СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тарих ғасырлар куәсі"

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шағын жинақталған мектептегі кіріктірілген сыныптар арасындағы облыстық семинар. Қазақстан тарихы пәнінен 5/7 сыныптармен өткізген сыныптан тыс жұмыс. 

Просмотр содержимого документа
«"Тарих ғасырлар куәсі"»

«Тарих- ғасырлар куәсі» сыныптан тыс жұмыс

5/7 сыныптарды тарих пәнінінен

Тақырыбы: «ТАРИХ- ҒАСЫРЛАР КУӘСІ»

Мақсаты:

Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып танымдарын арттыру және ұлы тұлғалардың ерліктерін насихатап болашаққа бағдар алады.

Түрі: интелектаулдық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен, ескерткіштердің фото суреттері, қанатты сөздер)

  1. Сайыстың барысы:

Құрметті, оқушылар. Бүгінгі сыныптан тыс тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарих-ғасырлар куәсі». Осы сыныптан тыстәрбие сағатында біз тарихтың өткені мен бүгігі күнін парақтаймыз, «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» — деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады. Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кеткен. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, ғасырлар еншісінде. Яғни осы ғибадатты кезеңдерді «Тарих-ғасырлар куәсі» атты тарихи журналымыздан парақтап көрейік.

Журналымыздан көріп отырғандай «Қазақ хандығы». Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтерген.  Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын бір жолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Музыка

Қазақ хандығы туралы көрініс.

Күй

Құрметті оқушылар Қазақ хандығы өз ханын ақ кигізге отырғызып хан көтергеннен соң қазақ хандығының ішкі сыртқы жағыдайы қандай болды және қазақ хандығынада қандай хандар хандық билікке ие болғаны туралы тапсырмалар барысында білеміз және бігенімізді ортада талқылаймыз.

Сондықтан балалар алдаыңда тұрған тапсырмалар жинағындағы тапсырмаларды брындайық.

7 сыныпта «Осылай болған» тапсырмасы.

5 сыныпта «Әріптер сөйлейді»тапсырмасы.

Журнал парақтары:

  1. Қазақ хандығы

Тапсырмасы: «Әріптер сөйлейді»

Әріптер сөйлейді:
А – Еліміздің оңтүстік астанасы: Алматы
Ә – Абылай ханның шын есімі : Әбілмансұр
Б – Астана қаласының символы : Бәйтерек
В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға : Валюта енгізілді
Г – Тарихтың атасы: Геродот
Ғ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ : Ғасыр адамы
Д – алла тарапынан берілетін әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы: Дін
Е – «Алтын адам» қайдан табылды : Есік қорғанынан
Ё – Конституцияның құрылымы : 9 тарау 98 бап
Ж – «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам : Ж.Молдағалиев
З – Сиырдың пірі : Зеңгі баба
И – Елбасымыздың мамандығы: Инженер- металлург
Й – «Алаш» сыйлығын алған жазушы, қажы: Халифа Алтай
К – Қазақтың соңғы ханы: Кенесары
Қ – Ж.баласағұнның ХІ ғ. жазған еңбегі: «Құтты Білік»
Л – кеңес үкіметінің басшысы Ленин
М – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі : Мұхтар Құл-Мұхамед
Н – Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы:Н.Тілендиев
Ң- Қазақстанның ең биік шыңы : Хантәңірі
О- Қазақстанның бірінші астанасы: Орынбор
Ө – Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы:Өскемен
П – Жоғарғы заң шығарушы орган : Парламент
Р – 1995ж «әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам: Р.Бағыланова
С – Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы : Сөк
Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел: Туркия
У – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті: Уыз
Ұ – Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс: ҰОС
Ү – Жыл мезгілін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген: Үркер
Ф – «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: фараби
Х – 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға : Халық санағы
Һ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында күресі үшін берілетін орден: Халық Қаһарманы
Ц – Астана қаласының бұрынғы атауы: Целиноград
Ч – қазақтың ұлы ақыны :Абай
Ш – аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманы:Ш.Қалдаяқов
Щ – Биыл Тәуелсіздікке неше жыл : 26 жыл
Ъ –Халықаралық тіл: Орыс тілі
Ы – Қазақтан шыққан суретші қыз: Г.Ысмаилова
І – « Көшпенділер» триллогиясының авторы: І.Есенберлин
Ь- Қазақтың ең биік тауы: Тянь-Шань
Э – Халықтардың әдет – ғұрып , салт – дәстүрін зерттейтін ғылым:Этнография
Ю – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі : Ою
Я – Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: Әлия


«Осылай болған» деп аталады.Бір қалташада сұрақтар екіншісінде жауаптары бар. Жұппен жұмыс

Оларды сәйкестендіріп,дұрыс әрі тез орындауларың керек.

1.1680 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса-көктер кіріп, бірнеше қазаққ ұлыстарын талқандады. - (Жоңғар әскерлері)

2. Жәңгір ханның ұлы 1511 жылы хан болып сайланды - (Қасым хан)

3. .Қазақ ханы «дос болып, өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт жасасты. - (Бұхар ханы ІІ Абдаллахпен)

1. Орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты - (1569-1573)

2 .Көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті күшті хан болды- (Тәуке)

3. І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады. - (1694ж Тәуке хан)

1. Әйтебидің шын есімі- (Айтық)

2. Жастық шағын Ұлытау,Қаратау атырабында өткізген -(Қазыбек Келдібекұлы)

3. Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген - (ТөлеӘлібекұлы)

  1. Тарихи ескерткіштер

«Тарихи сандық » тапсырмасында ескерткіштерді алып атауын айтады. Үш тілде. Қысқаша мәлімет береді. 5/7 сынып ескерткішпен жұмыс.


  1. 7-сынып «Шардара», 5 сынып «Жұмбақ оқиға»

«Шардара» тапсырмасы. Онда жасырынған буындарды тауып ,тарихи сөз жасау керек.

Ортақ жасырылады.

1. 1 буын-жалынның атауы; 2 буын ұшақ маркасы. Саяси партяның аты шығу керек. (ОТАН)

2. 1 буын -бір затты ұсыну сөзі; 2 буын- майдың орысша атауы

Әйелдер абақтысының аты шығады (АЛЖИР)

  1. 1 буын –қарт Адам, 2 буын-тұрғылықты жер. Отан сөзінің синонимі (АТАМЕКЕН)

  2. 1 буын-алақан түю,2 буын-жеміс-жидек ордасы Ауыз әдетиетінің жанры

  3. 1 буын- «құпияның» синонимі,2 буын-сөйлеудің түрі. (Батыр есімі.СЫРЫМ)

  4. 1 буын –үй құсы,2 буын-үйсін билеушісінің титулы Ел билеген дана (ҚАЗЫБЕК))

  5. 1 буын-жәндік,2буын-күннің түсі .Хан қолбасшы (КЕНЕСАРЫ)

  6. 1 буын-етістіктің қаратпа сөзі, 2 буын-орта жүз руы .Батыр әскербасы (ҚАРАКЕРЕЙ)

5 сынып «Жұмбақ оқиға» . Оқушылар таспаға жазлған оқиғаның шешуін табу керек.

  1. Өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп жау жағына өтеді,оларға өзіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады.Енді өзін өкпелеткендерден кегін алмақшы екенін айтады.Мақсаты:қарсыластарын қырғынға ұшырату еді.Ол бұл мақсатын жүзеге асырады.

Бұл қашан болған ,қандай оқиға ,кім туралы?

(Бз.б.521-486) (Сақ-грек Македон соғысы.Шырақтың ерлігі)

  1. Олар көрші империалар үшін өте қауіпті,қатерлі болды.Талдан тоқылған бөгеттер мен терең орлар да ,берік қамалдар да ешқандай бөгет бола алмады.Тіпті тұғыры берік әрі салуы қымбатқа түскен қорғаныс та түкке жарамай қалды.Олар Орталық Азияны ,Сібірді бағындырды.Ұлы Жібек жолына бақылау жасады.Оларға көрші халықтар алым-салық төлеп тұрды.Олар адам келбетті,арыстан жүректі болды. Рим шекарасына беттеді. Кімдер еді.

(Ғұндар)

  1. Тәуелсіз Қазақстан


Күй


Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,

Ессіздерде есем кетті қаншама,

Кездерде өтті шындық іздеп шаршаған.

Тәуелсіздік тәтті үмітім едің ғой,

Талай таңдар таңдайымда тамсаған.

Бодан болып көз ілгенмін кеше мен,

Бүгін таңда бостан болып ояндым.


Жұптарға үйге берілген тапсырма тәуелсіздік символының макеттері таныстырады.


Астана – Азияның ару қызы

Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,

Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.

Астана – Азияның жас қаласы,

Ажарын көрген адам қызығардай.


«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа,

Астана қарқын алды өсер дара.

Есілдің жағалауын жарқыратқан,

Аққудың ұясындай әсем қала.


  1. ЭКСПО

Астана – әлемдегі жаңа ғажайып

1997 жылы егеменді Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынды. Бұл шешімді қабылдауға қаланың геосаяси орналасуының маңыздылығы, Қазақстан мен Еуразия континентінің ортасында орналасуы, қажетті көлік және коммуникациялық инфрақұрылымның болуы әсер етті. Жаңа астананы таңдауда айрықша рөлді қаланың дамуы үшін бос жерлердің болуы да атқарды.

Астана - Қазақстанның маңызды мәдени және ғылыми орталығы. Мұнда Ұлттық ғылым академиясы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, қазіргі заманғы арт-галереялары, Әлеуметтік-экономикалық технологиялар орталығы, бизнес-орталықтар, су аттракциондары ашылды.

Қазақстан EXPO-2012-де

Қазақстан өзінің павильонын Бүкіл дүниежүзілік ЭКСПО әмбебап көрмесінде төртінші рет көрсетті. Қазақстанның павильоны мәдениет пен ғылымдағы, бизнес пен туризмдегі дәстүрлер мен инновацияларды ескере отырып, салынған. Павильон су тақырыбына арналды және Қазақстанның тарихы мен салт-дәстүрлері туралы, оның заманауи өмірі мен болашағы туралы баяндады.Қазақстандық павильон 6 аймақтан тұрды. Келушілер бүкіл павильон бойынша таратылған интерактивтік шоуларды көріп, қатысты. Қазақстанның павильоны Астанаға ерекше назар аударған, сол кездің өзінде ол «Болашақтың қуаты» ЭКСПО-2017-ні өткізуге үміткер-қала болған.


Видео-ролик. ЭКСПО 2017


Күй

Тілектер


  1. Еліміз елдігін көрсеттіп, ерлігін тантсын.

  2. «ЭКСПО – 2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатына сенім артамын».

  3. ЭКСПО-2017 көрмесі еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының қозғаушы күшіне айналсын.

  4. ЭКСПО көрмесі үздік мәдени және ғылыми-технологиялық жетістіктерге толы болсын.

  5. ЭКСПО нәтижесінде шыны астындағы қалаға айналсын

  6. ЭКСПО табысқа толы болсын.

  7. ЭКСПО нәтижесінде туристік жағы жақсарсын.