Танымдық процестер
Танымдық процестер:
Түйсік
Қабылдау
Елестету
Ойлау
Сөйлеу
Зейін
Интелект
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оньщ алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.
- Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т. б. қасиеттерi тұтас күйiнде бейнеленедi. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда бiздiң анализаторларымызға оның қызыл түсi, хош иiсi, тәттi дәмi т. б. осындай қасиеттерi бiр мезгiлде әсер етедi де, миымызда тұтас зат бейнесi пайда болады.
қабылдау — түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.
ойлау
Ойлану, ойлау – оқытудың бір түрі. Оның түсінігі бойынша - бұл жаңа білім алу, келісімді және таза ғана адамның тәжірибеден негіз алып өзін байыту.
Ойлаудағы қабілеттілік
Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді
А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады.
Дж.Гилфордтың пікірі бойынша, ойлау өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:
- өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;
- семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілетімен;
- бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;
- семантикалық спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілетімен.
Ойлау операциялары.
салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;
талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;
синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;
- абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;
-нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.
- Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Адамның зейіні ырықты зейін , ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады .
Интеллект
- Интеллект ( лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
- Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
- оқуға деген қабілеттілік;
- қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Интеллект функциялары:
- оқуға деген қабілеттілік;
- қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
- абстрактылы интеллект,
- ересектер зияты,
- нақты интеллект,
- кристалданғая интеллект,
- қарапайым интеллект,
- жануарлардың зияты,
- жасанды интеллект.
Жасанды интеллект
- Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе. Яғни, адамның логикалық ойлау қаблетін әртүрлі машиналарда іске асыру, оларды дербес ойлай алатын ету дегенге саяды. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған.
Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді: Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады, оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу, ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды. Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс-әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.
Елестету
- Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс . Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың патологиялық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді.
- Белсенді елестету шығармашылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі.