| Сабақ тақырыбы: | Тараздың бойтұмары |
| Оқу мақсаты | 7 А4 Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау. 7.О4 Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау. |
| Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
| Жетістік критерий- лері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады. |
| Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы Тараз қаласының тарихы жайлы ақпарат бере алады. |
| Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады, сысныптастарымен сұхбаттасады. |
| Жаңа сөздер: | Бойтұмар- талисман, жаугершілік-, күмбез-купол, шайқас-битва, неке қию- заключение брака, балғын-. |
| Сабақта қолданы- латын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Көне Тараз» туралы деректі фильм, тақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер. |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Төрт сөйлем» тәсілі, диалог, ойталқы, эссе, «Шағын шолу» тәсілі. |
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. | Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады. |
| Өткен сабақты тексеру | Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І. Қызығушы- лықты ояту | Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсат- ында интерактивті тақтадан «Көне Тараз» туралы деректі фильм көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, Тараз қаласының тарихы жайлы не білесіңдер? Тараз қаласының басқа қалалардан қандай ерекшелігі бар? | Деректі фильмді көреді, сұрақтарға жауап береді. |
| ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
| | 2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сұрақтар бойынша диалог құрады. |
| | Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Диалогтегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады. |
| | 3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды. |
| | Ә) Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен белгіленген сөздерді орыс тіліндегі аудармасы- мен жазады, метафоралы тіркестерді теріп жазады. |
| | Б) Айтылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Метафоралар қолданып, диалог құрады. |
| | 4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| | 5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, ұлттық архитектураның ерекшелігі туралы түсінгенін айтады. |
| ІІІ. Ойтолғаныс | Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Қайнаркөздерді пайдаланып, Қазақстан жерінде бой көтерген ғашықтар кесенелерінің бірі туралы материал жинай- ды, тұсаукесер жасайды. |
| IV. Бекіту | А) Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Пікірталас өткізеді. |
| | Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Сөйлемдерді оқиды, талдайды. |
| V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды. |
| VII. Рефлексия | Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі. |