балаларға киім (түс және мөлшер), әрекет (тебеміз, жүгіреміз, ойнаймыз) атауларын бекіту, қарама – қарсы мағынадағы сөздерді қолдану (жылы – суық, тұрды - құлады);
Просмотр содержимого документа
«Техкарта. Тақырыбы; Сиқырлы қыс»
Екінші кіші Шаңырақ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Есмагулова Г.С.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: Сиқырлы қыс
Тақырыбы: Біз шана тебеміз (әңгіме құрастыру)
Мақсаттары:
- Тәрбиелік: бір – біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
- Дамытушылық: «Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру; - Оқыту: балаларға киім (түс және мөлшер), әрекет (тебеміз, жүгіреміз, ойнаймыз) атауларын бекіту, қарама – қарсы мағынадағы сөздерді қолдану (жылы – суық, тұрды - құлады);
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: қыс мезгілінің суреттері
Билингвалдық компонент: қыс-зима, шана-сани, аяз-мороз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
(Е. Өтетілеуұлы)
Бізге қонаққа Сауысқан келді. Оның аузында тістеген хаты бар екен. Ол Ақшақардан келіпті,ол «Қыс қызығы» мерекесіне келемін депті. Ендеше мереке өткізуге дайындалайық.
ІІ. Негізгі бөлімі
Қыр басына шарқ ұрып,
Бір орында тұрмаймыз.
Шана сүйреп барамыз,
Қырдан төмен ағамыз.
Қалдық тіпті алқынып,
Ұшқан құстпай зулаймыз,
Қандай ауыр шанамыз?!
Қандай жеңіл шанамыз?!
Қ. Мырза Әли
Әңгімелесу.
Жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Қолы жоқ болса да, терезе сурет салады,
Тістері жоқ болса да, далада бетіңді тістеп алады.
Ол не? (Аяз)
Аяз – қыс мезгілінің қатты суық күні.
Енді, осы сөздерді басқа тідерде де айтып көрейікші:
Шана – сани, аяз – мороз, тымақ – шапка.
Суретпен жұмыс.
«Шана тебеміз» суретін көрсетіп, сурет бойынша балаларды әңгімеге тартады.
Әңгімелесу.
Бір топ бала не істеп жүр?
Иә, дұрыс, сырғанап жарысып жүр.
Қыста қандай ойындар ойнауға болады?
Балалар не теуіп жүр?
Қыс қандай екен?
Қыста не жауады?
Қардан балалар не жасап жатыр?
Балалар қалай киініп алған?
Жылы, үстерінде тон, қалың куртка, бастарына баскиім, тымақ киіп , мойынын орағышпен орап алған. Қолғап, етік киген. (киімдерді атаған кезде «т» дыбысына мән береді.)
Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Дидактикалық ойын: «Қысқы киімдерді ата және киіндір»
Шарты: үлестірмелі материалдарды пайдаланып, суреттегі ұл және қыз баланың киімдерін тапқызу.
Жеке жұмыс:
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан қыстық ойын түрлерін сұрау.
«Т» дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін айтады, мысал келтіреді.
ІІІ. Қорытынды: