Тақырыбы: «Қай вагонға мінемін?»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылық: Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: жоғары-төмен, алысжақын, ажырата білуді үйрету
Оқыту:3 көлеміндегі заттарды санауға, қорытынды санын айтуға (мысалы: барлығы 3 доп)үйрету.
Просмотр содержимого документа
«Таным ҚМҰҚ " Қай вагонға мінемін?"»
Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні: 12.02.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Көліктер»
Тақырыбы: «Қай вагонға мінемін?»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылық: Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: жоғары-төмен, алысжақын, ажырата білуді үйрету
Оқыту:3 көлеміндегі заттарды санауға, қорытынды санын айтуға (мысалы: барлығы 3 доп)үйрету.
Оқыту: Балалардың мерекелік көңіл күйлерін көтере отырып жаттату
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
Дос болайық бәріміз,
Әрқашан дос,біргеміз
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
2.Негізгі бөлімі: Тәрбиеші балаларға аюлардың қонаққа келгендігін айтады. Аюлар көп екен Қазір қанша екендігін санап білейік (солдан оңға) 1-2-3 Үшбұрыштың 3 бұрышы бар екендігін айту.
Үш аю екен. Бүгін, балалар біз осы 3 саны мен сан белгісімен танысамыз. Балаларға 3 санына байланысты мысалдар айтқызу.
Салыстыру: 2 және 2; 2 және 3;
2 және 1; 3 және 3; 1және 1; 1 және 3 (тең, тең емес)
Сергіту сәтін өткізу:
Буратино созылды
Бір еңкейді, екі еңкейді,
үш еңкейді.
Қолын жанға созды
Жүрді, жүрді, жүрді
Заттардың енін салыстыру
Д/о «Не қайда тұр?»
3.Қорытынды: Топқа келген қонақтармен қоштастыру. Үлкен аю қай вагонға мінеді?Ортаңғы аю қайсысына мінеді? Ал ең кішкентай аю қайсы вагонға мінеді? Сұрақтар қою. Балаларды мадақтау