СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Таныс пішіндер доминосы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

кіші жас топ. "Таныс пішіндер доминосы"

Просмотр содержимого документа
«"Таныс пішіндер доминосы"»

Кіші жас «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Таныс пішіндер доминосы

Өтпелі тақырып: Мен және қоршаған орта

Мақсаттары

Тәрбиелік: Ой-қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту

Дамытушылық: Пішіндер туралы түсініктерін кеңейту, түстерді ажырату, сандарды қайталау

Оқыту: Көп заттың ішінен біреуін тандауға үйрету

Педагогикалық технологиялар: Сұрақ-жауап,ойын, құрастыру, жұмбақ шешу, слайдпен жұмыс.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Фребельдің дидактикалық материалдары, слайд, интерактивті тақта

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезең: Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз.

Барлығына ізетпен Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсіздер ме! Мен математика әлемінен келген сиқырлы пойызбын. Менің вагондарымда сендерге арналған көңілді пішіндер бар. Кәне, соларды тамашалап өткен оқу іс-әректіміздегі танысқан пішіндерді есімізге түсірейікші.

Мынау:

- Шаршы - қызыл шаршы; - шеңбер - сары шеңбер;

- үшбұрыш – көк үшбұрыш;- тіктөртбұрыш – жасыл тіктөртбұрыш;

- жұлдыз – күлгін жұлдызша.

ІІ кезең:

Балалар пішіндерді мен сендерге сыйға тартамын. Ол пішіндермен бірге сендерге арналған тапсырмалар мен ойындарым бар. Сендерге шығармашылық табыс тілеймін!

Тәрбиеші:Балалар сиқырлы пойыздың берген сыйлығын ашып көреміз ба?

- Ой, қандай керемет сыйлықтар. Мынау тапсырмалары мен ойындары екен.

Ойын: «Кандай пішін жетіспейді?». Шарты: берілген пішіндерді мұқият қарап алған соң балалар көзін жұмып, жүргізуші бір пішінді жасырады. Сәлден соң балалар көзін ашып қай пішін жетіспейтінін анықтауы керек.

Сергіту сәті: Видео арқылы қимыл – қозғалыстар жасалады.

Дидактикалық ойын: «Таныс пішіндер доминосы»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.

Қорытынды:

Балалардың жұмысын бағалау. Мадақтау.