тізені жоғары көтеріп жүгіру.

3.Звеноға бөлініп тұру.

4.Б.қ. өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру, қолды белге ұстау, оңға қарай бір қадым жасау, қолды жанынан жоғары көтеру, б.қ. келу, осылай сол жақта қайталау, әр жақта 3-4 рет қ.

5.Б.қ. аяқ арасын алшақ ұстап қолды белде ұстап тұру.

6.Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды белде ұстау, отыру, қолды алда ұстау, б.қ. келу, 6-8 рет қ.

7.Б.қ. аяқты қосып отыру, қолды артта ұстап тіреп отыру.

8.Б.қ. тізерлеп қолды белден ұстап тұру, кеудені бұру, оң қолмен сол өкшені ұстау, б.қ. келу, келесі жақта қайталау 3-4 рет.

9.Б.қ. шалқасынан жату, қолды бастан жоғары ұстау, оң аяқты көтеру аяқ ұшын тигізу сол жақта қайталау, 8 рет.

10.Б.қ. қолды белде ұстап тұру. Бір аяқпен секіру екі аяқты алмастырып секіру, қос аяқтап секіру.






Желтоқсан



1.Бір тізбекте жүру, тәрбиешінің белгісі бойынша бағытты өзгертіп отыру.

2.Звеноға бөлініп тұру.

3.Б.қ. түзу тұру, қолды түсіріп, оң қолға қапшықты ұстап тұру, қолды жаннан жоғары көтеру, оң қолдан, сол қолға қапшықты ауыстыру қолға қарау, б.қ. келу.

4.Б.қ. молда соқынып отыру, капшық алда, еденге қою. Оңға бұрылып қапшықты артына жасырып қою. Б.қ. келу, сол жаққа бұрылып қапшықты алдына қою 6-8 рет қ.

5.Б.қ. аяқты алшақ ұстап тұру, қолды төмен түсіріп тұру. Алға төмен еңкею, қапшықты алға қою, б.қ. келу 6-8 рет қ.

6.Б.қ. шалқасынан жату, оң тізені бүгіп, кеудеге жақындату, аяқ астынан қапшықты бір қолдан екіншісіне ауыстыру, б.қ. оралып, 6-8 рет қ.

7.Б.қ. орында тұрып секіру. Тізені жоғары көтеріп тұру.


Желтоқсан



1.Тізбекте жұптасып жүру, жүгіру.

2.Звеноға бөлініп тұру.

3.Б.қ. аяқты қосып тұру, қолмен құрсауды төменде ұстап тұру, құрсауды алға, жоғары, вертикальды, алда ұстау. Б.қ. оралу, 6-8 рет қ.

4.Б.қ. аяқ арасын алшақ ашып тұру, құрсауды төмен ұстау. Кеудені оңға бұру, құрсауды алда ұстау, б.қ. сол жаққа бұрылу, 6-8 рет қайталау.

5.Б.қ. тізерлеп тұру, құрсау алда кеуде тұсында, құрсауды жоғары көтеру, оңға бұрылу, қолды түзу ұстау, құрсауды алда тік ұстау. Б.қ. келу, сол жақта қайталау 6-8 рет қ.

6.Б.қ. өкшені қосып, аяқ ұшын тік ұстап тұру. Құрсауды еденге тигізіп тұру.

7.Отыру, қолды құрсаумен алға созып бел тұсында ұстау, б.қ. келу. 6-8 рет.

8.Аяқ арасын ашып отыру, құрсауды алып шынтақты бүгіп ұстап тұру. Алға еңкею аяқ арасындағы ашық еденге құрсауды тигізу, б.қ. келу 6-8 рет қ.

9.Б.қ. аяқты қосып тұру, құрсауды еденге қою. Құрсауды айнала секіру.

10.Бір тізбекте жүру.






















Қантар

1.Жұптасып тізбекте жүру, жүгіру.

2.Звеноға бөлініп тұру.

3.Б.қ. аяқ ұшын ашып, өкшені қосып тұру. Қолды жанынан жоғары оң қолға кішкентай допты ұстап тұру. Қолды жанынан жоғары көтеру, оң қолдан сол қолға допты алмастыру. Қолды жанынан төмен түсіру. 6-8 р. т.

4. Б. Қ. Аяқ арасын алшақ ашып тұру, доп оң қолда. Оң аяқты тізеден бүгіп көтеру, аяқ астынан допты оң қолдан сол қолға алмастыру. Б.қ . келу, сол жақта орындау 6 р.қ.

5. Б.қ. аяқты алшақ ашып тұру, доп оң қолда, қолды алға созып отыру, бір қолдан екінші қолға алмастыру, 5-6 р.қ.

6. Б.қ. тізерлеп өкшеге отыру, доп оң қолда. Допты жермен өзінен ары қарай домалату, б.қ. келу, 6-8 р.қ

7. Б.қ. аяқты қосып, созып, жіберіп отыру. Доп аяқ арасында қысылып ұсталған, қолды артқа тіреп ұстау, түзу аяқта допты түсіріп алмай жоғары көтеру, б.қ. келу, 6-8 р.қ.

8. Аяқты қосып, допты қос қолмен төмен ұстап тұру, жоғары лақтырып қағып алу. 6-8 р.қ.

9. Б.қ. доп оң қолда. Аяқты қосып тұру. Оң және сол аяқпен секіру оңға солға тәрбиешінің санауымен бұрылып секіру.

10. Жүру. Майда қадамдап жүру.

Бір айдың 1-2 аптасында демалыс берілетіндігінен гимнастика комплексінің біреуі ғана жоспарланады.



Ақпан


1. Тізбекте бір қатармен жүру. Бастаушыны алмастыра отырып жүру.

2. Бастаушыны алмастыра отырп жүру.

3. Звеноға бөліну.

4. Б.қ. аяқты алшақ ұстап тұру, құрсауды оң қолда ұстау. Құрсауды алда, артта ұстау, алға қолдан-қолға алмастыру. 4-5 р.қ.

5. Б.қ. құрсауды кеуде тұстан шынтақты бүгіп ұстау. Өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру. Отыру, құрсауды алға созу, 5-6 р.қ.

6. Б.қ. аяқты алшақ ұстап тұру, құрсауды төмен ұстау. Құрсауды жоғары көтеру, оңға бұрылу, қолды түзу ұстау.

7. Б.қ. оралу, сол жақта қайталау 6-7 рет.

8. Құрсауды еденге қою. Қолды белде ұстау. Құрсауды айнала секіру. Б.қ. келу, қарама-қарсы бағытта секіру, 3-4 р.қ.

9. Оң қолмен құрсауды тігімен ұстап тұру, құрсау ішімен отырып өту, б.қ. келу, 6-8 р.қ.

10. Бір қатарда жүру

Ақпан

1 Бір колоннада жүру. Жүру бағытын тәрбиешінің белгісіне сәйкес өзгертіп отырып жүру.

2.Жүгіру. Өкшемен, аяқ ұшымен жүгіру.

3. Звеноға бөлініп тұру.

4.Б.қ. отыру үлен доп қолда төмен түсіріліп отырып тұру, допты жоғары көтеру, оң аяқты аяқ ұшын артқа қойып еденге тигізу. Б,қ, келу сол жақта қайталау 3-4 р.қ.

5. Б.қ. аяқ арасын алшақ ашып тұру. Допты қос қолмен ұстап төмен түсіріп тұру. Допты алға ұстау қолды түзу ұстап кеудені жанға бұру, алда ұстау. Б.қ. оралу, келесі жақта қайталау.

6. Б.қ. аяқты алшақ ашып тұру, қос қолмен допты төмен ұстап тұру, алға еңкею. Бір аяқтан екінші аяққа допты дөңгелету, б.қ. келу, 6-8 р.қ.

7. Б.қ. допты қос қолмен төмен ұстап тұру. Өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру. Допты жоғары көтеріп түру. Оң жаққа еңкею, оң аяқты жанға қою, түзу түру, б.қ. келу, сол жақта қайталау 6-8 рет.

8. Б.қ. аяқты созып отыру, допты аяқ арасына қысып ұстау, қолды артқа тіреп отыру, аяқты жоғары көтеру, оңға бұру, тік ұстау б.қ. келу, аяқты жоғары тік көтеру, солға бұру. Б.қ.келу 3-4 р.қ.

9. Допты жерге қою. Доп арасында секіру.

Наурыз

1.Бір қатарда жүру, шашырап жүгіру.

2.Звеноға бөлініп орындық үстіне отыру.

3. Б.қ. тізені бүгіп орындық үстінде, қолды белге қойып отыру. Қолды жанға созу, жоғары көтеру, қолды жанға, б.қ. келу 6-8 р.қ.

4. Б.қ. 3-тегідей қолды жанға созу оң жанға иілу, қолмен еденге аяқ ұшын ұстау, б.қ. келу, сол жақта қайталау 6-8 р.қ.

5. Б.қ. орындық үстіне отырып, аяқты алға созып, қолды желкед ұстап отыру, қолды жанға созу, оңға,жанға, алға еңкею б.қ. келу сол жақта орындау 6-8 р.қ.

6. Б.қ. орындық алдында тұру. Оң аяқты орындық үстіне қою, сол аяқты скамейка үстіне қою. Оң аяқпен орындықтан түсу, 6-8 рет қайталау.

7. Орындық арқасын беріп отыру. Орындықтың үстінгі жағынан ұстап отыру, аяқты тік алға, жоғары көтеру. Б.қ. келу.

8. Орындыққа жанымен тұру, қолды жанға түсіріп тұру. Орындық жанында секіру. Алға жүріп секіру, артқа жүріп секіру.

9. Бір қатарда орындықты айналып жүру, жүгіру.

Бұл айдың соңында демалыс берілетіндігінен гимнастика комплексі біреу ғана жоспарланады.



Сәуір

1.Кубиктер арасынан жүру, жүгіру.

2.Звеноға бөліну.

3. Б.қ. өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру. Таяқшаны төменде ұстау. Таяқшаны жоғары көтеру.

4. Б.қ. аяқ арасын ашып тұру, таяқшаны төмен түсіріп тұру. Таяқшаны жоғары көтеру, оңға бұрылу, қолды тік ұстау б.қ. келу сол жақта қайталау.

5. Б.қ. өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру, таяқшаны төмен түсіріп тұру, таяқшаны алға созып отыру, б.қ. келу, 6-8 рет қайталау.

6. Б.қ. таяқшаны артта түсіріп тұру. Аяқ өкшесін қосылған, аяқ ұшы ашық. Алға еңкею, таяқшаны артқа, жоғары көтеру, б.қ. келу, 5-6 рет қайталау.

7. Б.қ. аяқты ашып отыру, таяқшаны желкеге қою, таяқшаны жоғары көтеру, алға еңкею,таяқшаны аяқ ұшына тигізу, б.қ. оралу, 5-6 р.қ.

8. Б.қ. аяқты қосып тұру, таяқшаны түсіріп тұру. Секіріп аяқты ашу, таяқшаны жоғары көтеру. Таяқшаны төмен түсіру, секіріп аяқты қосу.

9. Б.қ. таяқшаны кеудеге ұстау. Оң аяқ ұшын жанға қою. Таяқшаны жоғары көтеру, б.қ. келу, сол жақта қайталау.

10. Колоннада жүру.


Сәуір

1. Тізбекте жүру, аяқ ұшынан өкшеге қарай

басып жүру.

2. Звеноға бөлініп тұру.

3. Б.қ. аяқты қосып, жіптің екі ұшынан ұстап,

қолды төмен түсіріп тұру. Жіпті керіп

жоғары көтеру, алда ұстау, төмен түсіру. 6-8 р.қ.

4. Б.қ. аяқты қосып, қолды төмен түсіріп тұру,

қолды жоғары көтеріп артқа шалқаю,

б.қ. келу 3-4 р.қ. сол жақта қайталау.

5. Отыру. Қолды алда, жіпті керіп ұстау,

алға еңкею,оң аяққа тигізу,б.қ. келу сол

жақта қайталау.

6. Тізерлеп отыру, жіп кеудеде, қолды

жоғары көтеріп оңға бұрылу, б.қ. келу сол

жақта қайталау. 3-4 р.қ.

7. Б.қ. аяқты қосып тұру. Қолды төмен ұстау

жіпті алға созып отыру, тұру, б.қ. келу.






Мамыр


1. Тізбекте тұру.

2. Жанамалап жүгіру «талап» қимылын жасау.

3. Звеноға бөліну.

4. Б.қ. құрсауды оң қолда ұстау, аяқты қосып тұру.

Құрсауды серпіп артқа, алға әкелу, сол жақта

қайталау 3-4 р.қ. әр жанда.

5. Б.қ. құрсауды алда ұстау, аяқтың арасын алшақ

ашып тұру. Құрсауды шынтақты бүкпей жоғары

көтеру. Құрсауды шынтақты бүкпей аяқ арасына

еденге қою. Б.қ. оралу. Еңкейіп құрсауды алу,

жоғары көтеру б.қ. оралу 6-8 р.қ.

6. Б.қ. отыру, құрсауды алда ұстау. Құрсауды

кеудеге жақын ұстау, оң жаққа бұрылып, солға

созып ұстау.б.қ. оралу, сол жақта қайталау.

7. Б.қ. аяқты қосып тұру. Құрсауды еденге қою.

Құрсауда секіру, құрсаудан сыртқа секіру.

8. Б.қ. құрсауды алға тігінен қойып жоғары жағынан

екі қолмен ұстау. Оң аяқты артқа, аяқ ұшынан

еденге тигізу, сол жақта қайталау 6-8 рет.

9. Жай жүру.


Мамыр

1. Өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру.

2. Қолын екі жанында ұстап сермеу.

Шынтақты бүгу, жұдырықты түйіп ұстау.

3. Екі өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру.

Қолды белде ұстау, оң аяқты сол аяқ

басына тигізу.б.қ. оралу, сол жақта 3-4 р.қ.

4. Б.қ. аяқ арасынан алшақ ұстау, қолды екі жанға созып тұру. Алға еңкею, сол саусақтарын еденге тигізу, 6-7 р.қ.

5. Б.қ. шалқасынан жату, аяқ арасын қосып қою,

екі жанда. Аяқты көтеру, аяқ арасын ашу,

аяқты қосу. б.қ. келу, 6-7 р.қ.

6. Б.қ. шалқасынан аяқты қосып, созып жату.

Оң аяқты тізесін бүгіп кеудесіне әкелу,

қолмен жапсыра құшақтау, б.қ. келу, сол

жақта қайталау.

7. Б.қ. малдас құрып отыру, қол белде оңға

кеудені бұру, қолды оң жаққа созу, б.қ.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!