СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тема " Жалпы химия бақылау сұрақтар мен есептер"

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Емтихан сұрақтары

Просмотр содержимого документа
«Тема " Жалпы химия бақылау сұрақтар мен есептер"»

Емтихан сұрақтары

1. Атом- молекулалық ілім және оның негізгі қағидалары. Химияның негізгі түсініктері

2. Химиялық реакциялар және олардың жіктелуі

3. Химия ғылымының негізгі заңдары.

4. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы

5. Атом құрылысы. Атом ядросы.Атомның планетарлық моделі. Атомның негізгі бөлшектері

6. Комплексті қосылыстар. А.Вернердің координациялық теориясы

7. Бор бойынша сутегі атомының теориясы. Сутегі атомының квантық-механикалық моделі. Квант сандары.

8. Атомдарда орбитальдардың толуының үш ұстанымы: Паули ұстанымы, Гунд, Клечковский ережелері

9. Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық реакияларға әсер етуші факторлар.

10. S-элементтер. Сутек. Сілтілік металдар. Сілтілік жер металдар

11. V-топтың негізгі топша элементтері, қосылыстары және химиялық қасиеттері

12. Ядро құрылысы. Тұрақты және тұрақсыз ядролар. Ядролық реакциялар.

13. Атомдар радиусы. Иондану энергиясы. Электронға жақындық. Электротерістілік

14. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық заң.

15. Элементтердің химиялық қасиеттерінің периодты өзгеруі мен электрондық конфигурациялары

16. Химиялық байланыстар. Химиялық байланыстың негізгі типтері

17. VІ-топтың негізгі топша элементтері, қосылыстары, алу әдістері және химиялық қасиеттері

18. Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы.

19. Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі. Сулы ерітінділердің рН көрсеткіші.

20. VІІ-топтың негізгі топша элементтері, қосылыстары, алу әдістері және химиялық қасиеттері

21. ІV-топтың негізгі топша элементтері, алу әдістері және химиялық қасиеттері

22. Қайтымсыз және қайтымды химиялық реакциялар. Химиялық тепе – теңдік және

Ле – Шаталье ұстанымы.

23. Ерітінділер. Ерітінділер концентрациялары

24. Электролиттік диссоцияция теориясы. Негізгі қағидалары. Электролиттік диссоциация дәрежесі.

25. Периодтық жүйедегі қосымша топша элементтері: І, ІІ, VІ, VІІ және VІІІ топтың қосымша топша элементтері

26. Тұздардың гидролизі. Гидролиз реакциялары. Гидролиздің дәрежесі және константасы

27. Тотығу және тотықсыздану реакциялары. Электрон-иондық және электрондық баланс әдісі

28. Химиялық процестердің энергетикасы мен бағыты. Термохимия заңдары.

29. Гальваникалық элементтер. Электрохимиялық кернеу қатары. Электродтық үрдістер.

30. Катализ. Реакциялардың жылдамдығына катализатордың әсері. Катализ түрлері.


Есептер

1. Массасы 24,8 г бір валентті белгісіз металдың оксиді судың 175,2г массасында ерітілген. Егер берілген құрамындағы оттектің массалық үлесі 25,8% болса, онда түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай болады?

2. Массасы 3,04 г белгісіз металл 9,125 г белгісіз қышқылмен қалдықсыз әрекеттескенде, 2,8 л (қ.ж.) сутек бөлінген. Осы қышқылдың берілген массасын толық бейтараптау үшін 10,0 г күйдіргіш натр қажет болған. Бастапқыда алынған белгісіз металл мен белгісіз қышқылды табыңдар.

3. Массасы 21,0 г екі валентті белгісіз металл карбонатын қыздырғанда, айырылу реакциясы жүрген. Нәтижесінде көлемі 5,6л (қ.ж.) көміртек (ІV) оксиді түзілген. Осы белгісіз тұздың молекулалық формуласын анықтаңдар.

4. Периодтық жүйедегі ІІ топта орналасқан, массасы 3,42г белгісіз металдың гидроксидінен массасы 5,94г осы металдың бромиді алынған. Белгісіз металл гидроксидінің молекулалық формуласын табыңдар

5. Массасы 4,7 г белгісіз металды жаққанда, оның 8,88 г оксиді түзілген. Осы оксидке КОН ерітіндісімен әсер еткенде – КМеО2 қосылысы алынған. Бұл қандай металл

6. Күкірт қышқылының 18%-тік 300 г ерітіндісіне 300 мл су қосылды. Алынған ерітіндідегі Н2SO4-тің массалық үлесі

7. Магний хлоридінің 28% ерітіндісін алу үшін оның 240 г 10% ерітіндісіне қосылатын тұздың массасы

8. Магний хлоридінің 10%-тік 240 г ерітіндісіне 60 г тұз қосылды. Алынған ерітіндідегі MgCl2-нің массалық үлесі

9. A+B 2C реакция теңдеуінде А затының бастапқы концентрациясы 0,22 мольл, ал 10 сек өткеннен кейін 0,215 мольл болса,реакцияның орташа жылдамдығы

10. 300 г 7% және 200 г 2%тік бромсутек қышқылы ерітінділерін араластырғанда алынған қышқылдың массалық үлесі

11. MgSO4-тің 200 г 20%-тік ерітіндісін әзірлеуге қажет MgSO47H2O мен судың массалары

12. 44,8 л сутегі (қ.ж.) хлормен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшері H2+Cl2=2HCl+184,6 кДж

13. Сусыз MnSO4·-тің 20 % ерітіндісін алу үшін 100 моль суда еритін MnSO4··5H2O-ның мөлшері

14. Массасы 11,6г темірдің белгісіз оксидін тотықсыздандыруға көлемі 4,48л (қ.ж.) сутек жұмсалған. Реакцияға темірдің қандай оксиді қатысқан?

15. 10,4г темір және магний металдарының қоспасын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде, 6,72л (қ.ж.) сутек бөлінген. Қоспадағы металдардың әрқайсысының массаларын есептеңдер.

16. 8,0г темір пластинкасын біраз уақыт массасы 250г, массалық үлесі 15% мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінде ұстағанда, пластинканың массасы 8,77г артқан. Реакциядан кейінгі ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін табыңдар

17. 750 кг 48 % күкірт қышқылы ерітіндісінен 300 кг суды суалтқан кезде пайда болған күкірт қышқылының проценттік мөлшері

18. Массасы 5 г барий хлоридін 495 г суда ерітті. Ерітіндідегі барий хлоридінің BaCl2 массалық үлесі

19. Массасы 500 г суда 80 г натрий хлориді ерітілген. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтаңыз

20. 10 -проценттік ерітінді алу үшін 50 г 30-проценттік натрий сульфатының ерітіндісіне құйылатын судың массасы

21. Көлемі 250 мл ерітіндіде массасы 6,3 г азот қышқылы бар - HNO3. Ерітіндінің молярлық концентрациясы

22. 1 литрінде 224 г HNO3 (r = 1,12 г/мл) бар ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесі

23. Еріген затының массалық үлесі 25% болатын 300 г қант ерітіндісін даярлауға қажетті судың массасы

24. Натрий сульфатының 500 г 6 %-ті және 200 г 13 %-ті ерітінділерін қосқанда алынған ерітіндідегі Na2SO4-тің массалық үлесі

25. Калий хлоридінің 250 г 6 %-ті ерітіндісіне 50 г су қосқанда алынған ерітіндідегі KCl-дың массалық үлесі

26. Тұз қышқылының 240 г 20 %-ті ерітіндісіне 160 г су қосқанда алынған ерітіндідегі HCl-дың массалық үлесі

27. Калий нитратының 200 г 2 %-ті және 100 г 5 %-ті ерітінділерін қосқанда алынған ерітіндідегі KNO3-тің массалық үлесі

28. 332 мл суда 68 г калий сульфатын еріткенде алынған ерітіндідегі K2SO4 -тің массалық үлесі

29. Фосфор қышқылының 400 г 10 %-ті және 200 г 4 %-ті ерітінділерін қосқанда алынған ерітіндідегі H3PO4-тің массалық үлесі

30. 20 г 4,9 %-ті күкірт қышқылы ерітіндісін бейтараптауға 10%-ті натрий гидроксиді ерітіндісінің қажет массасы


Емтихан сұрақтары


  1. Электрондардың ығысу теориясы. Индукциялық, мезомерлік эффектілер.

  2. Алкендер. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері. Электрофилдік және радикалдық қосылу реакцияларының (AdE; AdR ) механизмдері. Марковников ережесі, Караш эффектісі.

  3. А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, негізгі қағидалары, теориялық маңызы.

  4. Алкандар. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері. Радикалды орынбасу реакциясының механизмі (SR).

  5. Алкандардың галогентуындылары. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері. SN1 және SN2 реакцияларының механизмдері. Корнблюм ережесі.

  6. Гибридтелу теориясы. Көміртегі атомының SP3, SP2, SP-гибридтелуі.

  7. Стереоизомерия. Оптикалық изомерия – энантиомерлер, диастереомерлер, рацематтар.

  8. Алкиндер. Алу әдістері. Алкиндердің алкендерге ұқсас химиялық қасиеттері.

Электрофилдік және нуклеофилдік қосылу реакцияларының механизмдері.

9. Қосарланған диендер. Құрылысы. Электрофилдік қосылу реакциясының механизмі,

ерекшеліктері. Каучуктер.

10. Алкандардың галогентуындылары. Элимирлену реакцияларының механизмдері (Е1 және Е2). Зайцев және Гофман ережелері.

11. Спирттер. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері. Нуклеофилдік орынбасу реакцияларының механизмдері. (SN) ерекшеліктері.

12. Карбонилді қосылыстар. Алу әдістері Химиялық қасиеттері. Нуклеофильдік қосылу реакцияларының механизмдері. Қышқылдық және негіздік катализ.

  1. Карбонилді қосылыстар. Алдоль – кротон конденсациясының механизмі. Каниццарро реакциясы.

  2. Карбон қышқылдары. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері. Нуклеофилдік орынбасу

реакциясының механизмі. Этерификация реакциясы.

  1. Циклоалкандар. Құрылысы. Байердің “кернеу” теориясы. Конформациялық анализ.

“Банандық байланыс”. Химиялық қасиеттері.

  1. Ароматты қосылыстар. Бензолдың құрылысы. Ароматтылық. Хюккель ережесі.

  2. Ароматты көмірсутекетер. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері. Электрофильді орынбасу реакциясының механизмі (SE)

  3. Бензол сақинасындағы бағытталу ережелері. Бірінші ретті орынбасарлар. Статикалық және динамикалық факторлар. Галогендердің ерекшелігі

  4. Ароматты аминдер. Алу әдістері. Зинин реакциясы. Химиялық қасиеттері. Бензол

сақинасының (SE) реакциялары, ерекшеліктері, амин тобының реакциялары

  1. Бензол сақинасындағы бағытталу ережелері. Екінші ретті бағыттауыштар.

Статикалық және динамикалық факторлар. Келісілген және келісілмеген Бағытталу.

21. Арилгалогенидтер. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері – бензол сақинасының реакциялары. SE – механизмі, және бүйір тізбектегі галогеннің химиялық қасиеттері. Дегидробензол, SN2 ар - механизмдері.

22. Ароматты сульфо қышқылдар. Химиялық қасиеттері – бензол сақинасының (SE) және сульфотоптың химиялық қасиеттері.

23. Фенолдар. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері – бензол сақинасының орынбасу реакциялары (SE), ерекшеліктері және гидроксил тобының реакциялары.

24. Ароматты қатардағы карбонилді қосылыстар. Алу әдістері . Химиялық қасиеттері – бензол сақинасының (SE) реакциялары және карбонил тобының реакциялары. Кляйзен, Перкин, бензоин конденсациялары.

25. Диазо және азоқосылыстар. Диазоттау реакциясының механизмі. Диазоний тұздарының химиялық қасиеттері – азот бөлінетін реакциялар, азот бөлінбейтін реакциялар.

26. Диазоний тұздары. Азобірігу реакциясының механизмі. Азобояғыштар.

27. Алты мүшелі гетероциклдер. Пиридин электрондық құрылысы. Ароматтылық. SE және SN реакциялары.

28. Бес мүшелі гетероциклдер. Электрондық құрылысы. Ароматтылығы. Химиялық қасиеттері – электрофилдік орынбасу (SE) реакциялары, ерекшеліктері. Ацидофобтық.

29. Көмірсулар. Моно - , ди - , полисахаридтер. Құрылысы. Химиялық қасиеттері.

Табиғатта таралуы, маңызы.

30. Окси-, амино-, альдегид-, кетоқышқылдар. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері.


Есептер

  1. Құрамы С6Н13Br – ды сілтінің спирттегі ерітіндісімен қыздырғанда түзілген затты қатаң жағдайда тотықтырғанда ацетон және пропион қышқылына айналады. С6Н13Br –ның құрылысын анықтаңыз

  2. Құрамы С5Н10 алкенді сутектендіргенде 2 – метилбутан түзіледі. Егер С5Н10- ға асқын тотықтың қатысуымен бромсутекті қышқылмен әрекеттеп, сосын түзілген өнімді натриймен қыздырсақ 2, 7 – диметилоктан түзіледі. С5Н10 – ның құрылысын анықтаңыз

  3. Қ. ж. көлемі 5,6 л этилен броммен әрекеттескенде 42,3 г 1,2-дибромэтан түзіледі. Өнімнің теориялық шығыммен салыстырғандағы проценттік шығымен есептеңіз

Алкандар. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері. Радикалды орынбасу реакциясының механизмі (SR).

  1. Массасы 8,4 г көмірсутек қ. ж. көлемі 3,36 л сутегіні қосып алады. Калий перманганатының сулы ерітіндісімен тотықтырғанда құрылысы симметриялы қосылыс түзетін осы көмірсутегінің құрылысын анықтаңыз.

  2. Құрамы С6Н10 көмірсутек натридің спирттегі ерітіндісімен әрекеттескенде тотықсызданып С6Н12 қосылысын түзеді, озондағанда сірке және изомай альдегидтерінің қоспасын береді. С6Н10 қосылысының құрылысын анықтаңыз

  3. Құрамы С5Н8 қосылыс мыс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттескенде қызыл түсті тұнба түзеді, ал қышқылдық ортада калий перманганатымен тотықтырғанда изомай қышқылына айналады, С5Н8 –дің құрылысын анықтаңыз.

  4. Құрамы С6Н10 қосылыс күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеспейді, ал ішінде күкірт қышқылы және сынап сульфаты бар сумен қыздырғанда екі кетонның қоспасын – этилизопропилкетон және метилизобутилкетон түзеді С6Н10 –ның құрылысын анықтаңыз

  5. Ұзын тізбекті бес көміртек атомынан тұратын ацетиленді көмірсутек 80 г броммен әрекеттесіп, 104 г өнім түзеді. Күміс оксидінің аммиакты ерітіндісімен әрекеттеспейтіні белгілі, осы алкиннің құрылысын анықтаңыз

  6. Құрамы С4Н8Br қосылыс гидролиздегенде біріншілік спирт түзеді, ал бромды сутекті бөліп, шыққан өнімге қайтадан бромды сутегін қосқанда, құрамы бастапқыдай, үшіншілік бром туындысын береді. С4Н8Br құрылысын анықтаңыз

  7. С5Н12О СН3MgI–пен әрекеттесіп, газ бөлінеді. КМnО4-тің әрекетіне тұрақты. Концентірлі күкірт қышқылымен қыздырғанда С5Н10 қосылысына айналады. С5Н10- ды тотықтырғанда ацетон және сірке қышқылы түзіледі. С5Н12 О-ның құрылысын анықтаңыз.

  8. С5Н11NO2 қосылыс сілтінің спирттегі ерітіндісінде С5Н11NO2 Na затына айналады. Соңғы қосылыс күкірт қышқылымен әрекеттесіп диэтилкетон түзіледі. Бастапқы қосылыстың құрылысын анықтаңыз

  9. С9Н18О2 затты натрий гидроксидімен қатты қыздырғанда түзілген С8Н18 көмірсутек үшметилсірке қышқылының тұзын электролиздегенде түзілген қосылыспен бірдей. С9Н18О2 – нің құрылысын анықтаңыз.

  10. С5Н8О3 қосылыстың құрылысын анықтаңыз, егер қыздырғанда тұрақты оксим берсе, күміс тотығының аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеспесе, ал амальгамдалған мырыш пен тұз қышқылында тотықсыздандырғанда н-валериан қышқылына айналса.

  11. Реакцияны аяқтап, соңғы өнімді атаңыз.

Br2(1моль) ..... КОН …. KMnO4 …. Ca(OH)2 …. пиролиз ..... ;

сәуле спирт, t [H2SO4] [H2O]


15. Реакцияларды аяқтап, соңғы өнімді атаңыз:

Mg 1) CH3CHO H2SO4

бромбензол …… ….. …… ;

эфир (абс) 2) H2O t0C


16.C8H6CI4 гидролиздегенде 4-хлор-3-метилбензоин қышқылы түзіледі. C8H6CI4 –тің құрылысын анықтаңыз.

1 7.Реакцияларды аяқтап, өнімді атаңыз.






1 8. Реакцияларды аяқтап, өнімді атаңыз:





1 9. Реакцияны аяқтап, соңғы өнімді атаңыз:





20. С9Н8О қосылысы бензальдегидтен алынған. Ол бром суын түссіздендіреді, күміс айна реакциясын береді, перманганаттың судағы ерітіндісімен тотығып бензоин қышқылын түзеді. С9Н8О-ның құрылысын анықтаңыз.

21. Реакцияларды аяқтап, өнімді атаңыз:







22. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз.

Бутен – 2 CH5CH=CH-CHO

23. Реакцияны аяқтаңыз:






24. Соңғы өнімді анықтаңыз.

Изобутилен Cl2 … 2Na … озонолиз ... HOH … ;

5000C

25. Соңғы өнімді анықтаңыз.

Пропилен HBч … KCN … HOH … CH3OH … ;

H2O2 эфир H+ H+

26. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз.

С2H2 CH3COOCH2CH3.

27. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз.

Бензол − мета – бромхлорбензол

28. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз.

Бензол → 3 - амино − 5 – бромбензой қышқылы

Көмірсулар. Моно - , ди - , полисахаридтер. Құрылысы. Химиялық қасиеттері.

29. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз

Бензол → 1, 3, 5- үшбромбензол

30. Соңғы өнімді анықтаңыз.

Бутанол – 1 Al2O3 … Bч2 … 2KOH ... CH3MgI …

T0C спирт T0C


... CH3СH2Bч … Кучеров ...