СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Теориялык жинактама

Нажмите, чтобы узнать подробности

ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм

Просмотр содержимого документа
«Теориялык жинактама»














ТЕОРИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАМА


Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздік-мінез құлықтарын қалыптастыру дағдыларының әдіс-тәсілдері»




Соңғы жылдары қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру аса өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселеге білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен деңгейлерінде ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп жасына дейінгі балалар түрлі қауіпсіздікке жиі ұшырайды. Олар өздерінің физикалық күші мен интеллектуалды-тұлғалық мүмкіндіктерін, қауіпті жағдайды бағалай алмайды, бірақ қауіпсіздік негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа тәжірибені үйренуге қабілетті болып келеді.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде М.А. Котиктің, М.И. Дьяченконың, И.А. Халиуллинаның, Т.Г. Хромцеваның зерттеулерінде қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру тәжірибесі баяндалады. Осы мәселені зерделеуге Р.Б. Стеркина, О.Л. Князева, И.Н. Авдеева елеулі үлес қосты.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу үшін әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіз екендігін, олар жалпы сипаттама түрінде берілгендігін, мектепке дейінгі балалық шақтың нақты жас кезеңдерімен сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Жаңа дәуір адамның тыныстіршілігіне ерекше, жаһандық қауіптердің пайда болуымен сипатталады. Бұл Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметін енгізуге әкелді.

Мақсаты: Педагогтер мен ата-аналарға төтенше жағдайлар кезі қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

  • төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына тәрбиелеу бойынша жұмыстың түрлері мен құралдарын қолдану;

  • мектепке дейінгі ұйым аумағында және топтарда сәйкес заттық дамытушы орта ұйымдастыру;

-балаларды қауіпсіздік көздерімен, қауіпті жағдайларда сақтық және әрекет ету шараларымен таныстыру;

  • балаларда төтенше жағдайлар кезінде саналы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіруі мүмкін түрлі қауіп көздері болуы мүмкін: үй заттары, электр тоғы, от, қыздырылған заттар, ыстық су, азық - түлік, тұрмыстық химия, түрлі көлік құралдары, үй және жабайы жануарлар, кейбір жәндіктер мен өсімдіктер, күн шуағы, төмен ауа

температурасы, суға бату және т.б Бұл материал баланың қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша білімдерін жүйелеуге, тәрбиешінің жұмыс мазмұнына балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін тұрмыс жағдайлары мен төтенше жағдайларда мінез-құлық ережелерін игеру бойынша неғұрлым тиімді әдістерді енгізуге ықпал етеді.

Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың

негізгі әдістері мен құралдары

Ғылыми әдебиетте қауіпсіздік ұғымының көптеген әртүрлі анықтамалары қолданылады. С. И. Ожеговтың сөздігінде «қауіпсіздік» термині «қауіптен қорғайтын, қауіп төніп тұрмаған жағдай ретінде түсіндіріледі, яғни «қауіпсіздік» ұғымы тек қана қауіптіліктің әлеуетті құрбандарымен тікелей байланысады.

Педагогикада қауіпсіздікті «жеке тұлғаның, қоғамның, ұйымның, кәсіпорынның өмірлік маңызды мүдделерін әлеуетті және шынайы төнген қауіпқатерлерден қорғалуының жай-күйі немесе мұндай қауіп-қатерлердің болмауы» деп түсіну қабылданған.

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру ересек тобынан бастап «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың негізгі әдістері: көрнекілік (қауіпсіздік ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсініктерін бекіту үшін тиімді болып келеді),сөздік, ойын (сюжетті-рөлдік, қимылды, дидактикалық ойындар), практикалық (жаттығулар, тәжірибелер, модельдеу).

Оқытудың негізгі формалары мен тәсілдері:

-экскурсиялар;

- мақсатты серуендер

-жорықтар;

-қимылды, дидактикалық, сюжетті-рөлдік, театрландырылған, проблемалық ойындар;

-ойын-жарыстар;

-ойдан оқиға құрастыру;

-бақылаулар;

-әңгімелесулер;

-балалар көркем әдебиетін оқу;

-жаттығулар, тренингтер;

-иллюстрациялар қарау;

-бейнесюжет көру;

  • берілген жағдаяттарды талдау; - тапсырмалар орындау;

-эксперимент жасау.

Оқыту құралдары:

-плакаттар;

-иллюстрациялар;

-түрлі жағдаяттарды бейнелейтін сюжетті суреттер;

-қиылған суреттер;

-мозаика;

-үстел үсті ойындары, дидактикалық ойындар;

-компьютерлік таныстырылымдар;

-жеке жұмысқа арналған карточкалар;

  • милиционер, дәрігер, өрт сөндіруші,бағдаршам костюмдері;

  • бейнесюжеттер, мультфильмдер;

  • ойыншық көліктер (автобустар, жүк, жеңіл, өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктері.);

  • көлік құралдары: (самокаттар, скутерлер, скейтборд, велосипедтер);

-көше мен жолды бейнелейтін үстел үсті макеті;

-альбомдар;

-практикалық ұйымдастырылған оқу қызметтеріне арналған автоалаң; -жол белгілері;

-дәрі қорабы;

-құтқару қызметтері телефондарының карточкалары (101, 102, 103);

-телефон;

-қимылды ойындар картотекасы (мысалы,«Торғайлар мен автокөлік»);

-тақырып бойынша көркем әдебиет таңдау;

-сауық-кештердің сценарийлері;

-жылжымалы папкалар;

-ата-аналарға арналған кеңестер топтамасы.

Бұл әдістер мен тәсілдер өтпелі тақырыптарға сәйкес айқындалады. Мысалы, түрлі әдістемелік тәсілдерді қолданып, өтпелі тақырыптар арқылы «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттерін қалай іске асыруға болады:

-«Балабақша» балаларды балабақша аумағындағы ғимараттармен таныстырады («Балабақшаға келетін жол» жоспар-сызбасын құрастыру, таңбабелгі жүйесін, шығармашылық әңгіме құрастыру және т.б.);

-«Қоршаған орта»: бейнеролик көру: «Мұздағы қауіп-қатер», (суреттер қарастыру, әңгімелесу, жағдаяттарды бейнелеу);

-«Табиғат әлемі»: Ойын әрекеті: «Сен жарақаттандың» (әңгімелерді, жағдаяттарды бейнелеу);

-«Техника және біз!»: мультфильмдер көру: «Электр құралдарын сөндіру», «Электр құралдарын пайдалану ережелері», (үтік, шаңсорғыш, электр плитасы, миксер, электр шамы, магнитофон, телевизор, розетка бейнеленген суреттерді қарастыру; электр құралдары туралы жұмбақтар ойлап табу);

«Мен және қоршаған орта» Тренинг «Көмек көрсетеміз». Жедел жәрдем 103 (жағдаяттарды, әңгімелерді бейнелеу, ойын-тренинг).



ҚОРЫТЫНДЫ

Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтер қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым негіздерін қалыптастыру бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырады. Бұл жұмыс әрекеттің әр түрлерінде: ұйымдастырылған оқу қызметінде, ойын және дербес әрекетте, ересектермен бірлескен жұмыс барысында жүзеге асады.

Қауіпсіз мінез-құлық ережелерін игеру бойынша жұмыста Ақпараттықкоммуникативтік технологияларды қолдану зор мүмкіндіктерді ұсынады.

Компьютерлік техниканы қолдану білім беру қызметін түрлендіруге, оны айқын, көрнекті, мазмұнды етуге мүмкіндік береді. Мультимедиялық презентацияларды қолдану балаларға шынайы өмірдің оқиғалары мен құбылыстарын көрсетуге, нәтижесінде қоршаған ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда ата-аналар маңызды рөл атқарады. Педагогтер мен ата-аналардың бірлескен жұмысы нәтижесінде балалар тұрмыста, табиғатта, қала көшелерінде ұқыпты және сақ болуды үйренеді, адам үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіз мінез-құлық негіздерін игереді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!