Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: Денсаулық Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Жеке бас тазалығы.
Мақсаты: Денсаулық туралы ғылым – Валеология туралы түсінік беру. Балалардың «Сәлеметсіз бе?», «сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту. Дәрігер Салауатпен, әліппе-дәптермен таныстыру. Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. | Балалар бір-бірімен амандасады. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Амандасудың түрлерін айтып, әңгімелейді. Амандық сөздерге жеке-жеке, қысқаша түсінік беру. Дені сау адам – еш жері ауырмайтын адам. «денсаулық» деген сөз – «деніңнің саулығы» деген мағынаны білдіреді. Валеология – денсаулық туралы арнайы ғылым. «Валео»- латынша «сау бол», ал «логос»- ғылым дегенді білдіреді. Валеология – денсаулық туралы ғылым, ол балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды. Ең бастысы, ол ауырмай, салауатты өмір сүруге үйретеді. Әліппе-дәптермен жұмыс. Дәрігер салауатпен таныстыру. Оқу. Гигия туралы аңыз. Аңызды талдау. Тазалық туралы әңгіме Сергіту сәті: Дымқылдап күнде сен, Қолыңды сүйкесең. Кетіп кір-ласың, Тап-таза боласың. Тазалық туралы сұрақ-жауап ұйымдастыру. Практикалық әрекет. Қолды қалай тазалап жуу керек? Қолымызға сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына қойып, қолды уқалаймыз, сол кезде «сабын қолғабы» пайда болады. Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап сүртеміз. | Балалар өздері білетін амандасудың түрлерімен бөліседі. Валеология туралы мұқият тыңдайды. Денсаулық туралы ғылымның не екенін танып-біледі. Салауат дәрігермен танысады. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Сергіту сәтін қимылмен орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Сабын туралы білетіндерін әңгімелейді. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Валеология – денсаулық туралы ғылым. Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық. «Сәлеметсіз бе, Амансыз ба, Саумысыз? Сау бол!» - ғажайып сөздер. Ата-аналармен бірге денсаулық туралы мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттау және сабын туралы жарнама ойлап келу. | Денсаулық туралы ғылымды, жеке бас тазалығын сақтауды, амандасудың түрлерін жаттап біледі. Үйде мақалдар, жаңылтпаштар, жарнама ойлап тауып келеді. |
Біледі: денсаулық туралы ғылым – Валеология туралы.
Игереді: қолды жуу дағдыларын.
Меңгереді: жұқпалы аурулар жөнінде мәліметті.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Рақмет саған, жаттығу!
Мақсаты: Ертеңгілік жаттығуды ң денсаулыққа пайдасы жөнінде айту. Бала денсаулығының басты кепілі – дене бітімі туралы мағлұмат беру. Балаларға ағзаны қорғауда тыныс алу мүшесі мұрынның маңызы жөнінде айтып таныстыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберіне тұру. Өткен сабақты еске түсіру. | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақты еске түсіреді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Ертеңгілік жаттығу туралы әңгімелесу. Ұйқыдан ояна сала төсектен тез тұрудың қажеті шамалы. Төсекте жатып керілу қажет. «Велосипед, көпір» қол қимылдары сияқты бірнеше қарапайым жаттығулар жасау. Терезені немесе есікті ашып, бөлмені желдету. Жуыну, тісті тазалау қажет. Таңертеңгілік жаттығу жасау. Жаттығу күні бойы жақсы көңіл күймен, сергек, күшті болып, күліп жүруге дем береді. Дидактикалық ойын: «Үнді елінде қалай жүреді?». Шарты: бөлме ішінде айналып жүру, басқа топ бастарына кітап қойып жүруі тиіс. Әңгімелесу. Әліппе-дәптермен жұмыс. Балармен бірге омыртқаның негізгі көмекшісі табан екенін, оның жүріс кезінде үлкен рөл атқаратынын талқылау. Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар. Шармен ойын: «Кім шарды тез үрлейді?». Тәжірибе. Жұмбақ: Түсі бар көрінбейтін, Біртұтас бөлінбейтін. Тынысы ол тіршіліктің, Ешқешен жерінбейтін. (Ауа) «Иісі арқылы анықта» ойыны. Есіңа сақта! | Жаттығу туралы әңгімені тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Жаттығу жасаудың маңызын танып біледі. Өздері жасайтын жаттығулары туралы айтып береді. Дидактикалық ойынды шартымен орындайды. Әңгімелеседі. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Тәжірибе жасайды. Жұмбақты шешеді Ойынды барлығы ойнайды. Ережелерді еске сақтайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Дене бітімінің сымбатты, денсаулықтың мықты болуы үшін дене шынықтыру, спорттың маңызы зор. *Балалар өздерінің дене бітіміне, жүрісіне көңіл бөлуі сколиоз ауруының алдын алады. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. | Денсаулығын күтудің маңызы туралы әңгімелейді. Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі: ертеңгілік жаттығуды ң денсаулыққа пайдасын.
Игереді: бала денсаулығының басты кепілі – дене бітімі туралы.
Меңгереді: ағзаны қорғауда тыныс алу мүшесі мұрынның маңызын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: ______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Күн тәртібі.
Мақсаты: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Балалар шаттық шеңберіне жиналады. | Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Сәлемдесіп, бір-біріне тілектер айтып, гүлдерін ұсынады. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | «Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқып беру: Ерте тұрып күнде мен, Терезені ашамын. -Сәлем!- деймін Күнге мен, Шаттық әнге басамын. Әңгімелесу. Өткен сабақты еске түсіру. Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері». Әліппе-дәптермен жұмыс. «Күн және түн» қимылды ойыны. Әңгімелесу. Жұмбақ шешу: Дүниеде не тәтті? (Ұйқы) Сергіту сәті. «Ұйқы перизаты» дидактикалық ойыны. Дәрігер Салауаттың ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңесі. *Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алуды ұмытпаңыз. *Балаңыздың ұйқы алдында тісін тазалап, душ қабылдауын қадағалаңыз. *Ұйқы алдында таза ауада серуедеу пайдалы. *Жатар алдында теледидар көргеннен гөрі балаға ертегі оқып берген жөн. *Бала тез ұйықтау үшін, бал қосылған бір кесе жылы сүт ішкені пайдалы. *Баланың төсек орны аса жұмсақ та, аса қатты да болмауы тиіс. | Өлеңді тыңдайды. Бір шумақ өлеңді жаттайды. Өткен сабақты естеріне түсіріп әңгімелейді. Дидактикалық ойынды онайды. Жұмбақтың шешуін тауып, ұйқы туралы әңгімелеседі. Дәрігер салауаттың кеңестерін мұқият тыңдайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Ұйқы адамға аса қажет, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес. *Барлық балалар мен үлкендер күн тәртібін сақтағандары жөн. *Адам – табиғаттың біп бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасай білуге міндетті. | Сұрақтарға жауап беріп, күн тәртібі туралы әңгімелеседі. |
Біледі: күн тәртібі туралы.
Игереді: күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын.
Меңгереді: ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі екенін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: ______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Мен кіммін?
Мақсаты: Балаларды адам денесінің құрылысымен таныстыру. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көруге көмектесу. Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алудан сақтануға үйрету. Балаларға жүйке және мидың маңызы туралы мәлімет беру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін құру. -Дәрігер Салауат таңертең оянған балаларға қандай кеңестер береді? - Таңертегілік жаттығу не үшін қажет? - Күн тәртібі дегеніміз не, ол не үшін керек? - Адам дегеніміз кім? | Жақсы тілектер айтып, сәлемдеседі. Сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақты еске түсіреді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Ол жер бетінде ең ақылды, ең күшті. (Адам) Адам – табиғаттың ең керемет жаратылысы. Адам өз өмірін, денсаулығын сақтауы керек. Дидактикалық ойын: «Адамның денесін құрастыру». «Ғажайып түс» ертегісі. Оқу. Талдау. Әліппе-дәптермен жұмыс. Сергіту сәті. Әңгімелесу. Дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба». Тәжірибе. Дәрігер Салауаттың кеңесі: *Ойын кезінде басты соғып алудан сақтан. *Басқа тиген қатты соққы ауыр жарақат – мидың шайқалуына әкеп соғады. *Тіпті жер сілкіну кезінде үстелдің астына тығылып, басын қолмен қалқалау қажет. *Ұйқы кезінде ми және жүйке жүйесі демалады, сондықтан адам ұйқыдан өзін жеңіл, өте жақсы сезінеді. *Тамақтану тәртібі де жүйке жүйесіне әсер етіп, тәбеті жоғарылап, ас жақсы қорытылады. *Жүйке жүйесі спорттық ойындар мен таза ауадағы серуен кезінде жақсы демалады. | Адам туралы әңгімелеседі. Балалар өз білетіндерімен бөліседі. Ойынды барлығы ойнайды. Ертегіні мұқият тыңдайды. Мазмұнын айтады. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Тәжірибе жасайды. Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтап, орындайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Адам-табиғаттың ең керемет жаратылысы. *Адам өз өмірін қорғауы керек. *Өз дене мүшелерін білу, күшті, қайратты, жігерлі, мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғылдануы керек. | Сабақта алған білімдерін қорытындалап, сұрақтарға жауап береді. |
Біледі: адам денесінің құрылысымен танысыады.
Игереді: адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көруді.
Меңгереді: жүйке және мидың маңызы туралы мәліметті.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: ______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Мен және мені қоршаған орта.
Мақсаты: Балаларға флора мен фауна туралы мәлімет беру. Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауап кершілік және қорғау қарым-қатынасын қалыптастыру. Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Өткен сабақты еске түсіріп, сұрақтар қою. | Жылы лебіздерін білдіріп, сұрақтарға жауап береді. Сабақты еске түсіреді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Табиғаттың сыйы жөнінде әңгімелесу. Табиғат – адамдарды қоршаған әлем. Бұл – аспан, ай, жұлдыздар, өзен-көл, теңіздер, ағаштар, шөптер, жануарлар әлемі. Табиғат – бүкіл қоршаған әлем. Ал адам – өміріндегі керемет жаратылыс. Ағаш – ауаны көмірқышқыл газынан тазартып,оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Бұл да адам денсаулығына жағымды әсер етеді. Күн – табиғат сыйының бірі. Өмір шырыны – су – табиғаттың тағы бір сыйы. Сергіту жаттығуы. Әңгімелесу. -Флора және фауна дегеніміз не? - Флора – өсімдік әлемі (ағаштар, гүлдер, бұталар, шөптер) - Фауна – жануарлар әлемі (үй жануарлары және жабайы жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктер) Ойын – лото – «Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері». Әліппе – дәптермен жұмыс: Дәрігер Салауаттың кеңестері: *Өсімдіктер мен гүлдерді жұлма! * Бөтен итті сипама, жақындама. * Егер жұмыртқасы немесе балапаны бар ұяны көрсең тиіспе. * Жануарларды таяқпен соғып, аяқпен теуіп, құйрығынан тартып жәбірлеуге болмайды. | Табиғат жайлы әңгімені зейін қоя тыңдайды. Өз ойларынмен бөліседі. Флора және фауна деген түсінікпен танысады. Оларды бір-бірінен ажыратады. Лото ойынын ойнайды. Әліппе –дәптермен жұмыс жасайды. Дәрігер салауттың кеңестерін тыңдайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Табиғат – тіршілік нәрі. Адам флора мен фаунаны қорғап, күтеді, ал олар адамға өмір сүруге пайдасын тигізеді. Адам табиғаттың бір бөлігі. Жер бетінде ауа, су, күн болмаса, тіршілік атаулы болмас еді. | Табиғат туралы түсініктері қалыптасады. Сабақты толық меңгереді. Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі: флора мен фауна туралы.
Игереді: өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауап кершілік және қорғау қарым-қатынасын.
Меңгереді: күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екенін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Күн, ауа және су – біздің достарымыз.
Мақсаты: Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізер әсері жөнінде мағлұмат беру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін құрады. Балалар Күнге қарай қолдарын созып, төмендегі сөздерді айтады. Құдіретті Күн, мен сені жақсы көремін! Құдіретті Күн, мен сенен өтінем. Құдіретті Күн, маған тыныштық пен қайырымдылық бере гөр! Құдіретті Күн, маған денсаулық пен жылылық бере гөр! | Балалар жақсы тілектерін айтып, амандасады. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Жұмбақ жасыру: Үлкен алтын табақтан, Әлемге нұр таратқан. (Күн) Дәрігер Салауаттың кеңесі: *Күннің астында көп қыздырынуға болмайды, денең күйіп қалуы мүмкін. * Баскиімсіз күннің астында көп жүруге болмайды. * Күнде шынығуды судың жағасында, ертеңгілік уақытта қабылдау керек, күніне бір реттен көп болмауы тиіс. Релаксацияға арналған жаттығулар. Тәжірибе. Әңгімелесу. Дәрігер Салауаттың кеңесі: *Таза ауа – табиғат байлығы, оны қорғауың керек.көбірек гүлдер мен ағаштар отырғызыңдар. Тәжірибе. Дәрігер Салауаттың кеңесі: *Өзенде, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды, оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар бар. *Суды үнемдеп, таза сақтау керек. *Күн, ауа, су – адам ағзасының шынығуына тамаша көмекшілер. *Шынығу жұмыстарын күнделікті жүргізу қажет. | Жұмбақтың шешуін табады. Дәрігер Салауаттың кеңестеріне құлақ түреді. Жаттығуды орындайды. Тәжірибені жасап көреді. Әңгіме жүргізеді. Дәрігер Салауаттың кеңестерін ұстанып, орындайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Күн, ауа – табиғат сыйы. Оларсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес. *Күн және ауа табиға дәрі. *Өсімдіктерді күтіп-баптау керек. *Күн, ауа және су – біздің тамаша достарымыз. | Күн, ауа, су туралы өз ойларымен бөлісіп, сабақты аяқтайды. |
Біледі: күн, ауа, судың маңызын.
Игереді: денені шынықтырудың түрлі жолдарын.
Меңгереді: дәрігер Салауаттың кеңестерін үйреніп, біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі.
Мақсаты: Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру, дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Балаларды адамның ең негізгі мүшесі – жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәлімет беру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберіне тұрғызу. | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. -Адамдар неліктен өзін қоршаған ортаны қорғауы керек? -Шынықтыру дегеніміз не? -Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер? -Адамдар не үшін ертеңгілік жаттығуды жасайды? Балаларға дене шынықтыру сабағынан үзінді жасау ұсынылады («Қырықаяқ» ойыны). Әңгімелесу. Жүрек – қан айналымын реттейтін басты мүше. Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стақандай қан айдап, сонан соң қайта жиырылады. Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады. Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Бала жүрегінің үлкендердің жүрегінен айырмашылығы – өлшемінде. Адамда жүрек - біреу ғана. Оны сақтау қажет. | Балалар өткен сабақты еске түсіріп әңгімелеседі. Сұрақтарға жауап береді. Ойын ойнап бойларын сергітеді. Жүрек туралы әңгімелеседі. Спорттың . гимнастиканың пайдасымен танысады. Жүректі күтуді үйренеді. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады. *Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады. * Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі. *Шарап ішу, темекі тарту жүрекке үлкен зиян тигізеді. | Сабақта алған білімдерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды. |
Біледі: дене тәрбиесінің маңызын, дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын.
Игереді: жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәліметті.
Меңгереді: адамның ең негізгі мүшесі – жүрекпен танысады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Тазалықшының кеңестері.
Мақсаты: Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету. Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Адамның сөздік қорын нақтылы жетілдірудегі есту қабілетінің рөлі және ол жайлы баланың білімін жетілдіру. Тіс аурулары туралы мәлімет беру. Тісті күту ережелерін үйретуді жалғастыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. | Жақсы тілектермен сабақты бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Жұмбақ: Өзі аппақ маржандай, Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс) Айдын көлде алтын тас, Ау салса да алынбас. (Тіс) Әңгімелесу. Тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Тазалық ережесі: Тісті күніне екі рет тазалау. Тамақтан кейін ауызды шаю. Ыстық тамақтан кейін суық ішпеу. Қатты заттарды тіспен шақпау. Тәттіні көп жемеу. Жиі тіс дәрігеріне көріну. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану. Әңгімелесу. Қиялдау ойын – «Ыммен айт». Жұмбақ : Бір таудың екі жағынан, Екі қалқан жабысқан. Жақын барсаң маңына, Сезе қояр дыбыстан. (Екі құлақ) Дәрігер салауаттың кеңесі: *Аязды күні жылы баскиім кию керек. *Құлақты қаламмен, шырпымен, үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды. *Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкен адамға немесе дәрігерге көрсету керек. | Жұмбақты шешіп, тіс туралы танып біледі. Әңгімелеседі. Тазалық ережесін мұқият тыңдайды. Ережені сақтауға тырысады. Адамның мүшелері туралы әңгімелеседі. Ойынды ойнап, бойларын жазады. Жұмбақтың шешуін табады. Дәрігер Салауаттың кеңестерін ұстанады. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Құлақ, көз, мұрын, тері – адамның айнала қоршаған ортаны танып білуге көмектеседі. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. | Сұрақтарға жауап береді. Түсінбегендерін сұрайды. |
Біледі: көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануды.
Игереді: адамның сөздік қорын нақтылы жетілдірудегі есту қабілетінің рөлін.
Меңгереді: тісті күту ережелерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Ұлдар мен қыздар.
Мақсаты: Балаларға ұлдар мен қыздардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. | Бір-біріне жақсы сөздер айтып амандасады. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Әліппе-дәптермен жұмыс. Балаларға бұршақтың дәннен өсетінін мысалға ала отырып, ұлдар мен қыздардың өскенде кімдерге айналатынын түсіндіру. Бұршақ дәні – гүлдейді(жеміс береді) – солады. Бала – бозбала – еркек(әке) – ата. Қыз – бойжеткен – әйел(ана) – апа. Ұлдардың ең басты міндеті – денсаулығы мықты, күшті болып өсу. Қыздардың ең басты міндеті – дені сау, бақытты болып өсу. Дәрігер Салауаттан келген ашықхат. Балаларға ашықхатты оқып беру. Мазмұнына түсінік беру. «Күлкі» жаттығуы. «Көрініс көрсету» жаттығуы. Күлкі – бұл өз көңіл күйіңе, жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт. | Әңгімелесу. Әліппе-дәптердегі берілген тапсырмаларды орындайды. Ұл мен қыз туралы әңгімені зейін қойып тыңдайды. Дәрігер Салауаттан келген ашықхатты тыңдайды. Өз ойларын айтады. Жаттығуларды орындайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Әр адам – қайталанбас жеке тұлға. *Адамдар жынысына қарай еркек-әйел, ұл-қыз болып бөлінеді. *Қоғамда еркек пен әйелдің рөлі әртүрлі болады. *Үйде, мектепте, көшеде, ата-анаңа, мұғаліміңе, доатарыңа жиі күлімдеп, мейірімді қарым-қатынаста бол. *Сәлемдескенде күлімде. *Әдемі тіс – күлкі ажары екенін ұмытпа. Сұрақ-жауап әдісін ұйымдастыру. | Ұлдар мен қыздардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгереді. Сабақты қорытындылап, сұрақтарға жауап береді. |
Біледі: ұлдар мен қыздардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын.
Игереді: бір-бірімен қарым-қатынастарын қалыптастыруды.
Меңгереді: адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Тамақтану мәдениеті.
Мақсаты: «Тамақтану» түсінігінің маңызын ашу. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Ас қорыту ағзаларымен таныстыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру: Қуан, шаттан, Алақай! Қуанатын келді күн, Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін де күн! | Балалар бір-біріне қарап, өлеңді жақсы көңіл күймен айтады. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Адамдар неліктен бір-біріне күлімдейді? Тіс күтудің қандай ережесін білесіңдер? Адамға тіс не үшін қажет? Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне түсіру: Ойын – тәжірибе. Сабаққа қосымша материал. Адамның сезу мүшелері туралы әңгімелеу. «Саяхатшы нан» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. Май жағылған тәтті нан, Шықты бір күн сапарға. Ең алдымен тап болды, «Ауыз» деген апанға. Онда аз ғана бөгелді, Дейсіңдер ғой не көрді? Ауыздың ішін аралап, Одан әрі жөнелді. Өлеңді оқи отырып, балалармен ас қорыту ағзаларын айту: Ауыз Жұлқыншақ Өңеш Асқазан Ішек. | Өткен сабқаты естеріне түсіріп әңгімелеседі. Сұрақтарға жауап береді. Дәрігер Салауаттың кеңестерін тыңдайды. Ойынды ойнап, бойларын сергітеді. Өлеңді тыңдайды. Мәнерлеп қайталайды. Ас қорыту жүйелерімен танысады. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек – ас қорыту жүйесіне жатады. *Ас қорыту жүйесінің негізгі шарты – дұрыс, уақытымен тамақтану. *Тамақтанар алдында қолды жуу керек. *Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту керек. | Кеңестерді тағы да қайталап, сабақты қорытындылайды. |
Біледі: ас қорыту ағзаларымен танысады.
Игереді: денсаулықты нығайтудағы дәрумендердің рөлін.
Меңгереді: Дәрігер салауаттың кеңестерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Мен және менің отбасым.
Мақсаты: Баланың үйдегі орны туралы түсінігін қалыптастыру. Баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. Адам үшін қандай тамақ пайдалы? Егер тек қана кәмпит жесең не болады? Отбасында кім тамақ пісіреді? Отбасы деген не? -
| Шаттық шеңберіне жиналады. Сұрақтарға жауап береді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Дәрігер Салауаттың кеңесі: *Әке-шешеңді, ата-әжеңді сыйла, оларды күт, ренжітпе. *Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес. *Өз бөлмеңнің тазалығын сақта. *Әркімнің өзінің жеке заттары және ойыншықтары өз орнында болуы керек. *Біреудің тарағын қолданба. *Біреудің киімін және аяқкиімін киме. Әңгімелесу. Бала Салауаттың өмірінің бір күнінен үзінді оқып беру. | Әңгімені тыңдайды. Дәрігер салауаттың кеңестерін мұқият орындауға тырысады. Әңгімелеседі. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жеке бастың тазалығын сақтау. Тазалық пен ұқыптылық адам денінің сау және бақытты болып өсуіне көмектеседі. Жақсы, таза үй адамның өз-өзіне деген сенімділігін тудырады және жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды. Бейтаныс адамды үйге шақырма және кіргізбе. Қауіпсіздік ережелерін әрқашанда жадыңда ұста. | Кеңестерді тағы да қайталап, сабақты қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі: үйдегі қауіпсіздік ережелерін.
Игереді: баланың үйдегі орны туралы түсінігін.
Меңгереді: үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Көшеде абай бол!
Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Балаларға жолда жүрудің тәртіп ережелерін қалыптастыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылығын тудыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. | Бір-бірінің қолдарын ұстап, күлімдеп, амандасады және әрқайсысы өзінің көшесіне жылы сөз қосып айтады. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Дәрігер Салауаттың кеңесі: *Аула – бұл сенің үйіңнің жалғасы. Оның тазалығын сақтау керек. *Әркім өз көшесі әдемі болу үшін ағаш отырғыза алады. Үйдің жанына гүл егіп, оны суарып отыру керек. Әліппе-дәптермен жұмыс. Жұмбақ: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. (Бағдаршам) Ойын – «Бағдаршам». Ереже: *Көшеден өткенде арнайы жерден, жасыл жанғанда ғана, немесе реттеушінің белгісімен өт. *Жол қиылысында аса абай бол. *Көшеден тек жаяулар өтпесі – арнайы жолақ жолдан өт. *Көше мен жолда шанамен сырғанап ойнама. Әліппе-дәптермен жұмыс. Ереже: *Таныс емес адамдармен сөйлеспе. *Бөтен адамның сыйлығын алушы болма. *Бөтен адамның машинасына отырма. | Әңгімелеседі. Өткен сабақты еске түсіреді. Дәрігер салауаттың кеңестерін тыңдайды. Әліппе – дәптермен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды орындайды. Жұмбақты шешеді. Бағдаршам туралы әңгімелеседі. Ережені тыңдап, орындауға тырысады. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Ережені сақтанады. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Бағдаршамға қарауды ұмытпа. *Көшеде және жолда адамдармен сөйлеспе. *Жолдан өтер кезде алдымен сол жағыңа, содан соң оң жағыңа қарап, арнайы жаяулар өтпесімен өт. *Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілесіп кетпе. | Кеңестерді тағы да қайталап, сабақты қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі: жолда жүру ережелерін.
Игереді: жолда жүрудің тәртіп ережелерін.
Меңгереді: алған білімдерін іс жүзінде қолдануды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Сыпайы бол.
Мақсаты: Қоғамдық орында балалардың өзін ұстай білуіне, мейірімділікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. *Үйдегі қауіпсіздік ережелерін ата. *Көшедегі қауіпсіздік туралы айт. *Қалай ойлайсыңдар, қоғамдық орында қандай тәртіп ережелері бар? | Шаттық шеңберін құрып, ережелерді еске түсіреді. Бір-бірімен сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Жағдаят талқылау. *Қарт ата автобусқа кірсе, бос орын жоқ. *Әже ауыр сөмке көтеріп автобусқа кірді. *Қыздың екі қолында сөмке бар. *Ол артқы есіктен кірмекші болды, бірақ есік жабық тұр. Есікті ашайын десе, қолы бос емес. Әңгімелесу. Дәрігер салауат балаларға үнемі: *Күлімдеп жүруді; *Автобуста қарияларға орын беруді; *Ауыр затты көтерісуге көмектесуді; *Кіреберісте есікті ашуды; *Барлық ұлдар қыздарды сыйлауды; *Ал барлық қыздар сыпайы және мейірімді болуды ұсынады. Әліппе-дәптермен жұмыс. | Автобустағы жағдаяттарды талқылайды. Әңгімелеседі. Дәрігер салауаттың кеңестерін тыңдайды. Дәптермен жұмыс жасайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сыпайы және тәртіпті болу қандай жақсы, тіпті денсаулыққа да пайдалы. Шаттық шеңбері. | Сабақты қорытындылайды. |
Біледі: қоғамдық орында балалардың өзін ұстай білуін.
Игереді: үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді.
Меңгереді: мейірімділікті, кішіпейілділікті, сыпайылықты.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Айболит және оның достары.
Мақсаты: Әртүрлі аурулармен және оның себептерімен таныстыру. Жұқпалы және суық тию ауруларының алдын алу шараларының маңызын көрсету.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. «Айболит» ертегісін еске түсіреді. | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Ойын: «Микроб, вирус, бактериялар неден қорқады?». -Микроб, вирус, бактериялар судан қорқады. - Микроб, вирус, бактериялар шынығудан қорқады. - Микроб, вирус, бактериялар тамақтанудан қорқады. - Микроб, вирус, бактериялар егуден қорқады. Егу дегеніміз – микробтармен күресудің бір жолы. Доппен ойын: «Жақсы - жаман». Дидактикалық ойын: «Қуыршақты емдейміз». Әңгімелесу. Байқау – «Ең таза қол». Ереже: Қосымша материал. Өсімдіктер туралы қосымша түсініктер беру. Практикалық жұмыс. Дидактикалық ойын: «Өсімдіктерді бөліктеріне қарай ажырат». | Әңгімелеу өткізеді. Ойынды ойнайды. Микроб, вирус, бактериялар туралы танып-біледі. Доппен ойын ойнайды. Дидактикалық ойынды шарты бойынша ойнайды. Ережені ұстанады. Қосымша материалдары еске сақтайды. Ойынды барлығы ойнайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Тазалық көптеген ауруларға қарсы күреседі. *Табиғатты қорғау керек. Шаттық шеңбері. | Сабақты аяқтайды. |
Біледі: әртүрлі аурулармен және оның себептерін.
Игереді: жұқпалы және суық тию ауруларының алдын алу шараларының маңызын.
Меңгереді: Дәрігер салауаттың кеңестерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы: Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер.
Мақсаты: Салауатты өмір салты туралытүсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. | Жақсы тілектермен амандасады. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әліппе-дәптермен жұмыс. Балалар өз бойындағы жағымды дағдыларын атап отырады, ал педагог оны жеке-жеке үлкен парақ бетіне жазып, «Валеология» сөзінің айналасына қойып шығады. Ойынның қорытындысын шығарып, балалар мен өздерінің бойында жақсы әдеттердің қаншалықты бар екенін талқылайды. Тапсырма. Балалардың өздеріне никотин уын көз алдарына қалай елестететіндерін қиялмен суреттеуді ұсынады. Шарап сусыны денсаулыққа зиян. Тапсырма. Балаларға бірігіп ұжымдық «Ішімдік пен темекіге жол жоқ!» атты жарнама шығару ды ұсыну. | Әліппе-дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырманы мұқият орындайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | *Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дағдыға айналдыру үшін, күнделікті өмір салтының ережелерін сақтау керек. *Ішімдік пен никотин денсаулыққа өте зиян екенін есте сақтайық. Шаттық шеңбері. | Кеңестерді тағы да қайталап, сабақты қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі: салауатты өмір салты туралы.
Игереді: ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін.
Меңгереді: Дәрігер салауаттың кеңестерін ұстанады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________
Білім көздері: Валеология
Тақырыбы:
Мақсаты:
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | | |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | | |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | | |
Біледі:
Игереді:
Меңгереді: