Тақырыбы: Арулар, аналар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар
Мақсаты: Ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, оқушылар әңгімелері, суреттер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздер, оқушылар суреттері.
Барысы: І бөлім.
Кіріспе әңгіме
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Өздеріңізге арналған «Арулар, аналар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
1-жүргізуші: Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық
2-жүргізуші
Әлпештеген баласын
Ана-бақыт, ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Ананы жырлаймын деп ақын тебіренеді. Ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойлананды. Біздің оқушылар да құр алақан емес. Оқушылар өз аналарына арнап шығарған жыр шумақтарын немесе жаттаған тақпақтарына кезек берсек.
1.Салмон:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2.Шарафжон:Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз –
Адамның
Анаға айтар лебізі.
3. Ибодулло: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай
4. Абдулваххаб: Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме Ертеңіңіз тұр күліп.
5. Мухайо:Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
6.Майсарахон: Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.дей келе Сайлауғазы Бекнұр мен Зарлықанова Аяланың орындауындағы «Ертегілер елінде»әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «өзбек биін»деп келесі кезекті Ерназарқызы Мәриямның орындауындағы «Өзбек» биін тамашалаңыздар.
7. Әділжан С. Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-
8.Махинабону: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
9.Савбон: Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана –күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын
10.Солихходжа: Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
11.Нафисабону:Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа анам ертеің - ақ
Отын болып шабам ғой
12.Гулмира.Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
1-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
2-жүргізуші: 8 наурызға арналған мерекелік іс шарамызда би де биленіп жатыр
1-жүргізуші:
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жартығын сыйлаған - анамыз емес пе?
Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.