Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні: 14.02.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Көліктер»
Тақырыбы: « Көлік түрлері. Жүргізушінің еңбегі»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Жүргізушінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жолда жүргенде жол ережесін сақтап жүруге дағдыландыру.
Оқыту: Балаларды жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
Дос болайық бәріміз,
Әрқашан дос,біргеміз
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
2.Негізгі бөлімі: -Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қалдарын қалай?Бізге бүгін қонақтар келіпті қонақтармен амандасып алайық.
Есікті тоқылдатып Дымбілмес кіреді.
Дымбілмес:
-Сәлеметсізбе,апай!Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендерге көмек сұрай келдім.Мен және аулада достарыммен ойнап жүріп көлік түрлерін ажырата алмадым.Олар мені мазақ қылды. Сол үшін сендерге келдім.Маған көлік түрлерін ажыратуға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:
-Балалар,көмектесеміз бе?
Дымбілмес балалар жанына отырады.
Тәрбиеші:
-Адамға көлік не үшін керек?Қандай көлік түрлері бар?
-Ертеде адамдар алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен жеткен?
-Дұрыс айтасыңдар.Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және оларға жегілген екі дөңгелегі бар арбалармен қатынасқан.Кейінірек адамдар двигательді ойлап тапты.Уақыт өте келе көліктің сырт көрінісі өзгеріп,двигателінің қуаты арта түсті.
-Қалай ойлайсыңдар көлік қозғалысына қарай неше түрге бөлінеді?
-Өте дұрыс.Көлік әрқалай қозғалады.Суда кеме,қайық жүзеді.
Жерде жедел жәрдем,өрт сөндіруші көлігі,экскаватор,автобус,қар күрейтін машина,бульдозер т.б көліктер жүреді.
Темір жолмен-трамвай,поезд жүреді.
Ауамен ұшақ,тікұшақ,әуе шары,зымыран ұшады.
Көлік түрлері әртүрлі мақсатта қолданылады.Бірі жүк тасыса,екіншісі-адам тасиды.
(Слайд арқылы көрсетіледі).
-Әр көлік түрінде әр түрлі мамандар жұмыс істейді.Сендер атап бересіңдер ме?
-Өте жақсы,балалар!
-Балалар,Дымбілмес біз шаршаған шығармызСергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті: «Жолың болсын!»
-Ал балалар,Дымбілмес менімен ойын ойнағыларын келе ме?
-Онда «Дауысынан тап»ойынын ойнайық.
Үнтаспадан көлік түрлерінің(пойыздың гудогі,ұшақтың,кеменің,жылқының,тікұшақтың,мотоциклдің) дыбыстары естіледі.Балалар қандай дыбыс естігендерін қайталап,қандай көлік түрінің дыбысы екендігін табады.
-Дымбілмес ,балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Жұмбақ шешуін табасыңдар ма?
Сөйлеуді ол білмейді
Бірақта тоқта,жүр дейді.Ол не?
-Дұрыс.Балалар,қалай ойлайсыңдар бағдаршам не үшін керек?
-Дұрыс .Бағдаршамның неше көзі бар?Бағдаршамның көздерінің қызметтерін айтып беріңдерші.
-Өте дұрыс ,балалар.Мен сендерге бағдаршамның тарихын айтып бергім келіптұр.Дүниеде ең бірінші бағдаршам 10 желтоқсан 1868 жылы Лондон қаласында Британ парламентінің алдында орналасқан екен.Ол газбен қолдылатын болған.Уақыт өте келе қазіргі заманғы бағдаршам жасалынып шықты.
-Ал қазір мен сендермен «Бағдаршам» ойының ойнағым келіп тұр.
Дидактиалық ойын: «Сипатта»
3.Қорытынды:
-Ал Дымбілмес көрдіңбе біздің балалар қандай ақылды екендерің.Біз саған көмектестік деп ойлаймыз.Сен енді күнделікті бізің топқа келіп тұр. Дымбілмес:Иә,балалар сендер маған көп көмектестіңдер.Енді мен көлік түрлерін ажырата аламын және жол ережесін білемін.Сендерге көп рахмет.Менің сендерге арналған сыйлығым бар.мен ертен тағы келемін.Сау болыңдар!