Тасымалдауды ұйымдастырудағы сапалы білім берудің
тиімді педогогикалық әдіс – тәсілдері
«Біз әлемдік стандарттар деңгейінде барлық
мемлекеттер бойынша білім беру саласының
сапалы болуына қол жеткізуіміз тиіс»
Н.Ә.Назарбаев
Білім беру технологияларының қайсысы да, білім мазмұнын жақсартуға бағытталған. Менің оқу әдістемелік тақырыбым - жаңа технологияларды қолдана отырып бәсекеге қабілетті маман даярлау. Мен өз сабақтарымда инновациялық білім беру технологияларын пайдалану арқылы құзыретті маман, шығармашыл тұлға дайындауды алдыма мақсат етіп қойдым. Себебі жаңа технологияларды орнымен қолданса ғана жетістікке жетуге болатынына көзім жетті. Жаңаша оқыта отырып, шәкірт жүрегіне жол таба білу де - басты міндет. Білім алушылармен жылы сөйлесіп, сабақ үстінде қолайлы атмосфера туғызып отырамын. Соның нәтижесінде «оқытушы-оқушы» ынтымағы қалыптасып шәкірттер өз ойын еркін айтатын дәрежеге жетті. Сабақта белсенді қарым – қатынас және өзара сыйластық орнайды.
Өз тәжірибемде мен бәсекеге қабілетті, құзыретті маман қалыптастыру мақсатында «Құзыреттілікке негізделген модульдік оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» және «Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологияларын» қолданамын.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы мынандай үш құрылымнан тұрады
СТО технологиясының оқытушылар үшін алғы шарттары:
Мұндай әдістер, әсіресе, білім алушылар үшін:
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын пайдалана отырып әр сабақта қолдануға болады. Білім алушылардың қызығушылығын оятуда категориялық топтастыруды пайдаланамын
Сабақтың тақырыбы: «Станса жұмысы жайлы жалпы мағлұмат. Станса арналымы, олардың классификациясы» тақырыбында қызығушылығын ояту
Тақырыбы: « Жүк пойыздарын қабылдау және жөнелту» - тақырыбында, Венн диаграммасын пайдаландым
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар ды пайдалану барысында интерактивті тақтаны пайдалана отырып әдіс- тәсілдерін қолдану тиімді.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы;
Web – сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады
Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады
Оқытушының, білім алушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады
Білім алушының алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.
Мысалыға алатын болсақ, мен көбіне сабақтарымда, интерактивті тақта арқылы бенебаяндар және құрастырылған тесттерді, білім алушылар тақта арқылы жұмыс жасай алады.
«Диспетчерлік құрылғы істен шыққандағы іс – әрекет» - тақырыбында білім алушыларға бейнебаян көрсету арқылы қызығушылығын ояттым. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін арттырды. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады.
Өзімнің сабақтарымда әрдайым тест пайдаланамын, интерактивті тақтаның сол кездегі тиімділігі уақытты үнемдейді және білім алушылар тақтамен жұмыс жасайды.
Сабақ қызықты да түсінікті болу үшін электронды оқулықтар пайдаланамын.
«Жол және станса құрылымы» пәнінен «Железнодорожные и узлы» деген электронды оқулықты әр сабақ сайын пайдаланамын.
Электрондық оқулық білім алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және білім алушының ұмытылып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электронды оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды.
Жалпы электронды оқулық оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен білім алушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген білім алушының құштарлығы оянады деп ойлаймын.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарда жаңа технология әдіс – тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар:
Білім алушының оқуға деген ынтасы артады;
Әр білім алушының жеке қабілеті айқындалады;
Үлгерімі нашар білім алушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
Жақсы оқитын білім алушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
Әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
Білім алушы өз білімін білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс - әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңа технологиялық әдіс- тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Оқыту үрдісінде білім алушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Бегманова Айгерім Бақытжанқызы,
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі,
арнайы пәндер оқытушысы.