| Видеоролик бойынша түсіндіру. Кез келген химиялық реакцияларда бір зат басқа затқа айналғанда жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Сондықтан барлық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп бөледі. Яғни, экзотермиялық реакция дегеніміз - жылу бөле жүретін реакция, ал эндотермиялық реакция дегеніміз - жылу сіңіре жүретін реакциялар. Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады. С+О2→ СО2 +402,24 кДж Н2О→ Н2↑+ О2↑ - 572 кДж Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады. Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңіріледі. Жылу эффектісі температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді. Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды. Экзотерииялық реакция - жылуды бөле жүретін реакциялар (+Q). Эндотермиялық рекциялар - жылуды сіңіре жүретін реакциялар (-Q). (видео көрсету) Слайдтан реагенттердің байланысы үзіліп, өнімнің түзілуі көрсетіледі. Сол бойынша энергия өзгеруін айту сұралады. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакция – бір заттың екінші затқа айналу процессі.       2Н2 + О2 = 2Н2О  Реагенттердің энергиялары реакция өнімдеріне қарағанда көп болатындықтан артық энергия мөлшері жылу ретінде бөлінеді. Оқушыларға графикпен жұмыс істеп үйрету. Әр топ энергияның өзгерісін осы график бойынша түсіндіріп ойларын түйіндейді. Тапсырма №2 –«Түймедақ» Түймедақтың бөлшектерін жинайды.  Бағалау дескрипторы. 1.Жауаптарын табады 2.Экзотермиялық/эндотермиялық реакция екенін біледі. ҚБ – Бірін-бірі бағалау Жаңа сабақты бекіту. №3 тапсырма «Графикпен жұмыс» 1. (а) Атмосфераны ластаушы газдардың бірі азот (II) оксиді болып табылады. Автокөліктерді жүргізу кезінде автокөлік қозғалғыштарында азот пен оттегі әрекеттесіп, азот (II) оксиді түзіледі. Реакция нәтижесінде 66 кДж энергия сіңірілді деп есептелсе, төмендегі графиктің қайсысы сәйкес келетінін анықтаңыздар. А В  (ә) автокөліктің қозғалғышындағы болатын термохимиялық реакция теңдеуін жазыңыздар: (б) 67,2 мл (қ.ж) азот оттегімен әрекеттескенде қанша жылу сіңірілетінін есептеңдер. Бағалау дескрипторы. 1. энергияның өзгерісі арқылы графикті табады 2. Термохимиялық теңдеуін жазады 3.Әрекеттесетін заттың көлемі бойынша сінірілетін жылу шамасын табады ҚБ – Бірін-бірі бағалау №4 тапсырма «Тың ақпарат». Жұптық жұмыс Энергия өзгерісі бойынша термин мен анықтаманы сәйкестендіру | Жылу эффектісі | Экзотермическая реакция | Endothemic reaction | | Экзотермия -лық реакция | Термохимические реакции | Reactions that produce heat | | Термохимия-лық реакциялар | Реакции, идущие с выделением тепла | Thermal effect | | Жылуды сіңіре жүретін реакциялар | Эндотермическая реакция | Exothermic reaction | | Эндотермия -лық реакция | Тепловой эффект | – Reactions that take place with absorption of heat | | Жылуды бөле жүретін реакциялар | Реакции, идущие с поглощением тепла | Thermochemical reactions | Бағалау дескрипторы. 1.Энергия өзгерістері бойынша терминдерді сәйкестендіреді 2. Сұрақтардың жауабын таба алады. ҚБ-Өзара бағалау |