1. Ақпарат көздеріне нелер жатады?
А) органолегтикалық, визуалдық, дыбыстық, тактильді.
Ә) бұқаралық, арнайы, жеке
Б) механизмдер, технологиялық процесстер, ғылыми эксперименттер, табиғат объектілері
2. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі не?
А) Бит
Ә) Байт
Б) 8 бит
3. Дыбыстық ақпарат қалай беріледі?
А) көрінетін бейнелер мен символдар арқылы
Ә) қабылдайтын иістер мен дәмдер арқылы
Б) дыбыстар арқылы
4. Компьютердің негізгі құрылғыларын көрсет.
А) шиналар, аналық тақша, жедел жад
Ә) монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блок
Б) енгізу және шығару құрылғылары
5. Компьютердің «миы» деген қай құрылғы?
А) жедел жад
Ә) монитор
Б) процессор
6. Монитордың қандай түрлері бар?
А) электронды - сәулелік, сұйық кристалды
Ә) лазерлік, сымсыз, механикалық
Б) лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш
7. Монитор қандай құрылғы?
А) компьютердің толықтай жұмысын басқарады.
Ә) ақпаратты уақытша сақтайды.
Б) мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығарады.
8. Функционал пернелер қандай қызмет атқарады?
А) күрделі операцияларды тез орындайды.
Ә) экранда меңзерді басқарады.
Б) сандарды, әріптерді, тыныс белгілерді енгізеді.
9. Программалық жабдықтамалардың қандай түрлері бар?
А) арнайы және әмбебап
Ә) операциялық жүйе, драйвер
Б) жүйелік, қолданбалы программалар және программалау жүйелері
10. Драйвер қандай программа?
А) компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге орнатылатын программалар
Ә) мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған
Б) пайдаланушылардың үлкен тобы үшін қажет программалар.
11. Қауіпсіздік техникасының ережелері қандай пункттерге бөлінеді?
А) механизмдер, технологиялық процестер, ғылыми эксперименттер, табиғат объектілері.
Ә) жалпы, ДК - мен жұмыс алдындағы, апаттық жағдайлардағы, жұмыс соңындағы талаптар мен ережелер
Б) шаршағанда және көз талғанда жасалатын жаттығулар.
12. Органолептикалық ақпарат қалай беріледі?
А) дәмдер мен иістер арқылы
Ә) түйсіну арқылы
Б) дыбыстар арқылы
13. Ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғы –
А) жедел жад
Ә) тұрақты жад
Б) сыртқы жад
14. Пернетақта қандай құрылғы?
А) ақпаратты шығару құрылғысы
Ә) ақпаратты енгізу құрылғысы
Б) микропроцессорлық кешен
15. Аналық тақшадан қандай құрылғылар орналасқан?
А) процессор, шина, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен
Ә) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан
Б) тышқан, принтер, сканер, микрофон
16. Тышқанның қандай түрлері бар?
А) электронды - сәулелік, сұйық кристалды
Ә) лазерлік, механикалық, сымсыз
Б) сия бүріккіш, лазерлік, матрицалық
17. Меңзер дегеніміз не?
А) компьютердің миы
Ә) микросхемалар жиынтығы
Б) экранда жыпылықтап тұратын символ
18. Қазіргі пернетақталарда неше перне бар?
А) 101 немесе 100
Ә) 101 немесе 103
Б) 101 немесе 105
19. Қолданбалы программалардың қандай түрлері бар?
А) арнайы және әмбебап
Ә) терезелік, командалық
Б) операциялық жүйелер, драйвер
20. Интерфейс деген не?
А) компьютер мен адам арасындағы қарым – қатынас тәсілі
Ә) жүйелік программалардың негізгісі
Б) программалау тілдері мен арнайы программалар.
8 - сынып, 1 - тоқсан, 1 - нұсқа
1. Санау жүйелері –
а) пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым
ә) сандарды өрнектеудің тәсілдері және сандармен әрекет жасау ережелері
б) бөлшек және теріс таңбалы сандарды өрнектейді
2. Логика ғылымының қандай салалары бар?
а) позициялық, позициялық емес
ә) екілік, ондық, сегіздік, оналтылық
б) формалды, ықтималдық, математикалық, диалектикалық
3. Логикалық қосу қандай жалғаулық көмегімен жасалады?
а) ЖӘНЕ
ә) НЕМЕСЕ
б) ЕМЕС
4. Принтердің қандай түрлері бар?
а) сымсыз, лазерлік, механикалық
ә) электронды - сәулелік, сұйықкристалды, плазмалық
б) матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш
5. Мына құрылғылардың қайсысы компьютер «миы» болып табылады?
а) шиналар
ә) жүйелік блок
б) микропроцессор
6. ДК - нің негізгі құрылғыларын көрсет:
а) тасымал, қалта және планшеттік
ә) жүйелік блок, пернетақта, принтер, тышқан
б) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан
7. Монитордың қандай түрлері бар?
а) сымсыз, лазерлік, механикалық
ә) электронды - сәулелік, сұйықкристалды, плазмалы
б) матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш
8. Монитор қандай құрылғы?
а) ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы
ә) ақпаратты енгізу құрылғысы
б) енгізілген мәліметті экранға шығаратын құрылғы
9. Интерфейс –
а) ДК құрылғыларын басқаратын арнайы программалар
ә) компьютер мен адам арасындағы қарым - қатынас тәсілі
б) мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешеді
10. Мыналардың қайсысы ОЖ болып табылады?
а) PASCAL, BASIC, QBASIC, DELPHI т. б.
ә) PAINT, MS WORD, WINDOWS NT, UNIX, MS POWERPOINТ т. б.
б) MS DOS, UNIX, WINDOWS 7, WINDOWS XP т. б.
11. WINDOWS қандай операциялық жүйе?
а) командалық
ә) графикалық
б) біртапсырмалы
12. Архив деген не?
а) файлды архивтен алу әдісі
ә) файлды архивтік файлға жазу процесі
б) сығылған файл
13. Өздігінен көбеюге қабілетті программалар:
а) вирустар
ә) антивирустер
б) архиваторлар
14. Алгоритмді жазудың қандай жолдары бар?
а) табиғи, алгоритмдік, графиктік және программалау тілдерімен
ә) сызықтық, тармақталған және циклдік
б) дискреттілігі, анықтығы, жалпылығы және нәтижелілігі
15. Программа деген не?
а) әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм
ә) алгоритмдердің программалау тілдерінде жазылуы
б) есептеу процесі бөліктерінің қайталанып орындалуы
16. Төмендегі өрнектің Паскаль тіліндегі дұрыс емес жазылуын көрсет.
Z=(x^2+y^2)/(1 -(x^2+y^2)/2)
а) z:=(sqr(x)+sqr(y))/(1 -(sqr(x)+sqr(y)/2)
ә) z:=(x*x+y*y)/(1 -(x*x+y*y)/2)
б) z=(x*x+y*y)/(1 -(x*x+y*y)/2)
17. Символдар тобын қалай жіктеуге болады?
а) атаулар, цифрлар, айыру белгілері, арнайы символдар
ә) бүтін, нақты, логикалық, тіркестік, мәтіндік
б) айнымалылар, тұрақтылар, функциялар, процедуралар
18. Тип дегеніміз не?
а) программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамалар
ә) шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама
б) программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамалар.
19. Мыналардың қайсысы енгізу операторы:
а) GOTO;
ә) READ(a1, a2, …, an);
б) WRITE(a1, a2, …, an);
20. Паскаль тіліндегі программаның оператор бөлімінде:
а) орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады
ә) программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді жалпы объектілердің қасиеттері алдын ала сипатталады
б) программаның тақырыбы жазылады
8 - сынып, 1 - тоқсан, 2 - нұсқа
1. Логика қандай ғылым?
а) пікірлер мен олардың байланыстары туралы ғылым
ә) ақпараттарды оқып білудің жалпы пәні
б) сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілін зерттейді
2. Санау жүйелері қандай топтарға бөлінеді?
а) екілік, позициялық, ондық, оналтылық, сегіздік
ә) позициялық, позициялық емес
б) ондық, екілік, оналтылық
3. Принтер қандай құрылғы?
а) ақпараттарды уақытша сақтайтын құрылғы
ә) ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы
б) қағаздағы кескінді түсіріп, экранға шығаратын құрылғы
4. ОЖ - ның қызметі:
а) арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды
ә) мониторда көретін ақпарат бейнесін басқарады
б) компьютер жұмысын басқарып, пайдаланушы мен компьютерді байланыстырады
5. Антивирустардың қандай түрлері бар?
а) файлдық, жүктейтін, желілік, резидентті
ә) арнайы және әмбебап
б) детектор, доктор, ревизор және фильтр программалар
6. Тасымал компьютерлердің қандай түрлері бар?
а) блокноттар, қалта және планшеттік компьютерлер
ә) тұрмыстық, жалпы, кәсіби компьютерлер
б) үлкен - ЭЕМ, мини - ЭЕМ, микро - ЭЕМ, ДК - лер
7. Алгоритмнің қандай типтері бар?
а) табиғи, алгоритмдік, графиктік, программалау
ә) арифметикалық және қадамдық
б) сызықтық, тармақталған, циклдік
8. Мыналардың қайсысы ДК - нің қосымша құрылғылары?
а) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан
ә) қатқыл диск, иілгіш магниттік диск, компакт - диск, флэшкалар
б) принтер, сканер, джойстик, акустикалық динамиктер, сыртқы жадтау құрылғылары т. б.
9. Процессор құрамына қандай құрылғылар кіреді?
а) аналық тақша, шиналар, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен
ә) басқару құрылғысы, арифметикалық - логикалық құрылғы, жад регистрлері
б) дыбыстық карта, аналық тақша, дискжетек, желілік карта
10. Тармақталу алгоритмдерінің қандай түрлері бар?
а) толымды және толымсыз
ә) арифметикалық және қадамдық
б) ішкі және сыртқы
11. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм –
а) тармақталған алгоритм деп аталады
ә) циклдік алгоритм деп аталады
б) сызықтық алгоритм деп аталады
12. 42 mod5=?
а) 8
ә) 2
б) 5
13. ІҒ шартты операторының жалпы жазылу пішімі:
а):=
ә) ІҒ
THEN
ELSE;
б) ІҒ
ELSE
THEN;
14. Шарт өрнегін жазу үшін қандай белгілер қолданылады?
а) қатынас белгілері
ә) арифметикалық амалдар
б) логикалық операциялар
15. Паскаль тіліндегі нәтижені экранға шығаратын оператор:
а) WRITELN(a1, a2, …an);
ә) READLN(a1, a2, …an);
б) IF, THEN, ELSE
16. х2 - тың Паскаль тілінде жазылуы:
а) sqrt(x)
ә) sqr(x)
б) exp(x)
17. Паскаль тіліндегі типтер қандай топтарға бөлінеді?
а) сызықтық, тармақталу, циклдік
ә) құрылымдық және қарапайым
б) ақиқат және жалған
18. Бүтін типтердің сипатталуы:
а) BOOLEAN
ә) REAL
б) INTEGER
19. Төмендегі операторлардың қайсысы дұрыс емес:
а) x:=a - 5d
ә) y:=sinx - 65a
б) 5:=y+x
20. READLN(a1, a2, …, an); операторының қызметі:
а) ешбір мән енгізбей курсорды келесі қатарға көшіреді
ә) айнымалылардың мәндері енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді
б) айнымалылардың мәндері енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді.
7 - сынып. І - тоқсан. І - нұсқа
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі:
а) бит ә) байт б) кбайт
2. Кодтау дегеніміз не?
а) қандайда бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсыну
ә) хабардың ұзындығы б) екілік таңба
3. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады?
а) 3 ә) 4 б) 5
4. Қазіргі компьютерлер қай буынға жатады?
а) 3 - буынға ә) 5 - буынға б) 4 - буынға
5. Компьютерлер жадының қандай түрлері бар?
а) кэш жады, сыртқы жадә) жедел жад, тұрақты жад
б) ішкі жад, сыртқы жад
6. Компьютерлер қандай құрылғы?
а) ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғы
ә) ақпаратты енгізу құрылғысы
б) ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құрал
7. Аналық тақташада қандай құрылғылар орналасқан?
а) процессор, шиналар, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен т. б.
ә) принтер, сканер, модем, микрофон т. б.
б) тышқан, пернетақта, монитор, жүйелік блок
8. Тұрақты жад –
а) ақпаратты уақытша сақтауға арналған жады
ә) ақпаратты тұрақты сақтауға арналған жады
б) үлкен көлемдегі ақпаратты ұзақ сақтауға арналған
9. Программалық жабдықтамалардың қандай түрлері бар?
а) жүйелік, қолданбалы программалар, программалау жүйелері
ә) арнайы және әмбебап
б) программалау тілдері, арнайы программалар
10. Windows объектілеріне нелер жатады?
а) Бас меню, «Іске қосу» батырмасы, меню жолындағы меню мен командалар
ә) қапшық, файл, терезе, таңбаша, белгішелермен тышқан нұсқағышы
б) қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтама терезелер
11. Контекстік немесе динамикалық меню қай кезде шығады?
а) тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде
ә) тышқанның сол жақ батырмасын шерткенде
б) тышқанның екі батырмасын да қатар шерткенде
12. Жұмыс үстелі дегеніміз не?
а) экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ
ә) обьектілер қоймасы
б) Windows - тың негізгі экраны
13. Тышқанда шерту деген не?
а) тышқан нұсқағышын қажет объектіге орналастырып, сол жақ батырмасын 1 рет басып, қайта жіберу
ә) тышқан нұсқағышын қажет объектіге орналастырып, сол жақ батырманы жылдам 2 рет басып, қайта жіберу
б) тышқан нұсқағышын қажет объектіге орналастырып, оң жақ батырмасын басып, қайта жіберу
14. Терезенің қандай түрлері бар?
а) файлдар, қапшықтар, белгішелер, таңбашалар
ә) қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтамалық
б) Бас меню, тапсырмалар тапсырмалар тақтасы, «Іске қосу» батырмасы
15. Файл дегеніміз не?
а) аты бар бірқатар байттар тізбегі
ә) Windows - тың негізгі экраны
б) экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ
7 - сынып, 1 - тоқсан, 2 - нұсқа
1. Ең алғашқы ЭЕМ қалай аталды және қашан шығарылды?
а) EDSAC, 1949 жылы ә) ENIAC, 1946 жылы б) МЭСМ, 1947 - 48 ж. ж
2. ЭЕМ дамуының 1 - буыны қай жылдар аралығын қамтыды?
а) 1945 - 1955 ж. ж ә) 1940 - 1955 ж. ж б) 1946 - 1953 ж. ж
3. Компьютердің аппараттық құралдарына нелер жатады?
а) жүйелік программалар, қолданбалы программалар, программалау жүйелері
ә) енгізу - шығару құрылғылары, процессор, компьютер жады
б) байланыс құрылғылары, сыртқы жад құрылғылары
4. Компьютердің негізгі құрылғыларын көрсет:
а) процессор, шиналар, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен
ә) жүйелік блок, пернетақта, тышқан, монитор
б) принтер, сканер, плоттер, джойстик, модем
5. Сканер -
а) қағаздағы кескінді түсіріп, экранға шығарады ә) ақпаратты қағазға басып шығарады
б) дыбысты электр сигналына түрлендіреді
6. Жедел жад -
а) ақпаратты уақытша сақтайды ә) ақпаратты тұрақты түрде сақтайды
б) үлкен көлемдегі ақпаратты ұзақ уақытқа сақтайды
7. Интерфейстің неше түрі бар?
а) 2 түрі бар, арнайы және әмбебап ә) 2 түрі бар, командалық және терезелік
б) 3 түрі бар, сызықтық тармақталу және циклдік
8. Әмбебап программаларға қандай программалар жатады?
а) мәтіндік, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, электрондық пошта программалары т. б.
ә) бухгалтерлік программалар, автоматтандырылған жобалау жүйелері, медицина бойынша эксперттік жүйелер т. б.
б) программалау тілдері мен арнайы программалар
9. Тышқан көмегімен қандай амалдар орындауға болады?
а) терезені жабу, жималау, қалпына келтіру
ә) шерту, 2 рет шерту, алып бару, созу
б) белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу т. б.
10. Терезе дегеніміз не?
а) аты бар бірқатар байттар тізбегі б) Windows - тің негізгі экраны
ә) экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ
11. Windows - тің басқару элементтеріне нелер жатады?
а) «Іске қосу» батырмасы, Бас меню, меню жолындағы меню мен командалар
ә) қапшықтар, терезелер, файлдар, таңбашалар, белгішелер, тышқан нұсқағышы
б) қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтамалық
12. 1 байтта неше бит бар?
а) 2 бит ә) 4 бит б) 8 бит
13. Диалогтық терезелер -
а) Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтамалық ақпаратты шығарады
ә) қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе
б) Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін қолданба
14. Пернелер қандай блоктарға бөлінеді?
а) арнайы пернелер, пернелер комбинациясы ә) 101 немесе 105
б) символдық, функционалдық, цифрлық, нұсқаушы
15. «Num Lock» пернесінің қызметі -
а) цифрлық пернелердің жұмыс режимін ауыстырып қосады
ә) символдарды бір - бірінен ажыратып жазады
б) меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
11 - сынып, 1 - тоқсан, 1 - нұсқа
1. Қауіпсіздік ережелері қандай пунктерден тұрады?
а) жалпы, дербес, жаттығулар
ә) жалпы, апаттық жағдайдағы, алғашқы медициналық көмек көрсету
б) жалпы, дербес компьютермен жұмыс алдындағы, жұмыс кезіндегі, апаттық жағдайдағы, жұмыс соңындағы
2. Интерфейс -
а) адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тәсілі
ә) жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді
б) жан - жағына еркін қозғалатын рычагты манипулятор
3. Пернетақта -
а) қағазға ақпаратты енгізуге арналған құрылғы
ә) меңзерді экранда жылжытуға арналған
б) ақпарат енгізуге арналған құрылғы
4. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
а) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан, принтер
ә) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан, сканер
б) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан
5. ОЖ қандай программалық жабдықтамаға жатады?
а) арнайы программалар
ә) жүйелік программалар
б) қолданбалы программалар
6. Мыналардың қайсысы ОЖ - лер болып табылады?
а) MS DOS, UNIX, Windows 7, Windows XP
ә) MS Excel, Windows Paint, WordArt
б) Блокнот, Калькулятор, WordPad, MS OFFICE
7. ОЖ - ді баптау дегеніміз не?
а) адам мен компьютер арасындағы қатынасу тәсілі
ә) пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту
б) Windows XP - дің негізгі экраны
8. Роботтардың пайда болуы ЖИ саласындағы зерттеулердің:
а) бірінші сатысы
ә) екінші сатысы
б) үшінші сатысы
9. Жасанды интеллектінің пайда болуымен қандай ғылыми жаңа пән пайда болды?
а) сараптама жүйелері
ә) роботтар
б) инженерлік білім
10. ЖИ - ді әзірлеушілер ұжымына кіретіндер:
а) пәндік сала шарапшылары, инженерлер, жасанды интеллект жобалаушылары, бағдарламашылар
ә) лектор, ассистент, доцент, профессорлар
б) мемлекеттік қызметкерлер
11. Қазіргі кезде ЖИ бойынша жұмыстардың жалпы көлемінде ЖИ - дің үлесі:
а) 95 %
ә) 90 %
б) 85 %
12. ЖИ - де барлық мүмкін болатын әрекеттер:
а) роботтар түрінде беріледі
ә) ережелер түрінде беріледі
б) интегральды схемалар негізінде беріледі
13. Жасанды интеллект –
а) әртүрлі салалардан білімді анықтауға, жинауға және түзетуге, осы білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда, барынша тиімді болып есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ә) модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭЕМ көмегімен семантикаға жүгіну талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми - зерттеу бағыты
б) білімдерді беру және қалыптастыру саласында зерттеулермен, оларды өңдеу және қолданумен айналысады.
14. Жалпы мағынадағы «деректер қоймасы» термині:
а) жинақтау кестесінің көмегімен іске асырылады
ә) ақпараттың жылдам ізделуі
б) белгілі бір нышандарына байланысты біріккен ақпараттық кез келген жиыны
15. Жазу дегеніміз не?
а) кесте бағаны
ә) кесте жолы
б) жайпақ кестелер
16. Деректер қоймасында алғашқы деректерді жинақтау:
а) кесте көмегімен іске асырылады
ә) компьютерлерге қатысты қолданылады
б) бірнеше өрістер арқылы жүзеге асырылады
17. Деректер қоймасының негізгі белгісі:
а) ондағы ақпараттың жылдам ізделуі
ә) тек компьютерлерге қатысты қолданылады
б) кесте көмегімен іске асырылады
18. Кең тараған деректер қоймасын басқару жүйесі:
а) MS Excel
ә) MS Access
б) MS Front Page
19. Интерфейстің тәсілдері:
а) арнайы және әмбебап
ә) командалық және терезелік
б) жүйелік және қолданбалы
20. Сыртқы жад құрылғылары:
а) тұрақты жад, жедел жад
ә) тышқан, пернетақта, сканер
б) стример, флешка, компакт диск, магниттік дискілер
11 - сынып, 1 - тоқсан, 2 - нұсқа
1. Программалық жабдықтамалардың жіктелуі
а) жүйелік программалар, қолданбалы программалар, программалау жүйелері
ә) арнайы және әмбебап
б) арнайы программалар мен программалау тілдері
2. ОЖ –
а) мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған
ә) компьютердің жадына енгізіледі, ретке келтіріліп, тексеріледі және орындалады
б) компьютердің мәліметтерді өңдеу жұмыстарын ұйымдастырады
3. Интерфейстің қандай тәсілдері бар?
а) арнайы және әмбебап
ә) командалық және терезелік
б) арнайы программалар және программалау тілдері
4. Сканер –
а) қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, монитор экранына шығаратын құрылғы
ә) ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы
б) дыбысты электр сигналына түрлендіруге мүмкіндік беретін құрылғы
5. Компьютердің «миы» -
а) аналық тақша
ә) шиналар
б) процессор
6. ЖИ саласында жұмыстың басталуын:
а) ЭЕМ - нің жасалуынан деп есептейді
ә) роботтардың пайда болуынан деп есептейді
б) сараптама жүйелерінің ерекше қарқынмен дамуы деп есептейді
7. Адам - машина жүйелерін жасау қай кезде қолға алынды?
а) 60 - шы жылдардың аяғында
ә) 70 - шы жылдардың бас кезінде
б) 90 - шы жылдардың орта кезінде
8. Өріс дегеніміз не?
а) кестенің жолы
ә) кестенің бағаны
б) жайпақ кестелер
9. Деректер қоймасының ішіндегі ең көп тарағаны:
а) реляциялық ДҚ
ә) иерархиялық ДҚ
б) желілік ДҚ
10. Роботтардың пайда болуы ЖИ - ге зерттеулердің:
а) екінші сатысы деп есептеледі
ә) үшінші буыны деп есептеледі.
Б) төртінші кезеңі деп есептеледі
11. Көзбен экран арасындағы арақашықтық:
а) 40 - 50см
ә) 50 - 60см
б) 60 - 70см
12. Қауіпсіздік техникасының ережелерінде қандай пункт жоқ?
а) апаттық жағдайлардағы
ә) жалпы талаптар
б) декларативті талаптар
13. Қолданбалы программаларадың қандай түрлері бар?
а) драйверлер, утилиталар
ә) арнайы, әмбебеп
б) арнайы программалар, программалау тілдері
14. Жүйелік программалардың ішіндегі негізгісі:
а) драйверлер
ә) утилиталар
б) ОЖ - лер
15. Сараптама жүйелері қай кезде қарқынмен дамыды?
а) 60 - шы жылдардың аяғы
ә) 70 - шы жылдардың басы
б) 90 - шы жылдардың басы
16. Монитор –
а) ақпаратты енгізу құрылғысы
ә) басқару құрылғысы
б) ақпаратты шығару құрылғысы
17. Деректер қоймасының негізгі белгісі –
а) ақпараттың жылдам ізделуі
ә) бір немесе бірнеше кестеде ақпарат сақталады
б) барлық деректер кесте түрінде сақталады
18. Интерфейс –
а) адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас
ә) қарапайым амалдарды орындау
б) мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешеді
19. Тышқан –
а) ақпаратты енгізу құрылғысы
ә) басқару құрылғысы
б) ақпаратты шығару құрылғысы
20. ДК - дің қосымша құрылғылары:
а) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан
ә) кодтау кестесі, шиналар, аналық тақша, жедел жад
б) стример, принтер, сканер, сыртқы жадтау құрылғылары