Тақырыбы: «Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі!»
Мақсаты:
Тәрбиелік. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Білімділік. Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Дамытушылық. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Міндеті: елін, жерін, тілін құрметтеуге, өз Отанын сүюге баулу, патриоттық сананы қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Безендірілген сахна, әр ұлттың киімі, шар, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар. Кітап көрмесі, түрлі қанатты сөздер. Әр ұлттың ерекшеліктері көрсетілген бүктеме (буклет).
Сабақтың түрі: кеш түрінде жүргізіледі.
Сабақтың әдісі: әр ұлттың оқушылары өз өнерлерін көрсетеді, өлеңдер оқылады
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар! Еліміздің әрбір азаматы үшін ең қасиетті де, қастерлі мереке еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу мерекесіне арналып отыр. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Исатай, Махамбет батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана Тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын!
2-жүргізуші: Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата-бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Сол сәтте небір қиындықтарға қарамастан, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан 130-дан астам әр түрлі ұлт өкілдерін бауырына басып, қанатының астына алды. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының гимн ойнатылады
Ақерке:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
1-жүргізуші:
Қазақ елі қашаннан да жыр елі
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады.
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Жұлдызай: Иә, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз. Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.
Есенгали: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.
Жұлдыз: Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы.
Ақбота: Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді.
Бексұлтан: Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.
Элмира: Иә, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазақ халқынан кем білмейді.
Дина: Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді. Мұндай мақтаныш сезіммен айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады. Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. Бүгінгі тәуесіздік мерекесі бәрімізге де қастерлі күн.
Ақерке: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Сондықтан достар, осы достығымыздың белгісі ретінде қара жорға биін бейлесек қайтеді.
Би: «Қара жорға»
2-жүргізуші:
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын, қазағымның ынтымағы!
Мейрам: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қарсақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы!
Алиасқар: Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Ортақ болсын асқар тау
Жеміс толы бақша-бау
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Қарақат: Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, татар, ұйғырлар.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр
2 –жүргізуші:
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн дей келе келесі тамашалайтындарыңыз орыс халқының биі «Калинка»
Дина: Жаны жарқын жайдарлы, жарқын өскен қазағым,
Жібек мінез, мәрт көңіл, шалқып өскен қазағым.
Досы менен дұшпанын теңдей көрген қазағым,
Бұйда етіп, нарына алтын ескен қазағым.
Сайын дала төсінде сайрап өскен қазағым,
Ұлы менен қыздары жайнап өскен қазағым.
Өнерлі боп шетінен өрге тартқан қазағым,
Ата дәстүр мұрасын сақтап өскен қазағым.
Бірлігі мен ынтымағын халықтың
Сақтап келген қазағыма алғысымыз көп біздің
Ақбота: Сары, ақпыз, қарамыз
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала, тауымыз.
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Бейбіт күн-тыныштық,
Біз үшін тым ыстық.
Ырыс құт тұтқасы,
Ынтымақ туыстық.
Бексұлтан
Тілі бөлек болғанменен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін,- дей келе келесі тамашалайтындарыңыз өзбек халқының биі.
Жұлдызай: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден
Жұлдыз: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Есенгали: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ – береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын!
Ән: «Қазақ елі осындай»
Элмира: Қазақ жері кең, байтақ
Қазақ жұрты мейманда
Қазақстан -ел ортақ
Барлық жанға мекендес
Қазақстан -Отаным
"Өз елім" деп атады.
Оны өкілі әр ұлттың.
Мұнда бірге тұрады
Орыс, неміс, татарлар
Мұнда тапқан тұрағын.
Ұйғыр, кәріс, балқарлар
Бір шаңырақ астында
Достық болған тірегі
Үлкен-кіші, жастың да
Бар мақсаты, тілегі.
Айым: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізден жарқырайды жарық күн.
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
2-жүргізуші: Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн, - дей келе тау халықтарының биін қабыл алыңыздар
Ақбота: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Жұлдызай: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
Элмира: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Ән: «Қазақстан-ортақ Отанымыз»
1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Ән: «Атамекен»
Бәрі бірге: Бір ата бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда - тірлік бар деген бабам
Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз
2-жүргізуші:
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті бостандықты иеленгендер.
1-жүргізуші:
Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан! деп бүгінгі тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
«Қазақстан-ортақ Отанымыз»
Дүр сілкінткен алемді казак елім
Ел бірлігі нығайып жасай бергін
Әйгілі болып келеді бар алемге
Көк байрагын жаркырап алтын белгін
Еркінді Қазакстаным
к-сы
Жырлаймыз байлык толган жерімізді
жол сілтер кемеңгері еліміздін
гулденген туған жерді атамекен
аскар тау орман тогай көліміздін
астықты шексіз-шексіз кең даланы
журегі отанымнын астананы
Сансыз бауыр елімде мекендеген
мадениеті өскен өркендеген
казыналы кенге бай нурлы жерде
толағайлы табысым еселенген
Қаркынды Қазақстаным
к*сы
биiктей бер бірлікте жаса танда
ертеніміз жазылган ата занда
бейбіт тендік достыктын туыменен
зымыранды ұшырган ғарышкада
Ғарышкер Қазақстаным
к-сы
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем Алисқар мен Ақерке
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды Дина мен Есенгали
Қазағымның алақаны-ау деп білем
Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем Бексұлтан мен Ақбота
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесі Жұлдызай мен Эльмира
Қазағымның махаббаты-ау деп білем
Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем Қарақат мен Айым
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Асқар тауың, аспаныммен таласқан Мейрам мен Ақбота
Қазағымның мәртебесі-ау деп білем
Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен