Кітап – ең сабырлы ұстаз
Сабақтың мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға құмарландырау, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
Дамытушылығы: тіл байлығын, сахнада өзін ұстау мәдениетін дамыту.
Түрі: жарыс сабақ
Көрнекіліктер: кітап туралы мақал-мәтелдер, кітап көрмесі
«Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы», «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады» М.Әуезов, «Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!» Н.Назарбаев.
Сабақтың барысы: Кіріспе.
Компьютер, теледидар және ұялы телефон ғасырында кітап бұрынғысынша әрқайсымыздың ең сенімді серігіміз боп қала береді. Өйткені кітап – сарқылмас қазына. Кітап адамзат баласына білім сылайды. Кітап беттерінде адамзат тірліінің сан қилы құпия сырлары сақталған.
Кітап біздің алға жылжуымызға, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуімізге өлшеусіз ақыл қосады. Кітап – ең сабырлы ұстаз. Оқушының жан-жақты дамуы, жарасымды қалыптасуы оқыған ортасына, алған біліміне байланысты. М.Айбек: «Кітап адамзат ақыл – ойының інжу-маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады» - деген екен. Сол себептен білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол – білім бұлағы. Оны бойына сіңіру үшін көп оқу қажет. Еліміздің баспаларынан күн сайын бірнеше мыңдаған кітаптар басылып шығады. Осы кітаптар не туралы, көп кітаптың ішінен өзіне керек кітапты қалай табуға болады? Білгір оқырман болу үшін, кітаптың мұқабасы аралығындағы біраз құпияларды білу қажет және біраз нәрселерге көңіл аудару керек.
Әр кітап – өзінше бір құпия. Оны бірден парақтап оқи жөнелмей, алдымен «аударып-төңкеріп» қарап, кілтін табуға тырысайық. Бұл үшін кітаптың өзіндегі мәліметтердің құпиясын білу қажет. Ол үшін керекті мәліметті кітапханашы береді.
Кітапханашы: Мұқаба – кітаптың сырты, ол қалың қағаздан жасалып, безендірілген. Кітапқа әдемі көрік беріп тұрады. Мұқабадан кітаптың авторын, атауын білуге болады. Кейде бірнеше авторлар болуы мүмкін. Мұқабаның суреттеріне қарап, кітаптың не туралы екенін білуге болады.
Аннотация – кітаптың авторы және жалпы кітаптың қысқаша мазмұны жөнінде мәліметтер беріледі. Кітап сөресінің жанында тұрып-ақ, бұл кітаптың қаншалықты қажеттігін ұғасың. Яғни кітап өзі туралы айтып береді.
Мазмұны – кітаптың бірінші немесе соңғы бетінде болады. Мазмұны арқылы көп нәрсені білесің: көп кітаптар бірнеше өлеңдер, әңгімелерден және ертегілерден құралған. Керек өлең немесе әңгімені табуға кітаптың «мазмұны» көмектеседі.
Тәрбие сағатымызда оқушылар екі топқа бөлініп, өз білімдеріни жалғастырады.
1-кезең. «Таныстыру»
2-кезең. «Сөздің көркі – мақал» Мақал-мәтел жарысы
3-кезең . «Өлең – сөздің патшасы»мәнерлеп оқудан жарыс. Оқушылар туған ег, тіл, кітап туралы өлеңдерді жатқа айтады.
1-оқушы:
Адамның досы кітап, өмір кілті
Тең келмес оған әсте жиған мүлкі
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы
Ақыл-ой қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден
Басталар білім басы Әліппеден
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит
Оқысаң кітап сырын, ашып терең
Кітапты оқымайды сыйламаған
Білімге жанын жанып, қинамаған
Өсірген кімнің болсын ой-өрісі
Сол кітап бек оқушы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп
Молайтын ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
2-оқушы:
Кітап сенің құралың
Жағар білім шырағын
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адам
Кітап та алма ағашы
Жемісін бізге беретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
3-оқушы:
Бабалардың рухыменен кеңескен,
Өзіңменен бекіп белім тең өскен
Егеменді елдігіме бүгінгі
Қол жеткізген Әруақ – ұран емес пе ең?
Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,
Еңсем биік көрінсе екен ертең деп
Көк байрақ ту желбірейді көгімде
Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп
Жүрегімнің отын үрлеп маздаған
Әнұраным жыр боп ұйытқып, қоздаған
Егеменді елдің жайын бүгінгі
Ақын емес ой толғатып жазбаған
Алға ұмтылып өмір атты от дабыл
Толқып келіп жанарыма тоқта кіл
Егеменді елім, өзің ән-жырым
Биіктерден асқақ тұрып соқ дабыл.
4-кезең. «Ойлан тап!»
Оқытады, жазда,
Оқытады қыста
Тілсіз дана ұстаз(кітап)
Білгендерге – гүлдесте
Балдыр-балдыр білмеске. (кітап)
Әлемнен кең, теңізден терең (білім)
Көлемі шағын көп қырлы,
Қолдан қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры
Ішіне сыйып кетеді. (кітап)
Қойған жерінде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.(кітап)
Жабыр арбада жұдырықтай алтын.(ақыл)
Көп әңгіме өлеңін
Күнде оқып беремін.(кітап)
Көзімен дейді,
Қолымен жейді,
Зердесімен қорытады.(білім)