«Тапқыр математик» математикалық сайыс
Тақырыбы: «Тапқыр математик» математикалық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: Жарыс сабақ
Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер
Сайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Жүргізуші1: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Жүргізуші2:
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
“Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз
Жүргізуші1: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Жүргізуші2: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Жүргізуші1:Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:
1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)
2 «Кім жылдам?»
3. «Ойлан, тап!»
4. «Сандар сыры»,
5. «Сандар сөйлейді»
6. Полиглот
7. Жанкүйерлер сайысы
8. «Бәйге»
Жүргізуші2:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:
Жүргізуші2 Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық». Әр топ өзін таныстырады.
5 «а» тобы
Тобымыз – Жүйріктер, топ басшымыз; _____________
Біздің ұран: « Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»
6 «а» тобы
Тобымыз– Алғырлар, топ басшымыз; _____________
Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
Жүргізуші1
2 кезең «Кім жылдам»
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық. Әр топ мүшелеріне сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)
120 минут неше сағатқа тең?(2 сағат)
Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат)
3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3мин)
1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
6 . Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5 кг)
7. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
8. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста? - (8)
9. 1 минутта неше сағат бар? (1/60)
10. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
11. Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
12. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
13. Бұрыш өлшейтін құрал? (транспортир)
14. 9 дан 100ге дейінгі сандар да қанша 9 саны кездеседі? (20 рет)
Жүргізуші2
3 кезең «Ойлан, тап!»
(әр топқа логикалық тапсырмалар беру )-Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
І топқа: 1)«Үй иесі мен ұрылар»
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге Бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.-Сонда нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры)
2) «Күлшеқыз»
Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)
ІІ топқа: «Шаштараз »
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
2) «Бір мая шөп»
Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? (Жарты айдың ішінде)
Жүргізуші1
4 кезең «Сандар сыры»
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге көшейік.
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады.
Жүргізуші 1
1) Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5) Жүз сомын болғанша, жүз досын болсын.
Жүргізуші 2
1) Бір тал кессең, он тал ек.
2) Бес саусақ бірдей емес.
3)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
4) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
5) Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді…
Жүргізуші2
5 кезең « Сандар сөйлейді» бұл кезеңде әр топ киелі сандар жайлы мағұлмат береді.
жеті күн жеті күн дүйсенбі бүгін сейсенбі ертең сәрсенбі бүрсүгүні бейсенбі кеше жұма арғыкүні сенбі азна жексенбі соңғы күн жеті жұт құрғақшылық жұрт өрт оба соғыс топан су зілзала | Үш арыс Үш дана Сәкен,Бейімбет, Абай, Шоқан Ілияс Ыбырай Үш тәтті Үш биік Ананың сүті билік Баланың күлкісі дәулет Туған жер даналық Үш қадірлі Үш қөз Ырыс су анасы-бұлақ Бақ жол анасы-тұяқ Дәулет дау анасы-құлақ |
Жеті жетім Тыңдамаған сөз жетім Киюсіз тозған боз жетім Иесіз қалған жер жетім Басшысы жоқ ел жетім. Аққу қазсыз көл жетім Жерінен айрылған ел жетім Замандасы қалмаса Бәрінен де сол жетім. |
Жүргізуші2
6 кезең. Полиглот (жұмбақ шешу керек және жауабын үш тілде айту керек.)
1. Жоқ-өзінде бас та қас та мойын да ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш.линейка.a ruller)
2. Қабат-қабат қаптама ақылың болса аттама.
(кітап.книга.book)
3. Жиырма төрт батыр бірін бірі жеп жатыр.
(дойбы.шашки. draughts, немесе checkers)
4. Нәрселерді санағанда керек ол бізге ауадай. Айтындаршы бұл қандай сан Жан жағына қарамай (натурал сан.натуралное число.real)
Жүргізуші2 Келесі кезек сынды жанкүйерлерге берейік
Бұл 7 кезең «Қызықты есептер, яғни логикалық есепке кім жүйрік?» деп аталады
Жүргізуші1. Аспанда төрт түйе құс ұшып келеді,
Аңшы бірін атып алды.Нешеуі қалды? Жауабы: түйе құс ұша алмайды.
Жүргізуші2. Су түбінде қандай тас жатпайды. Жауабы: құрғақ тас жатпайды.
Жүргізуші1. Бір топ ұшып келіп ағаштың бұтақтарына қонады. Әр бұтаққа екі құс отырса бір бұта артық қалады. Ал бір құстан отырса, бір құсқа бұтақ жетпей қалады. Бұтақ нешеу? Құс нешеу? Жауабы: Ағаш бұтасы үшеу, құстың саны төртеу.
Жүргізуші2. Қандай ыдысқа су құюға болмайды? Жауабы: Тола ыдысқа немесе тесік ыдысқа.
Жүргізуші1. Бір бос шыны ыдыс (банка) ішінде доп жатыр, банкаға қол тигізбей допты қалай алуға болады? Жауап: су құю арқылы.
Жүргізуші2 Келесі кезең
8 кезең « Бәйге» қорытынды кезең .
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына –дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді.
I тобына: Ұзындық бірліктерін ата Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді/ 9 =81 Қосу амалдарының компоненттерін ата? а= 2 см, в=4 см / тік төртбұрыш S=? /8см/ 350-150 дің айырмасынан 2 есе кем сан нешеге тең? /100/ 1м-де неше см бар /100/ 2Х+30=60 /х тің мәні нешеге тең= 15 Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды. 64 қай санның квадраты 8 Жеңіс қай күн / 9 мамыр/ 1ғасырда неше жыл /100ж/ Ең үздік баға Қай жылы тудың? Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады / мысық/ Сабағымыз нешеде басталады/ Қай мектепте оқисың? Отбасыңда қанша адам бар? | II тобына: Уақыт бірліктерін ата/ мин, са,ғат, секунд апта, тәулік/ Мыңда неше нөл бар?/3/ 10 =100 Азайтудың компонеттерін ата а=6см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см /18 см/ 750-350дің айырмасынан 3 есе артық сан =(1200) 1т неше кг бар? /1000 кг/ 4Х+40=80 /х тәі мәні нешегі теің/10/ Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді. /12 км/* 81 қай санның квадраты 9 Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/ 1 жылда неше ай бар /12 ай/ Ең нашар баға Туған күнің қай күн? Аш қарында 3 жұмыртқа жеу мүмкін бе? /жоқ/ 11 сыныпта жасың нешеде болады? 5 пен 3 –тің көбейтіндісі нешеге тең? Көбейтудің компоненттерін ата. |
Жүргізуші1:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек. Ұпай санын көп жинаған топ ----жеңімпаз атанады.
Жүргізуші2:
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән
Математика-толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.