СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тарихы терең, тағылымы ерен білім ұясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарих біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың  асыл қазынасы.

       Жылдармен жаңаланып, ақпараттар ағынына ілесіп, заман талабынан көрініп  жүрген  тарихы терең, тағылымы ерен білім ұяларының бірі - Шиелі кентіндегі № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп негізі 1950 жылы қазан айында қаланған. Бұл  жылдары бұрынғы  Крупская қазіргі Кәрімбаев көшесіндегі ( бұрынғы музыкалық мектеп ) ғимаратында 10 сыныптық бөлмеде оқыды. Қазіргі уақыттағы ғимарат 1968 жылы пайдалануға берілген.

          Мектеп- болашақты қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя, шәкіртке білім мен тәрбие беретін киелі орда.

Просмотр содержимого документа
«Тарихы терең, тағылымы ерен білім ұясы»

Тарихы терең, тағылымы ерен білім ұясы.

Тарих біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы.

Жылдармен жаңаланып, ақпараттар ағынына ілесіп, заман талабынан көрініп жүрген тарихы терең, тағылымы ерен білім ұяларының бірі - Шиелі кентіндегі № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп негізі 1950 жылы қазан айында қаланған. Бұл жылдары бұрынғы Крупская қазіргі Кәрімбаев көшесіндегі ( бұрынғы музыкалық мектеп ) ғимаратында 10 сыныптық бөлмеде оқыды. Қазіргі уақыттағы ғимарат 1968 жылы пайдалануға берілген.

Мектеп- болашақты қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя, шәкіртке білім мен тәрбие беретін киелі орда.

1950-1992 жылдар аралығында оқыту тілі – орыс тілі болып жұмыс жасаған білім ұясы талай шәкіртке тәлімді тәрбие беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берді. Шиелі өңірін мекен еткен түрлі ұлт өкілдері осы киелі шаңырақта білім алып, достық пен татулықтың, адалдық пен адамгершіліктің шынайы көрінісін үлгі етті.

1992-1993 жылдар аралығында орыс-қазақ мектебі болып жұмыс жасап, 1994 жылдан бастап толық қазақ мектебі болып құрылды.

2011 жылы заман талабына сай оқушыларға инновациялық білім беру ісін жүзеге асыру мақсатында №46 А.С.Пушкин атындағы мектепке аудан әкімінің өкімімен мектеп-лицей статусы берілді. Қазіргі таңда жаңа дәуірдің зор мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді ұрпақты қалыптастыру білім беру жүйесінің зор міндеті болып саналады.

Білім ордасының қалыптасып, дамуына қажырлы еңбек еткен мектеп басшылары:

1950-1957 жылдар аралығында басшылық қызмет атқарған - Цой Александр Иннокентьевич

1957-1973 жылдарда - Дигай Константин Васильевич

1973-1976 жылдары - Ким Михаил Александрович

1977-1989 жылдар аралығында Югай Николай Семенович

1990-1993 жылдары Ким Николай Дмитриевич жемісті еңбек етті.

1993-94 оқу жылынан бастап толық қазақ мектебі болып құрылған кезеңде тұңғыш мектеп директоры болып Гүлқадиша Нысанбаева қызмет атқарды. Республикалық тұңғыш «Жыл директоры-92» байқауының жүлдегері болған мектеп басшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мектептің оқу-тәрбие үдерісін жүйелі жолға қоя білді. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің озық қызметкері , Ы.Алтынсарин, М.Шоқай медальдарының иегері, филолог, педагог-зерттеуші Гүлқадиша Нысанбаеваның мектеп тарихында алар орны ерекше.

1995-1999 жылдары мектепке Сейілова Ұлтай Әуелбекқызы басшылық жасады. Бұл жылдар тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасу, өзіндік даңғыл жолын салу кезеңі болатын.Тәжірибелі, іскер басшы ретінде қазақ мектебінің толық қалыптасу жұмыстарын үлкен шеберлікпен ұйымдастырды.ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері, филолог- маман Сейілова Ұлтай Әуелбекқызы ұстаздық қызметтің үлкен жауапкершілік жүктейтінін әрбір ұстаз бойына дарыта отырып, ұжым мүшелерін жемісті еңбекке бастаған іскер басшы болды.

1999-2003 жылдары мектеп директоры болып Нақыпов Әбілда Әбсаттарұлы қызмет жасады. Бұл жылдар білім беру ісіндегі озық технологияларды сабақ үрдісіне енгізу, шығармашылық ізденіске бет бұру кезеңі болды. Осы мақсатта математика, ағылшын пәндерінен тереңдетілген бағдарламамен оқытатын сыныптар ашылып, оқушылардың терең білім алуына жағдай жасалды.

2003-2004 жылдары мектептің басшылық қызметін білікті ұстаз, іскер директор Найманбаева Ұлғанша Патшабекқызы атқарды.Мектеп басшысының жұмысты жүйелі, сапалы жүргізу нәтижесінде ұжым мүшелері жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде жемісті еңбек етті.

2004-2011 жылдар аралығында мектепке Сыздықов Болат Мүбаракұлы басшылық қызмет жасап, ұжымды биік белестерден көрсетті. Болат Мүбаракұлы басшы болған кезеңде ұжым 2008, 2009 жылдары аудандық білім бөлімінің Кеңесі мен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің шешімімен «Үздік өнер ордасы» номинациясына, 2010 жылы «Үздік спорт ордасы» номинациясына ие болды.

2011-2013 жылдары мектеп басшылығын Ахбенбетов Дәурен Ділдабекұлы атқарды. Мектеп басшысы ретінде заман ағымына, болашақ талабына сай мектеп статусын өзгертуге нәтижелі жұмыс жасап, 2011 жылы білім ордасы аудан әкімінің өкімімен мектеп-лицей атауын алды.

2013-2018 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы атқарды.Бұл жылдары ұжым нәтижелі еңбек етіп, 2016 жылы «Үздік өнер ұжымы» және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының « Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ұжым» номинацияларымен марапатталған.2017 жылы ІІ Республикалық Форумда «Үздік педагогикалық ұжым-2017» номинациясы мен Кубогын иеленді. Осы шара аясындағы «Үздік іс-шара-2017» байқауының І орын иегері атанды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Каракеева Айжан Әбділдақызы басшылық жасап келеді.Ұжымды жаңа белестерге бастаған білікті,тәжірибелі басшы ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттіліктің үлгісін көрсете отырып, мектеп-лицейдің ішкі жабдықтау жұмыстарын жаңа заманауи талаппен нәтижелі жүргізді. Мектеп- лицейде жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқу кабинеттері жүйеленіп, арнайы «Тәуелсіздік шежіресі», «Тілдер әлемінде» тақырыбымен латын әліпбиіне арналған тілдер, математика фойелері, робототехника мен ІT сыныптары, туған жердің флорасы мен фаунасын бейнелейтін «Жасыл бұрыш» пен шахмат алаңы жасақталып, шәкірттердің заманауи озық технологиямен білім алуына жағдай жасалды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен», «Мектебіме тағзым» жобаларын жүзеге асыру масатында мектеп тарихынан сыр шертетін «Жаңғыру» түлектер музейін ашу бастамасын көтеріп, мектеп-лицей директоры Айжан Әбділдақызының ұйымдастыруымен тарихи мәліметтер мен тың деректерді жүйелеп жинау ісі жолға қойылды.Қазіргі таңда осы түлектер музейі ашылу сәтінде.Оқу үлгерімі жағынан ешқашан кейін қалмаған, сәні мен салтанаты жарасқан білім ордасы енді міне, мәдени бағытын жаңғыртып отыр.Тарихы терең білім ордасы өткен күндерін екшеп, бұл күнде көне тарихқа айналып бара жатқан әр сәтін әйгілеп, болашаққа берік бағдар алды.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!