СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.  Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) – онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE. 

Просмотр содержимого документа
«Тармақталу алгоритмдерін программалау»


Күні: 22.02.2018
Сыныбы: 7 «бвг»
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау 
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің тармақталу операторлары туралы түсінік беру; теорияда алған білімдерін практикада пайдалана алуға үйрету. 
Дамытушылығы: Компьютерлік сауаттылыққа, бірлесе жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Тәрбиелігі: Тармақталу операторларын пайдаланып, компьютерде есеп шығару дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Сабақтың типі: аралас сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық 9 сынып, интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған карточкалар, слайд. 
ІІІ. Жаңа сабақ
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады. 
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) – онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE. 
Толық оператордың жазылу түрі: 

{егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.} 
IF шартты өрнек 
THEN оператор 
ELSE оператор; 
ІІ топ Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады. Қысқа оператордың жазылу түрі: 
IF шартты өрнек 
THEN оператор ; 
IF шартты операторы: IF(егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы: 
IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean- бульдік) типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE ақиқат болса, онда THEN (онда) ELSE (әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда шарт мәні FALSE(жалған) болса, онда ELSE сөзінен кейінгі 2- оператор орындалып, 1-оператор орындалмайды. IF операторы бірінің ішіне бірі кіріп, қабаттасып та орындала береді. 
Практикалық жұмыс

Компьютермен жұмыс

№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program san;

Var i: integer;

Begin

Wtiteln (‘ 1- den 100- ge dein butin san’);

Writeln;

For i:=1 to 100 do

Write (i:4);

End.


№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program jup;

Var i: integer;

Begin

Writeln (’30-dan 10-ga deingi jup san’);

For i:=30 downto 10 do

If 2=0 then

Writeln (i);

End.


№3. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.

Program kosindi;

Var I, s:integer;

Begin

S:=0;

For i:=5 downto 1 do

S:=S+I;

Writeln (‘s = ‘, s);

End.


Сабақты қорытындылау. 
VІ. Бағалау. 
VІІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтан §6 оқу. 59 беттегі №12 практикалық жұмыстың а, с тармақтарын шығару