СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тарих сабағының ақпараттық картасы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерде бұзылысы бар оқушыларға арналған сабақтың ақпараттық картасында тарих пәніне "Қазақстан тәуелсіздік жолында" атты ашық сабақтың жоспары берілген.

Просмотр содержимого документа
«Тарих сабағының ақпараттық картасы»

Тарих сабағының ақпараттық картасы

Ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімі: 3.1 Мемлекеттің ішкі саясаты

Мектеп: «ШҚО арнайы мектеп - интернаты» КММ

Күні: 25.01.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Картенова А.М.

Сынып: 9 «б»

Қатысқаны:12

Қатыспағаны:0

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан тәуелсіздік жолында.

Бағдарлама бойынша оқу мақсаттары :

9.3.1.9 Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын білу

Сабақтың мақсаты:

1. Түзете-оқыту: тарих сабақтарында Қазақстан тарихы туралы алған білім-дағдыларын қайталау, бекіту және жалпылау.

2. Түзете-дамыту: ауызекі тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру, өз ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуге дағдыландыруды жалғастыру;

Терең ойлау, іздену, өз бетімен жұмыс жасауға қабілетін дамыту.

3. Түзете-тәрбиелік: өз Отанын, тілін, жерін сүюге тәрбиелеу. Мамандық таңдауға бейімдеу.


Күтілетін нәтиже

Оқулық мәтіні, тарихи құжаттар, карталар және безендірулермен өз бетімен жұмыс жасай алады. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Құндылықтарды қалыптастыру

Өткен тарихқа құрмет, бүгінгі күні болып жатқан оқиғаларға ортақтастық сезімдерінің қалыптасуы.

Пәнаралық байланыс

«Қоғам және құқық», ана тілі, география.


Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,ойын, көрнекілік, ақпараттық технология элементтері, рефлексия.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, компьютер.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:


Бағалау түрлері

  1. Мотивациялық-ынталандыру кезеңі















- Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар.

- Қазір қандай сабақ?

- Тарих сабағында не оқып білесіңдер?

- Тарихты білу дегеніміз не?

- Отанымыздың тарихы сендер үшін не?

- Иә, қазақ халқының тарихы терең де сан қилы, еркіндік сүйген рухы талай қасіретке душар болған, бірақ мызғымас табандылығымен, Отанына, туған жеріне деген махаббатымен ерекшеленген.

Әрбір бала Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихын қастерлейтін азамат болып жетілуі қажет. Отаныңды сүю үшін үлкен жүрек керек. Отан деп соғатын жүрек неге толы болуы керек деп ойлайсыңдар?

- Әрқайсысың бір-біріңе тамаша теңеулер айттыңдар, ал енді осының барлығы да сендердің жүректеріңде қаншалықты орын алып, Отанға деген сүйіспеншіліктерің қаншалықты екенін біз бүгінгі «Жас отантанушы» тарихи-танымдық сайысымызда байқаймыз.

Оқушылар бір-біріне «Тарих» кітабын ұсына отырып, өлең сөздерді айтады.

Соңғы сөзден кейін оқушы кітапты мұғалімге береді.




Слайдтар




  1. Ұйымдастыру-ізденушілік

Сендер 9-шы сынып оқушыларысыңдар. Сондықтанда бүгінгі сабақта өз жетістіктеріңді көрсетулерің қажет. Басты жетістіктерің – осы мектепте алған білімдерің. Сабақ барысында тарих пәнінен білімдеріңді көрсетіп қана қоймай, оларды пайдалана алатындарыңды дәлелдеулерің қажет.

Сабағымыз «Қазақстан тәуелсіздік жолында» деп аталады.

Сайысқа екі топ қатысады және де 5 кезең болады. Әр кезеңнің өз тапсырмалары мен шарттары бар.

Ойынды әзілқазылар алқасы бағалап отырады.

Бүгінгі сайысымызда компьютермен жұмыс жасаймыз. Компьютер неден тұрады, онымен жұмыс жасау ережелерін еске түсірейік.













Оқушылар компьютер құрылысын, жұмыс жасау ережелерін еске түсіріп, айтып береді.

Жаңа сабақ


-Сайысымызды бастайық:

І-кезеңіміз «Сәлем – сөздің анасы» деп аталады.

Бұл кезеңде әр топ өзін таныстырып өтуі қажет.

Топтар өздерін таныстырады.

ІІ-кезең «Жүйріктер». Бұл кезеңде 3 тапсырма болады:;

1-тапсырма – тест сұрақтары. Дұрыс жауаптың астын сызуларың қажет.

2-тапсырма – тікелей сұрақтар.

3-тапсырма – жанды сұрақ.

Жанды сұрақ – барлық оқушыларға жалпы сұрақ қойылады:

Көріністі тамашалап, ол қандай тарихи тұлға туралы және де қандай тарихи оқиғаға байланысты екенін айтып беріңдер.

Әр топ өзін таныстырады.







1-тапсырма – тест сұрақтарына

І,ІІ типология-лық топтағы оқушылар жауап береді.




Сергіту сәті

Сергіту сәті «Қара жорға».

Бейнежазба.

Сабақтың ортасы.




Жаңа сабақты бекіту.

Көрініс.

ІІІ-кезең «Тарихи көмбе» деп аталады.

Тарихты білу үшін ғалымдар көп жұмыс атқарады. Соның бірі тарихи көмберелді зерттеу. Соларға ұқсап бағып біз де қазір тарихи қазба жұмыстарын жүргізсек.

І-тапсырма – терминдік сөздің қойылмаған әрпін қойып, мағнасын түсіндіру.

2-тапсырма «Суреттер сыр шертеді» деген атау алды. Берілген суретте қандай тарихи тұлға, оқиға немесе ескерткіш бейнеленгенін айту.

ІV-кезең «Дода». 1-тапсырма – ойды аяқтауларың қажет.

Мысалы: 1. ҚР әкімшілік бөлінуі: ..... (14 облыс, 84 қала, 159 аудан)

2-тапсырма – «Мамандықтар» сөз-ойыны. Мамандық атауын суретпен сәйкестендіру.

- Балалар, болашақ мамандықты таңдау қандай іс? (Өте жауапты да маңызды іс).

- Әр адам мамандықты неге байланысты игергені дұрыс? (Өз қабілеті мен мүмкіндігіне байланысты қолынан келетін кәсіпті игергені жөн).

- Қазіргі кезеңде Қазақстан еңбек нарығында қандай мамандықтарға сұраныс жоғары? (Қарапайым жұмысшы мамандықтарына).

- Өскеменде қандай жұмысшылар қажет? (Құрылысшы, жол жөндеуші, шаштараз, даяшы).

- Жұмысшы мамандықтарын қайда игеруге болады? (Кәсіптік мектептерде)

Сөз-ойынға 3 мин.уақыт беру.

V-кезең. «Мен – жас отантанушымын». Желтоқсан оқиғасы, Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы тұрғысында «Мен – жас отантанушымын» жобасын қорғау.

Кейіпкерлер: Қалмақ ханы.

Қазбек би.

Қалмақ ханының уәзірі.



























Бұл кезеңнің тапсырмасы үй жұмысына алдын ала дайындауға тапсырылған болатын.

Сабақты қорытындылау

- Міне, барлық кезеңдердің тапсырмалары орындалды. Енді әділ қазылар алқасы бағаларды қорытындылап, ойын нәтижесін шығарады.Оларға біраз уақыт беріп, біз сендермен Отан туралы мақал-мәтелдер еске түсірейік.

Мақал-мәтелдер.

Рефлексиялық бағалау кезеңі

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, сұрақтарға жауап береді: Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?


Сабақтың соңы.

Үй тапсырмасы

Әділ қазылар алқасы ойын нәтижесін жариялап, жеңімпаз топты марапаттайды.

- Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Ұлттық тілдің, дәстүрдің тірегі – тәуелсіздік. Тәуелді ел бұл байлықтың бәрінен айырылып, бейшара болады» деген. Бұл қанатты сөзді бойымызға сіңіріп, жас жүрегімізге «Елім» деген сөзді ұялатып, елге адал қызмет етейік!



Сабақ аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет!

ІІ топ-қосымша материал дайындау;

ІІІ топ-сұрақтарға жауап беру;

ІV топ- жаңа сөздерді оқып, мағынасын түсіну (мұғалім көмегімен).































ШҚО білім басқармасының «ШҚО арнайы мектеп-интернаты» КММ













Тарих пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: «Қазақстан тәуелсіздік жолында»

9 «б» сынып













Бекітілді

ОІ жөніндегі орынбасары

Нұрбаева Р.К..___________

Мұғалім-олигофренопедагог

Картенова А.М.__________









Өскемен қаласы, 2018 жыл