СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Әтеш" Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балаларға арналған ұйымдастырлған оқу қызметінің конспектісі.

Просмотр содержимого документа
«"Әтеш" Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі»

Өткізу күні: 05/03/2018ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «Жаратылыстану»

Өтпелі тақырып: «Жыл құстары»

Тақырыбы: «Көктемде құстарға қамқорлық жасаймыз»

Мақсаттары:

1. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту және құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

2. Құстар туралы білімдерін кеңейту.

3. Балаларды құстар туралы оқыту.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент: Құстар-птицы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалармен амаңдасу.

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар күн не істеп жатыр?

Ағаштар не жарады?

Балалар сендер ағаштарға қалай қамқор жасайсыңдар?

2.Негізгі бөлімі

Балалар қарандаршы бақша ауласыңдағы ағаштардың талдары сыңып қалыпты.

Бақша іші кешегі желдің әсерінен шашылып қалыпты.

Балалар бақшаның ішін қайтадан қалпына келтіруге көмектесмеіз бе?

Жарайысыңдар,балалар!!

Балалар бақша ішін ластауға болады ма?

Неліктен болмайды?

Дұрыс айтасыңдар,балалар!!

Өткені табиғат біздің досымыз.

Табиғатты аялау керек пе?

Онда біз серуенге шыққанда бақша ішіндегі ағаштарды күтіп баптаймыз.

Балалармен далаға шығып табиғатты қалай аялау керектігін үйрету.

3.Қорытынды

Балалар бүгін біз сендермен нелерге көмектестік?

Нені аялап,қамқорлық жасап аяладық?
Табиғатты аялауға керек пе?!

Жарайсыңдар,балалар!

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.











Өткізу күні: 06/03/2018ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: «Жыл құстары»

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаттары:

1. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

2. Балалардың таңымдық белсеңділігін арттыру.

3. Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі,та биғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы



1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Салеметсіңдер ме,балалар!

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі ?

Балалар жылы жақтан нелер ұшып келеді?

Балалар құстар біздің досымыз?

2.Негізгі бөлімі

Балалар сендер қандай қыстап қалатын құстарды білесіңдер?

Балалар бұл құстар нелермен көректенеді?

Оларға қамқор болуға керек пе?

Оларға қалай қамқор бола аласыңдар?

Балалар құстар біздің досымыз болғандықтан оларға жем салатын сауытты жасап бермедік пе?

Балалармен бірпге тақпақ жаттау.

Бала,бала,балақан,

Қол соғайық алақай.

1,2,3, деп айтайық,

Саусақтарды тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып ойнайық.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қаңат қағамыз.

3.Қорытынды

Балалар бүгін біз құстар достарымызға не жасап бердік?

Құстарға қамқор болуға керек пе?

Жарайсыңдар,балалар!

Құстар сендерге қуынып жатыр.







Өткізу күні: 7/03/2018ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «ҚМҰҚ»

Өтпелі тақырып: «Жыл құстары»

Тақырыбы: «Сайыс»

Мақсаттары:

1. Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

2. Балалардың таңымдық белсеңділігін арттыру.

3. Тәулік бөліктерін дұрыс ажыратып білуге,білімдерін бекіту (күн,түн) оқыту.



Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент: күн-день,түн-ночь

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар біз сендермен ойын ойнаймыз,кәне кім тез айтады таңертең біз не істейміз?

2.Негізгі бөлімі

Осы кезде машинамен қуыршақ келеді.

Қуыршақ: Балалар мен де сендермен ойнауға болады ма?

Балалар мен сендерге ойын әкелдім менің сұрағыма кім тез жауабын табады екен.

Біз қай кезде тұрамыз?

Тамақты қай кезде ішеміз?

Қашан ұйықтаймыз?

Жарайсыңдар балалар .Оң қолдарыңды көтеріңдер?

Балалар бәріміз алдарымызда жатқан жолақшаларды оң жаққа сарысын,сол жаққа қызылды орналастырамыз

Балалар қызыл жолақшаға сары алманы,сары жолақшаға қызыл алманы орналастырамыз.

Балалар сары жолақшадаға алма көп пе,әлде қызыл жолақшадағы алма көп пе?

Сергіту сәті:

Бала,бала балақан.

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт

Былай былай ойнат.

Балалар біз сендермен ойын ойнаймыз,»Осындай затты тауып сал»

3.Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы қортындылау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.













Өткізу күні: 12/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «Жаратылыстану»

Өтпелі тақырып: «Өнер көзі халықта»

Тақырыбы: «Сиқырлы дорба»

Мақсаттары:

1. Заттардың құрлымын ажыратуға тәрбиелеу.

2. Сипап- сезу арқылы заттардың қасиетін аңықтауға үйрету.

3. Қоршаған ортадағы заттараға назар аудары отырып,оқыту.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар, біз өткен сабақтарда жемістер мен көкөністерді ажырата білдік.

Ендеше жемістерді атайық.

Ал, көкөністерге нелер жатады?

2.Негізгі бөлімі

Ғажайып сәт:

Қонаққа әже келеді. Ол өзімен бірге сиқырлы дорба әкеліпті.

Балалар мынау қандай заттар?

Балалар мынау не?

Алманың түсі қандай?

Ал,пішіні қандай?

Алманың дәмі қандай?

Лимоның түсі және дәмі қандай?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Иілеміз оңға бір

Иілеміз солға бір

1,2,3 қолымызды созамыз.

3.Қорытынды

Балаларға заттарды салыстырып,пішіндерін,көлемін ажыратып және атап көрсетемін

Сұрақ-жауап арқылы қортындылау





















Өткізу күні: 13/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «Жаратылыстану»

Өтпелі тақырып: «Өнер көзі халықта»

Тақырыбы: «Шай әзірлеу»

Мақсаттары:

1. Абайлық сақтауға тәрбиелеу.

2. Шай әзірлеумен сөздік жұмыспен таныстыру. (шайнекке шай салу,

қайнаған суды құю, кеселерге құю).

3. Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауымен толықтыру: сүт құйғыш, қант салғыш.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Сәлемәтсіңдер ме,балалар?

Біз бүгін Райхан әжемізге қонаққа барамыз.

2.Негізгі бөлімі

Д/О: «Райхан әжемізде қонақтамыз»

Балалар,Райхан әже сендерді шәй ішуге шақырып отыр.

Бірақ әжемізге көмектесу керек.

Суды қайнату.

1.«Шәй дайындау»

2. «Дастарханды дайындау».

Ең басында дастарханға нан қою керек.

Нанаға екі табақшаны қоямыз.

Сосын қант әкелу керек.

Қант салатын ыдысты біз «Қант салғыш» деп айтамыз.

Қантты біз қайда қосамыз?

Сосын шәй қандай болады?

Ал қантты біз немен бұлғаймыз?

Қасықты әкелу керек.

3.Қорытынды

Балалар,біз бүгін қайда қонаққа бардық?

Онда не істедік?

Ең басында дастарханға не қоямыз?














Өткізу күні:14/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «ҚМҰҚ»

Өтпелі тақырып: «Өнер көзі халықта»

Тақырыбы: «Кемелер»

Мақсаттары:

1. Балаларды ұқыпты болуға тәрбиелеу.

2. Заттарды салыстыру қабілеттерін бекіту.

3. Суда жүзетін көліктер туралы мағлұмат беру.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент: кеме-корабль.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар менің қолымда қандай ойыншық?

Оның көлемі қандай?

Неден жасалған?

Қане, түстерді есімізге түсірейікші.

2.Негізгі бөлімі

Қонаққа әже келеді.

Өл өзімен бірге сиқырлы қорабша әкеліпті.

Балалар қарандаршы қорабшанын іші толған ойыншықтар.

Балалар ойыншықтар неден жасалады?

Мынау қандай ойыншық?

Доп неден жасалған?

Мынау қой неден жасалған?

Ал, мынау ойыншық жұмсақ заттан ба, әлде қатты нәрседен жасалған ба?

Сергіту сәті

Буратино созылды

Бір еңкейді, тұрды

Екі еңкейді, тұрды

Екі жаққа қолын созды

Сосын жүрді, жүрді, жүрді

Балалар ойыншықтарды сындырмай ойнау керек.

3.Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы қортындылау. Балаларды мақтау, мадақау.















Өткізу күні: 14/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Өтпелі тақырып: «Өнер көзі халықта»

Тақырыбы: «Әжемнің үйінде қонақтамыз»

Мақсаттары:

1. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2. Екі затты биіктігі бойынша салыстыруларын дамыту.

3. Беттестіру немесе салыстыру тәсілдері бойынша екі бірдей емес заттарды беттестіру арқылы салыстыруларын оқыту.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент: Киіз үй –юрта, бабушка-әже.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Әжеміздің үйіне қонаққа баратынымыз жайында хабарлаймын.

2.Негізгі бөлімі

Әжеміздің ауылына қандай көлікпен барамыз, біз көппіз?

кім жүргізуші болады?

Ауылға жеткенше бір ән айтайық. Ол әнді әжеге де айтып береміз ғой, қане қандай ән айтайық?
Әжемнің ауылынада келдік, әжемен амандасамыз.
Әжеміздің үйі киіз үй, бұл үйдің ерекшелігі киіз үй жиналады, қайта құрылады, үйдің сыртына киіз жабылған, үйдің қабырғасы кереге, төбесіне жабылған ағаш уық, шаңырақ, Ертеде біздің ата-әжелеріміз осындай киіз үйде тұрған.

Сергіту сәті:

Қане, қане тұрайық.

Киіз үй бізқұрайық.

Оң қолымды көтердім,

Уықты мен көтердім.

Сол қолымды көтердім,

Уықты мен көтердіп.

3.Қорытынды

Біз бүгін кімге қонаққа келдік?

Әже қандай үйде тұрады?

әженің үйі сендерге ұнады ма?

Әжемен қоштасып өз алабақмызға қайтайық.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.













Өткізу күні: 15/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: «Мүсіндеу»

Өтпелі тақырып: «Өнер көзі халықта»

Тақырыбы: «Әдемі кесе»

Мақсаттары:

1. Балаларды ұқыпты болуға тәрбиелеу.

2. Кесенің ең қарапайым түрін мүсіндеуге үйрету.

3.Балаларға кесе туралы түсінік беріп оқыту.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент:кесе-кесушка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар бізге қонаққа әжеміз келіпті,кәне әжемізбен амандасайық.Балалар әжеміз жай келмепті өзімен бірге сендерге тапсырма ала келіпті орындаймыз ба?

2.Негізгі бөлімі

Әжеміз н алып келіпті екен?

Кесемен біз не істейміз?

Ол неге жатады?

Кесенің пішіні қандай?

Ендеше біз осы кесені жасап үйренеміз.

Ең бірінші ермексазды екі алақан арасына салып домалатамыз,содан соң саусақпен басамыз да жан-жағын тегістейміз.

Сергіту сәті:

Бала,бала балақан,

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

3.Қорытынды

Балалар жасаған кеселерін әжеге сыйлайды.

Тақырыпқа байланысты балаларға қорытынды сұрақтар қою.



















Өткізу күні: 16/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Өнер көзі халықта»

Тақырыбы: «Алаша»

Мақсаттары:

1. Әсемдікке балаларды тәрбиелеу.

2. Балалардың шығармашылығын дамыту.

3. Солдан оңға қарай гуашьпен түрлі−түсті сызықтарды салу.



Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті тұрады.

Әлемде бар балаға,

Тек жақсылық ойлады.

2.Негізгі бөлімі

Балалар қарандаршы ненің суретін көріп тұрсындар?

Төсеніш деп те айтамыз,дұрыс айтқанда алаша дейміз.

Бүгін біз гуашпен алашаға ирек сызықтар салып үйренеміз.

Алаша түрлі-түсті болады.


Балаларға таза, ұқыпты салуға естеріне түсіру.


Алашаға иректі салу жолын балаларға көрсету.


Сергіту сәті:

Ал, балалар ,тұрайық

Алақанды ұрайық,

Жоғары-төмен қарайық

Оңды,солды бақылап,

Бір отырып,бір тұрып

Тынығып біз алайық.

3.Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Мақтап-мадақтау.













Өткізу күні: 19/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «Жаратылыстану»

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр»

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаттары:

1. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

2. Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.

3. Олардың күту жолдарын түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Салеметсіңдер ме?! Балалар бүгінгі көңіл күйлерін қалай?

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Бүгінгі ауа –райы қандай?

Дұрыс айтасыңдар ,балалар.

Тосын сый

Жануарлар дауысы шығады.

Балалар сендер естіп тұрсыңдар ма?

Дауыс шығып жатыр.

Бұл дауыстар нелердің дауыстары екен білесіңдер ме?

Ал мен білмейді екем,тағы да естіп көрейікші.

Дұрыс айтасыңдар,балалар.Бұл үй жануарларының даусы екен

2.Негізгі бөлімі

-Балалар қарандаршы бізге топқа қонаққа үй жануарлары келіпті.

-Қанеки үй жануарларымен амаңдасайықшы.

-Балалар бізге үй жануарлары қол бос келмепті.Өздерімен бірге өзерінің сыйлықтарын алып келіпті екен.

-Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?

-Онда мен сендерді үй жануарларымен таныстырамын.

-Ең бірінші мен сендерді жылқымен таныстырамын.

Жылқы сөйлейді.

-Екінші мен сендерді сиырмен таныстырамын.

Сиыр сөйлейді.

-Үшінші мен сендерді қоймен таныстырамын.

Қой сөйлейді.

-Төртінші мен сендерді ешкімен таныстырамын.

Ешкі сөйлейді.

-Балалар енді біз сендермен үй жануарларымен таңыстық.

Балалар үй жануарларының бізге деген пайдасы көп екен.

Балалар сендер шаршаған шығарсындар сендермен сергіту сәттін жасайық.

Сергіту сәтті.

«Дауысын ажырат»

Мақсаты: үй жануарларының дауыстарын ажыратуға үйрету.

-Балалар сендерге ойын ұнады ма?

-Балалар біз үй жануарларына қандай күтім жасауымыз керек?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар!

-Балалар енді қоштасатын де кез келді.

-Үй жануарлары өз жайлауларына қайтатын кезі де келді.

3.Қорытынды

-Балалар бізге қонаққа нелер келді ?

-Сендерге үй жануарларымен танысқан ұнады ма?

-Балалар сонда бізге үй жануарларының пайдасы көп екен?!

-Олар бізге не береді?

-Дұрыс айтасыңдар , балалар.

Жарайсыңдар,балалар.

-Сендер ақылды балалар екенсіңдер.

























































Өткізу күні: 20/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр»

Тақырыбы: «Ұлттық ойындар»

Мақсаттары:

1. Үлкен кісілерді құрметтеуге тәрбиелеу.

2. Балаларға қазақи нақыштағы ұлттық ойындарды ұсыну.

3. Ұлттық ойындар туралы мәлімет беру.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалармен амаңдасу.

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар қандай үлкен мерекелер келе жатыр?

Дұрыс айтасыңдар,балалар Наурыз мейрамы келе жатыр.

Балалар ал сендер мейррамда қандай ұлттық ойындар ойналатының білесіңдер ме?

2.Негізгі бөлімі

Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар сендер ұлттық ойындар ойнағанды ұнатасыңдар ма?

Дұрыс,балалар мен де ұлттық ойын тоғызқұмалақты ойнағанды жақсы көремін.

Балаларға суреттерді көрсету арқылы өз еркілерімен әңгіме құрастыруға үйрету.

3.Қорытынды

Балалар жарайсыідар сендер барлық ұлттық ойыендарды білесіңдер.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.























Өткізу күні: 26/03/18ж

Тәрбиеші:Еслямова Д.Т

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»

Тақырыбы: «Көктем келе жатыр!»

Мақсаттары:

1. Қоршаған ортаға байланысты жылы сезімдерін,қызығушылықтарын тәрбиелеу.

2. Көктемдегі ауа райының өзгеруін балаларға түсіндіру.

3. Балаларды табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету және ауызша айтуын бақылау.

Педагогикалық технологиялар: Слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта

Билингвалдық компонент: Көктем-весна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалармен амаңдасу.

Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

2.Негізгі бөлімі

Балалар қазір көктем мезгілі екендігін қайдан білдіңдер?

Көктемде қар не істейді?

Ағашатар не жарады?

Жылы жақтан нелер ұшып келеді?

Қандай құстар ұшып келеді?

Балалар құстарға қалай қамқор болу керек?

Құстар нелермен коректенеді?

Құстарға қалай қамқор болдуға керек?

Балалар серуенге шыққанда құстарға арнап жем салғыш сауыт жасап берейік.

3.Қорытынды

Балалар бүгін біз сендермен қандай жыл мезгілімен таңыстық?

Көктем мезгілінің ерекшелігін атап өтетіндер?

Құстарға қалай қамқор болу керек?

Жарайсыңдар,балалар!!!

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!