СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тасымалдау құжаттары және оларды ресімдеу тәртібі

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

ТАСЫМАЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

      31. Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушылардың жол жүруін, багажды, жүк-багажды тасымалдауды ресімдеу жол жүру және тасымалдау құжаттарының бланкілерінде жүзеге асырылады.

      32. АБЖ жол жүру құжаты - АБЖ арқылы автоматтандырылған тәсілмен жолаушылардың жол жүруін ресімдеу үшін қолданылады. Жол жүру құжатын толтыру АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен 1 қосымшада көрсетілген нысандағы бланкіде жүргізіледі және облысаралық және халықаралық қатынаста жол жүруді ресімдеу кезінде қолданылады. P040001462        Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).       32-1. Өзіне өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминалдардың жол жүру құжаттарын, осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкіде жолаушылардың өздерімен тікелей жол жүру құжаттарын ресімделу процесін жүзеге асыруға арналған.       Ескерту. 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.11.28 № 541 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      33. АБЖ қала маңындық поезға жол жүру құжаты - жолаушылардың ауданаралық және ішкі қатынастарда жол жүруі кезінде қолданылады, АБЖ жүйесі арқылы автоматтандырылған тәсілмен ресімделеді және толтырылуы АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен жүргізіледі (1 қосымша).         Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).       33-1. Электрондық жол жүру құжаты дегеніміз жолаушының теміржол тасымалы туралы ақпаратты электронды-цифрлық үлгіде ұсынатын жолаушыны тасымалдау шартын растау үшін қолданылатын құжат, онда келесідей ақпарат көрсетіледі:       1) тапсырыс беру уақыты мен күні;       2) поездың нөмірі;       3) жөнелту мен тағайындалған станциясы;       4) поезды жөнелту уақыты және күні;       5) вагонның түрі мен нөмірі;       6) вагондағы орынның нөмірі;       7) тасымалдаушының СТН-і (БСН болған жағдайда);       8) купе белгісі (әйел, ер немесе аралас - егер қолданылса);       9) жолаушы туралы ақпарат – тегі, аты, әкесінің аты (немесе басты әріптері), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және сериясының нөмірі;       10) тариф (билет, плацкарт);       11) тасымалдаудың құны;       12) төлем түрі;       13) жинақ (егер қолданылса);       14) электрондық билет тапсырысының сәйкестендіргіші.       Ескерту. 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.11.28 № 541 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      34. Жол жүру құжаты 11 код "толық" - жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ барлық қатынаста диспетчерлік терминалдың көмегімен ресімдеу үшін арналған (1 қосымша). Жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.

      35. Жол жүру құжаты 12 код "балалар" - жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ халықаралық, облысаралық қатынаста және басқа мемлекеттер құрастырған поездарда диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Балалар жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.         Ескерту: 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      36. Жол жүру құжаты код 21 "жеңілдікті" - жеңілдетілген жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ облысаралық қатынаста 7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың жол жүру құжаттарын диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Жеңілдікті жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.         Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      37. Жол жүру құжаты топтық код 22 және 32 - топтық жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Код - 22 мынадай топтардың облысаралық қатынаста балалардың, халықаралық қатынаста жеңілдікті тариф бойынша ересектердің жол жүруі үшін пайдаланады. Код - 32 облысаралық қатынаста жолаушылар тобының жол жүруі үшін пайдаланады.        Топтық жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бланкінің жоғарғы бөлігінде жолаушылар саны көрсетілген тор бар. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.         Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      38. Әскери жол жүру құжаты - ақшасыз әскери жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ диспетчерлік терминалдың көмегімен әскери талап ұсынылған кезде ресімдеуге арналған (1 қосымша). Әскери жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: әскери билет, жолаушылардың саны туралы бақылау талоны, әскери билеттің түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.

      39. Ауданаралық және ішкі қатынас билеті - автоматтандырылмаған тәсілмен ауданаралық және ішкі поезда жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін арналған. Ауданаралық және ішкі қатынас билеті бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: ауданаралық және ішкі қатынас билеті, бақылау талоны мен ауданаралық және ішкі қатынаста жол жүруге арналған билетінің түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігін ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.         Ескерту: 39-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      40. Абонементтік билеттер - ауданаралық және ішкі қатынаста автоматтандырылмаған тәсілмен жол жүруді (жеңілдікті немесе толық) ресімдеу үшін арналған.        Бланк бір парақтағы екі құрамдас бөліктерді қамтиды:        1) бақылау талоны бар абонементтік билет;        2) абонементтік билеттің түбіртегі.         Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      41. Орама билеттер - тарифтік емес станцияларда поезға отырған жолаушылардың жол жүруін ресімдеу үшін ауданаралық қатынастағы тікелей қала маңындық поездардың вагондарында және поездардың жалпы вагондарында қолданылады.         Ескерту: 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      42. ЛУ-12 нысанды багаж квитанциясы, ЛУ-12б нысанды жүк-багаж квитанциясы, ЛУ-12п нысанды почта вагонының жол жүрісіне квитанция - автоматтандырылмаған тәсілмен багаж, жүк-багажы мен почта тасымалын ресімдеу үшін арналған (1 қосымша). ЛУ-12, ЛУ-12б, ЛУ-12п нысанды квитанциялардың бланкілері үш парақтан тұрады:        1) багаж, жүк-багаж жол ведомосі, почта вагонының жол жүрісіне жол ведомосі қабылдап-тапсырушы пайдалануға және багаж, жүк-багаж және почтаны алып жүруге арналған;        2) багаж, жүк-багаж квитанциясы және почта вагоны жүрісінің квитанциясы багажды, жүк-багажды және почтаны жөнелтушілерге беріледі;        3) багаж, жүк-багаж квитанцияларының түбіртектері және почта вагоны жүрісінің түбіртегі тасымалдау құжатын ресімдеген темір жолда қалады.

      43. АБЖ багажға және жүк-багажға тасымалдау құжаты - барлық қатынастарда багаж, жүк-багаж және почта тасымалын ресімдеу үшін қолданылады. Тасымалдау құжатын ресімдеу АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.

      44. ГУ-57 нысанды квитанция - поездарда төлемдерді, әр түрлі алымдарды, қосымша төлемдерді алу үшін қолданылады. Квитанция квитанциядан, квитанция талонынан және квитанцияның түбіртегінен тұрады. Квитанция оны ресімдеу кезінде төлем енгізушіге беріледі, квитанция мен квитанцияның түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.        ГУ-57 түбіртегінің нысаны N 2491 нөмірмен тіркелген, "Тұрғындарға қызмет көрсету кезінде фискалдық жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданбай берілетін түбіртектердің және чектерге теңестірілген басқа да қатаң есеп беру құжаттарынының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығымен бекітілген.         Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      44-1. Әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек - поездарда айыппұлдарды өндіріп алу үшін қолданылады. Түбіртектің нысаны N 2748 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 13-2-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығында көзделген.        Әкімшілік айыппұлдар төлеу туралы түбіртек түбіртектен және түбіртектің түбіршегінен тұрады. Ресімдеу кезінде түбіртек төлеушіге беріледі, түбіртектің түбіршегі ішкі ережелерге сәйкес қолданылады.         Ескерту: 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      45. МД 4-3 квитанциясы жолаушы шаруашылығынан комиссиялық алымды, жалдау ақысын, комиссиялық алымдарды және басқа да түсімдерді қабылдау үшін пайдаланылады. МД 4-3 квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2491 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының "Фискальды жадымен бақылау-кассалық машиналарды қолданусыз қызмет көрсету кезінде халыққа берілетін квитанциялар және қатаң есеп құжаттарының чектеріне теңелген басқа да нысандарды бекіту туралы" 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығымен бекітілген.        Жолаушы шаруашылығының қосалқы-қосымша қызметі үшін квитанция жолаушының қолына беріледі, жолаушы шаруашылығының қосалқы-қосымша қызметі үшін квитанцияның талоны мен түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.         Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      46. Төсек-орын жабдықтарын пайдалану үшін төлем алу туралы ВУ-9 квитанциясы - поездардың кез-келген санаттағы вагондарында төсек-орын жабдықтары үшін алымдар алу үшін пайдаланады. Ресімдеу кезінде квитанция жолаушыға беріледі, квитанцияның түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады. ВУ-9 квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрықпен бекітілген.

      47. 3, 3А, 3К, 4 нысанды қызметтік билеттер (тұрғылықты жерінен жұмыс орнына жол жүру) қызметтік жол жүрулер үшін, қызметтік билеттен және қызметтік билет түбіртегінен тұрады (1 қосымша). Қызметтік билеттер қызметтік билеттен және қызметтік билеттің түбіртегінен тұрады. Қызметтік билет иесінің қолына беріледі, қызметтік билеттің түбіртегі билет бюросында қалады.

      48. ГУ-26п тапсыру тізімі багажды және жүк-багажды поезға қабылдау және поездан тапсыру кезінде қолданылады, және багажды және жүк-багажды қабылдап-тапсырушымен 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылады және жол багаждық ведомостілер мен квитанцияның қосымша құжаты болып табылады.

      49. Плацкартаны алу құқығына талон - қызметтік және бір жолғы және бір реттік билеттерге беріледі. Талонды толтыру кезінде міндетті түрде темір жол билетінің нөмірі, тұлғалар саны (қызметтік  және бір жолғы немесе бір реттік) және жол жүрудің маршруты көрсетіледі. Қызметтік және бір жолғы және жеке қажеттіліктер бойынша жол жүруді ресімдеу кезінде талон билет кассасында қалады.         Ескерту: 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

 

Просмотр содержимого документа
«Тасымалдау құжаттары және оларды ресімдеу тәртібі»

ТАСЫМАЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

      31. Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушылардың жол жүруін, багажды, жүк-багажды тасымалдауды ресімдеу жол жүру және тасымалдау құжаттарының бланкілерінде жүзеге асырылады.

      32. АБЖ жол жүру құжаты - АБЖ арқылы автоматтандырылған тәсілмен жолаушылардың жол жүруін ресімдеу үшін қолданылады. Жол жүру құжатын толтыру АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен 1 қосымшада көрсетілген нысандағы бланкіде жүргізіледі және облысаралық және халықаралық қатынаста жол жүруді ресімдеу кезінде қолданылады. P040001462
       Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      32-1. Өзіне өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминалдардың жол жүру құжаттарын, осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкіде жолаушылардың өздерімен тікелей жол жүру құжаттарын ресімделу процесін жүзеге асыруға арналған.
      Ескерту. 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.11.28 № 541 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      33. АБЖ қала маңындық поезға жол жүру құжаты - жолаушылардың ауданаралық және ішкі қатынастарда жол жүруі кезінде қолданылады, АБЖ жүйесі арқылы автоматтандырылған тәсілмен ресімделеді және толтырылуы АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен жүргізіледі (1 қосымша). 
       Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      33-1. Электрондық жол жүру құжаты дегеніміз жолаушының теміржол тасымалы туралы ақпаратты электронды-цифрлық үлгіде ұсынатын жолаушыны тасымалдау шартын растау үшін қолданылатын құжат, онда келесідей ақпарат көрсетіледі:
      1) тапсырыс беру уақыты мен күні;
      2) поездың нөмірі;
      3) жөнелту мен тағайындалған станциясы;
      4) поезды жөнелту уақыты және күні;
      5) вагонның түрі мен нөмірі;
      6) вагондағы орынның нөмірі;
      7) тасымалдаушының СТН-і (БСН болған жағдайда);
      8) купе белгісі (әйел, ер немесе аралас - егер қолданылса);
      9) жолаушы туралы ақпарат – тегі, аты, әкесінің аты (немесе басты әріптері), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және сериясының нөмірі;
      10) тариф (билет, плацкарт);
      11) тасымалдаудың құны;
      12) төлем түрі;
      13) жинақ (егер қолданылса);
      14) электрондық билет тапсырысының сәйкестендіргіші.
      Ескерту. 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.11.28 № 541 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      34. Жол жүру құжаты 11 код "толық" - жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ барлық қатынаста диспетчерлік терминалдың көмегімен ресімдеу үшін арналған (1 қосымша). Жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.

      35. Жол жүру құжаты 12 код "балалар" - жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ халықаралық, облысаралық қатынаста және басқа мемлекеттер құрастырған поездарда диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Балалар жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады. 
       Ескерту: 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      36. Жол жүру құжаты код 21 "жеңілдікті" - жеңілдетілген жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ облысаралық қатынаста 7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың жол жүру құжаттарын диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Жеңілдікті жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады. 
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      37. Жол жүру құжаты топтық код 22 және 32 - топтық жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Код - 22 мынадай топтардың облысаралық қатынаста балалардың, халықаралық қатынаста жеңілдікті тариф бойынша ересектердің жол жүруі үшін пайдаланады. Код - 32 облысаралық қатынаста жолаушылар тобының жол жүруі үшін пайдаланады. 
      Топтық жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бланкінің жоғарғы бөлігінде жолаушылар саны көрсетілген тор бар. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады. 
       Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      38. Әскери жол жүру құжаты - ақшасыз әскери жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ диспетчерлік терминалдың көмегімен әскери талап ұсынылған кезде ресімдеуге арналған (1 қосымша). Әскери жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: әскери билет, жолаушылардың саны туралы бақылау талоны, әскери билеттің түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.

      39. Ауданаралық және ішкі қатынас билеті - автоматтандырылмаған тәсілмен ауданаралық және ішкі поезда жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін арналған. Ауданаралық және ішкі қатынас билеті бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: ауданаралық және ішкі қатынас билеті, бақылау талоны мен ауданаралық және ішкі қатынаста жол жүруге арналған билетінің түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігін ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады. 
       Ескерту: 39-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      40. Абонементтік билеттер - ауданаралық және ішкі қатынаста автоматтандырылмаған тәсілмен жол жүруді (жеңілдікті немесе толық) ресімдеу үшін арналған. 
      Бланк бір парақтағы екі құрамдас бөліктерді қамтиды: 
      1) бақылау талоны бар абонементтік билет; 
      2) абонементтік билеттің түбіртегі. 
       Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      41. Орама билеттер - тарифтік емес станцияларда поезға отырған жолаушылардың жол жүруін ресімдеу үшін ауданаралық қатынастағы тікелей қала маңындық поездардың вагондарында және поездардың жалпы вагондарында қолданылады. 
       Ескерту: 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      42. ЛУ-12 нысанды багаж квитанциясы, ЛУ-12б нысанды жүк-багаж квитанциясы, ЛУ-12п нысанды почта вагонының жол жүрісіне квитанция - автоматтандырылмаған тәсілмен багаж, жүк-багажы мен почта тасымалын ресімдеу үшін арналған (1 қосымша). ЛУ-12, ЛУ-12б, ЛУ-12п нысанды квитанциялардың бланкілері үш парақтан тұрады: 
      1) багаж, жүк-багаж жол ведомосі, почта вагонының жол жүрісіне жол ведомосі қабылдап-тапсырушы пайдалануға және багаж, жүк-багаж және почтаны алып жүруге арналған; 
      2) багаж, жүк-багаж квитанциясы және почта вагоны жүрісінің квитанциясы багажды, жүк-багажды және почтаны жөнелтушілерге беріледі; 
      3) багаж, жүк-багаж квитанцияларының түбіртектері және почта вагоны жүрісінің түбіртегі тасымалдау құжатын ресімдеген темір жолда қалады.

      43. АБЖ багажға және жүк-багажға тасымалдау құжаты - барлық қатынастарда багаж, жүк-багаж және почта тасымалын ресімдеу үшін қолданылады. Тасымалдау құжатын ресімдеу АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.

      44. ГУ-57 нысанды квитанция - поездарда төлемдерді, әр түрлі алымдарды, қосымша төлемдерді алу үшін қолданылады. Квитанция квитанциядан, квитанция талонынан және квитанцияның түбіртегінен тұрады. Квитанция оны ресімдеу кезінде төлем енгізушіге беріледі, квитанция мен квитанцияның түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады. 
      ГУ-57 түбіртегінің нысаны N 2491 нөмірмен тіркелген, "Тұрғындарға қызмет көрсету кезінде фискалдық жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданбай берілетін түбіртектердің және чектерге теңестірілген басқа да қатаң есеп беру құжаттарынының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығымен бекітілген. 
       Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      44-1. Әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек - поездарда айыппұлдарды өндіріп алу үшін қолданылады. Түбіртектің нысаны N 2748 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 13-2-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығында көзделген. 
      Әкімшілік айыппұлдар төлеу туралы түбіртек түбіртектен және түбіртектің түбіршегінен тұрады. Ресімдеу кезінде түбіртек төлеушіге беріледі, түбіртектің түбіршегі ішкі ережелерге сәйкес қолданылады. 
       Ескерту: 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      45. МД 4-3 квитанциясы жолаушы шаруашылығынан комиссиялық алымды, жалдау ақысын, комиссиялық алымдарды және басқа да түсімдерді қабылдау үшін пайдаланылады. МД 4-3 квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2491 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының "Фискальды жадымен бақылау-кассалық машиналарды қолданусыз қызмет көрсету кезінде халыққа берілетін квитанциялар және қатаң есеп құжаттарының чектеріне теңелген басқа да нысандарды бекіту туралы" 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығымен бекітілген. 
      Жолаушы шаруашылығының қосалқы-қосымша қызметі үшін квитанция жолаушының қолына беріледі, жолаушы шаруашылығының қосалқы-қосымша қызметі үшін квитанцияның талоны мен түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады. 
       Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      46. Төсек-орын жабдықтарын пайдалану үшін төлем алу туралы ВУ-9 квитанциясы - поездардың кез-келген санаттағы вагондарында төсек-орын жабдықтары үшін алымдар алу үшін пайдаланады. Ресімдеу кезінде квитанция жолаушыға беріледі, квитанцияның түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады. ВУ-9 квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрықпен бекітілген.

      47. 3, 3А, 3К, 4 нысанды қызметтік билеттер (тұрғылықты жерінен жұмыс орнына жол жүру) қызметтік жол жүрулер үшін, қызметтік билеттен және қызметтік билет түбіртегінен тұрады (1 қосымша). Қызметтік билеттер қызметтік билеттен және қызметтік билеттің түбіртегінен тұрады. Қызметтік билет иесінің қолына беріледі, қызметтік билеттің түбіртегі билет бюросында қалады.

      48. ГУ-26п тапсыру тізімі багажды және жүк-багажды поезға қабылдау және поездан тапсыру кезінде қолданылады, және багажды және жүк-багажды қабылдап-тапсырушымен 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылады және жол багаждық ведомостілер мен квитанцияның қосымша құжаты болып табылады.

      49. Плацкартаны алу құқығына талон - қызметтік және бір жолғы және бір реттік билеттерге беріледі. Талонды толтыру кезінде міндетті түрде темір жол билетінің нөмірі, тұлғалар саны (қызметтік  және бір жолғы немесе бір реттік) және жол жүрудің маршруты көрсетіледі. Қызметтік және бір жолғы және жеке қажеттіліктер бойынша жол жүруді ресімдеу кезінде талон билет кассасында қалады. 
       Ескерту: 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!