СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тасбақаны бақылау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тасбақа туралы түсінік беру, экологиялық сана сезімін кеңейту. Тасбақа тірі жан (көреді, естиді, қозғалады, көректенеді, қорғанады, көбейеді, т.б). Дене мүшелеріне тоқталу (үсті тас, төрт аяғы, құйрығы, басы бар). Терісі қалың, баяу жүреді, т.б түсініктерін кеңейту, танымын арттыру. Тілдік қорын дамытып, өз бетінше әңгімелеп, сөйлемді жалғастыра білуге машықтандыру.

Просмотр содержимого документа
«Тасбақаны бақылау»

Ортаңғы «Түймедақ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Тәрбиеші: Бекбулатова А.С.

Білім беру саласы: «Таным»,»Қатынас»

Кіші сала: «Экология негіздері», «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Тасбақаны бақылау»

Мақсаты: Тасбақа туралы түсінік беру, экологиялық сана сезімін кеңейту. Тасбақа тірі жан (көреді, естиді, қозғалады, көректенеді, қорғанады, көбейеді, т.б). Дене мүшелеріне тоқталу (үсті тас, төрт аяғы, құйрығы, басы бар). Терісі қалың, баяу жүреді, т.б түсініктерін кеңейту, танымын арттыру. Тілдік қорын дамытып, өз бетінше әңгімелеп, сөйлемді жалғастыра білуге машықтандыру.

Сөздік жұмыс: тасбақа-черепаха, тассауыт-панцирь


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Беттері жабық екі қорап кіргізу:

-Балалар, мына қораптын ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

Мен, сендерге жұмбақ жасырайын, шешімін тапсаңдар, не екенін білетін боласыңдар.

«Асты тас, үсті тас

Ортасында жанды бас?»

Бұл не екен?

Балалар қораптарға қарап, қызығушылық білдіреді.


Мұқият жұмбақты тыңдайды.

Ойланып, шешімін айтады.

Ол тасбақа.

Іздену-ұйымдастырушы

Ойыншық тасбақаны алып көрсету:

-Неге қозғалмайды?


-Қандай тасбақаларды білесіңдер?

Балалардың назарын экранға аударып, тасбақалар туралы түсінік беру:

Олардың түрлері, қайда мекендейді, немен көректенеді, т.б түсініктері.


Балалар, қалай ойлайсыңдар екінші қорапта не бар екен?


Таңғажайып сәт: екінші қораптан тірі тасбақаны алып, үстел үстіне қойып, бақылау жасау.

Бізге қонаққа тірі тасбақа келіпті. Бұл тасбақа құмда және қырда мекендейді. Балалар, арқасын ұстап көріндерші.

-Қандай екен?

Ал, енді қарнын ұстап көріңдер. Қандай? Дұрыс арқасы мен қарны қатты тассауытпен қапталған.

-Тассауыт не үшін керек?



Енді аяқтарына назар аударайық. Неше аяғы бар? Аяқтары қабықшалармен жабылған. Ұзын тырнақтар жерді қазуға көмектеседі.

Ал, енді басы мен құйрығына қараңдаршы.

Не айтуға болады?

Тасбақаның тістері жоқ.

Олар тамақты жағымен үзіп жейді.

Қане, тасбақаға тамақ берейікші, жейді ме екен?

-Тасбақа немен көректенеді?

-Қай жерімен жейді?

Балалар сендер тасбақа туралы көп мәліметтер білдіңдер. Енді тасбақа туралы тапсырмаларды орындайық.

Игровизормен жұмыс: «Тасбақа қайда мекендемейді»


Енді тасбақа немен көректенеді екен? Тауып беріндерші.


Жарайсыңдар.

Қараңдаршы, балалар, біз тапсырмаларды орындағанша, тасбақамыз әлі көректеніп жатыр. Өйткені ол бәрін асықпай, баяу істейді. Сондықтанда, асықпайтын адамдарды тасбақамен салыстырады.

Балалар, тасбақа табиғаттың кішкентай ғана бөлшегі. Табиғатты не істеу керек?

Сендерге келген қонағымыз ұнады ма?

Балалар ойыншықты тамашалайды.

Өйткені ол ойыншық, сондықтан қозғалмайды.



Балалар экранға қарап, тасбақаның түрлерімен танысып, қайда мекендейтіні жайлы, немен көректенетіні жайлы қарап тамашалайды.

Балалар ойланып, жауаптарын, өз ойларын айтады.

Екінші қорапқа қарап, қызығушылықтарын білдіреді. Балалар тірі тасбақаға қуанады. Тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдап, өз ой-пікірлерімен бөліседі.

Арқасы қатты, оның тассауыты бар.

Ол қатты. Әр бала тасбақаны ұстап, арқасы мен қарны қатты екенін біледі.

Тассауыт тасбақаны басқа жануарлардан қорғану үшін қажет.

Төрт аяғы бар. Аяқтары қысқа. Терісі қалын. Ұзын тырнақтары бар. Өздеріне ұя салады.


Балалар басы үш бұрышқа ұқсастығын айтады. Құйрығы қысқа, ол да қабыршақтармен жабылған.

Балалар,тасбақаға қырыққабат, сәбізді бөлшектеп береді.

Қырыққабат, сәбізбен.

Жағымен үзіп жейді.


Тапсырмаларды орындауға дайындық білдіреді.

Өз ой-пікірлерін маркер арқылы сызып көрсетеді.

Тасбақаның тағамдарын тауып, артығын алып тастайды.



Балалар тасбақаның тамақтанып жатқаның бақылап, қызыға қарайды. Өздерінің ойларын, пікірлерін айтады.


Табиғатты аяулау, қамқорлық жасау керек екенін айтады.

Рефлексивті- коррекциялаушы

Балалар, біз бүгін нені бақыладық?

Тасбақа туралы не білдік? Енді балалар, тасбақа басқа топ балаларына қонаққа барғысы келіп тұр. Сендерге рахметін айтады. Балаларды мақтап-мадақтау.

Бүгін тасбақаны бақыладық.

Тасбақалар құмда, теңізде мекендейді.

Балалар тасбақамен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Табиғат туралы білімдері кеңейіп, тасбақа туралы ұғынады;

Тасбақа тірі жан екенін, дене мүшелерін танып түсінеді;

Балалардың танымы артып, өз бетінше әңгімелеуді қолдана алады.