Әлем таныған ұлы Абайға
Біреулерге болғанымен айдала,
Басым иіп тәу етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген
Құдіретіңнен айналайын сарыдала!
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны, ұлы кемеңгері дана Абай өмірімен таныстыру, оның шығармаларына шолу жасап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Абай өмірінен үлгі алып өсуге тәрбиелеу. Сөз өнерінің қыр сырымен таныстыру.
Көрнекілігі: Абайдың ұлағатты сөздері, интерактивті тақта слайд, шығармаларынан кітап көрмесі.
1-жүргізуші: Абай! Осынау есімде қаншама, мән-мағына жатыр десеңізші! Қазақ халқының ұлы классик ақыны, ақыл-ойшылы, ұлы кемеңгері.
2-жүргізушы: Абай қазақ халқының ұлы классик ақыны, зор әлеумет қайраткері. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Әлем таныған ұлы Абайға 175 жыл».
1-жүргізуші: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты –Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.
2-жүргізушы: Абай он жасқа дейін аулда өсіп, молдадан оқыды. 10 жасқа келгенде оны әжесі Семей қаласына әкеліп, медресеге оқуға береді. Медреседе араб, парсы тілінен 3 жыл дәріс алады.
1-жүргізушы:
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең.
Өмірдегі қызығын өлеңменен....
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдері оқылады.
2-жүргізушы:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
1-жүргізуші:
Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.
Бірінші сөз, Екінші сөз,Алтыншы сөз,Тоғызыншы сөз, Он төртінші сөз, Он тоғызыншы сөз, Қырық бірінші сөз, Қырық төртінші сөздер оқылады.
Ән: «Желсіз түнде жарық -ай».
2-жүргізушы:
Аты өшпейді Абайдың мұным анық,
Ар-ожданын намысқа жанып алып.
«Калың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.
1-оқушы: «Қалың елім – қазағым, қайран жұртым».
1-жүргізуші: Ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертарпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.
Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған.
Ән: «Көзімнің қарасы».
2-жүргізуші: Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы.
1-жүргізушы: Абай – ақын.
Ұлы ақынның туған жері – тбиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
Қорытынды.
2-жүргізушы:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Қазақты асқан кемелі,
Жұрттың қамын жеп еді.
Ақынның рухы өлмейды.
Абай – ұлы себебі.
2-жүргізушы:
Кешегі ауыр да қүңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашанда сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
1-нұсқа
1.Бүгінгі таңда Абайдың арнау өлеңдерінің шамамен қандай көлемі белгілі?
А. Жиырма шақты;
В. Отызға тарта;
С. Қырық шақты;
D. Алпыс шақты;
Е. Он беске жуық.
2. Абай айналасында кімді сөзге шешен, ойға жүйрік адам болғандықтан «Сары жорға» деп атаған?
А. Көжекбайды;
В. Оразбайды;
С. Нұрғазыны;
D. Күлембайды;
Е. Абралыны.
3. Абайдың «Кімнің жүгі биік, соған қарғып шыққан мысық» деген сөздері кімге арналған?
А. Абралыға;
В. Күлембайға;
С. Көжекбайға;
D.Әбенге;
Е. Оразбайға.
4. Абай «Абылай» дастанын жазуды кімге тапсырды?
А. Көкбайға;
В. Әріпке;
С. Ақылбайға;
D.Мағауияға;
Е. Әсетке.
5. Абайдың ғұмырнамасынан мол дерек беретін шығарманы ата.
А. «Жастарға»;
В. «Сегіз аяқ»;
С. «Тағы сорлы қазақ»;
D. «Алмастай ағып»;
Е. «Әбішке хат».
6. Көкбай медресесі қай жылы салынды?
А. 1903 ж;
В. 1902 ж;
С. 1901 ж;
D. 1905 ж;
Е. 1906 ж.
7. Әріп өміріне қанық, шығармаларын жинаған адамды ата
А. Т.Мұртазин;
В. Ғ. Шәкерұлы;
С. Б.Мамраев;
D. М.Касаткин;
Е. Ұ.Мұхамедханұлы.
8. М.Дулатұлының «Алаш партиясына қосылған ақынға» өлеңі кімге арналған?
А. Әріпке;
В. Көкбайға;
С. Қуанышбайға;
D. Әсетке;
Е. Ағыбайға.
9. «Шәкәрім авторлық сөз жазудың дәстүрін орта ғасыр әдебиетінен алғанымен, мағынасы жағынан Абайға көбірек жақын», - деген пікірдің авторы.
А. А. Қыраубаева;
В. Малдыбаев;
С. Қенесарыұлы;
D. Ғабдуллин;
Е. М.Мағауин.
10. «Алашқа» атты өлеңнің авторы
А. Ә.Найманбайұлы;
В. К.Жанатайұлы;
С. Құнанбайұлы;
D. Ә.Тәңірбергенұлы;
Е. М.Дулатұлы.
2-нұсқа
1.«Абайдың белгісіз әңгімесі» мақаласының авторы
А. М.Мағауин;
В. М.Әуезов;
С. С. Мұқанов;
D. М.Сәрсекеұлы;
Е. Қ.Алтынбаев.
2. «Абылайдың алғашқы аты шыққан әңгімесі» дастанының авторы
А. Әріп;
В. Әсет;
С. Көкбай;
D. Ақылбай;
Е. Мағауия.
3. Абайдан кейін А.Пушкиннің «Евгений Онегин» туындысын өзінше жырлаған ақын.
А. Әсет;
В. Көкбай;
С. Әріп;
D. Төлеу;
Е. Шәкәрім.
4.Абылай және оның әулеті туралы циклды туындыны екіге бөліп, саралап көрсеткен ғалым
А. М.Әуезов;
В. С.Мұқанов;
С. С.Ғаббасов;
D. М.Қаратаев;
Е. Қ.Алтынбаев.
5. «Бұралып тұрып» өлеңінің тарихын кімнің естелігінен табамыз?
А. Әсет;
В. Әріп;
С. Шәкәрім;
D. Ахат;
Е. Көкбай.
6. У.Шондыбайұлының Кеңестік кезенде «Құланның зары» деген атпен басылған шығармасы
А. «Жолы – Алаша хан» ;
В. «Бір қыздың уақиғасы»;
С. «Қырық уәзір»;
D. «Қандыжап»;
Е. «Боран».
7. Рұм еліндегі оқиғаларға құрылған дастан
А. «Сәлиқа -Сәмен» ;
В. «Әнибалы»;
С. «Боран»;
D. «Софы аллаяр»;
Е. «Ескендір».
8. Абайдың Пушкиннен алып аударған «Евгений Онегин» жайында «Евгений Онегиннен» алып толғаған махаббат жырын- нәзира үлгісімен жазылған лирикалық дастан деп атағанымыз мақұл», - деп пікір білдірген ғалым
А. Ә. Марғұлан;
В. С. Қасқабасов;
С. М. Әуезов ;
D. Н.Ғабдуллин;
Е.Қ.Өмірәлиев.
9. Абай «Вадим» поэмасын кімнен аударды?
А. М. Лермонтов;
В. А.Пушкин;
С. А.Чехов;
D. Л.Толстой;
Е. Б.Стоу.
10. «Әсеттің белгісіз өлеңдері» топтамасының авторы кім?
А. А.Игенұлы;
В. Ғ.Шәкерұлы;
С. Қ. Мұхаметханұлы;
D. К.Жанатайұлы;
Е. Т.Мұртазин.