Қазақстан Американдық Еркін Университетінің колледжінің
4 курс студенті Қабылбек Ж.С.
М.Жұмабаев шығармаларындағы ұлтық құндылықтарды көрсету ерекшелігі
Зерттеудің міндеттері:
М.Жұмабаев шығармаларын талдай отырып, ұлттық құндылықтарды сараптау.
Патриоттық және рухани тәрбие беру жолында Мағжан мұрасын үлгі ету
Ақын шығармалары негізінде жастардың бойына ұлтжандылық пен рухани құндылықтарды сіңіре отырып, оларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Зерттеудің өзектілгі: Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымыздағы және ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрнекті өкілдердің өмірін, шығармаларын жаңаша түрде зерттеп, екшелеп алу біздің еншімізде. Демек, біз, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға міндеттіміз. Сөз өнері арқылы рухани мол мұра қалдырған М.Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу, зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазіргі жаһандану дәуірі өршіп тұрған қоғамда өркениетті қоғам көшіне ілесе алатын ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.
«Ұлттық тәрбиенің қазіргі өркениетті қоғам даму жағдайында
көтерілуі өте орынды. Жаһандану үдерісі қарқынды дамып тұрған аумалы – төкпелі сындарлы кезеңде ең алдымен, ұлттық мүдде, ұлттық рух, ұлттық тәрбиені сақтап қалуға тиіспіз». Бұлар біздің ұлттық құндылықтарымыз. Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншісінен ажыратып тұратын оның тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық жырлары, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, қолөнері т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың барлығы ұлттық құндылықтарға жатады. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қазіргі кезде қалай сақтап жүрміз десек, өкінішке қарай өте нашар сақтап жүрміз. Материалдық құндылықтар алдыға шығып тұрған қазіргі қоғамда ұлттық құндылықтар көп ескерілмей жатыр. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының да жарық көруі, халық талқысына ұсынылуы тектен-тек емес. Егер халық өзінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, ол халық-«ұлт» деп саналмайды. Италияның жиһанкез кәсіпкері Реналью Гаспирин: «Мен әлемнің 141 елін аралаған адаммын. Солардың ішінде өз мемлектінде, өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім. Ол-Қазақстан халқы екен»,-депті. Егер өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алсақ, 22 ғасырда біреулер «Қазақ деген өздерінің ұлттық құндылығы жоқ, бейшара халық екен» деуі мүмкін.
Мағжан мен Елбасының ойлары бір-бірімен үндесіп жатыр. Ел болуды армандаған тұлғалар халқының мүддесін ойлап қана қоймай, оны іс жүзіне асыра білді. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Ақынның жырлары «елім» деп соққан жүрекке қан жігіртпей қоймайды. Мағжандай алаш арыстарының рухы қашанда қазақ елін жебеп жүре бермек.
Қазіргі жаһандану дәуірі өршіп тұрған қоғамда өркениетті қоғам көшіне ілесе алатын ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.
«Ұлттық тәрбиенің қазіргі өркениетті қоғам даму жағдайында
көтерілуі өте орынды.
Мағжан мен Елбасының ойлары бір-бірімен үндесіп жатыр. Ел болуды армандаған тұлғалар халқының мүддесін ойлап қана қоймай, оны іс жүзіне асыра білді. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Ақынның жырлары «елім» деп соққан жүрекке қан жігіртпей қоймайды. Мағжандай алаш арыстарының рухы қашанда қазақ елін жебеп жүре бермек.
Қазіргі жаһандану дәуірі өршіп тұрған қоғамда өркениетті қоғам көшіне ілесе алатын ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.
«Ұлттық тәрбиенің қазіргі өркениетті қоғам даму жағдайында
көтерілуі өте орынды.
Мағжан мен Елбасының ойлары бір-бірімен үндесіп жатыр. Ел болуды армандаған тұлғалар халқының мүддесін ойлап қана қоймай, оны іс жүзіне асыра білді. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Ақынның жырлары «елім» деп соққан жүрекке қан жігіртпей қоймайды. Мағжандай алаш арыстарының рухы қашанда қазақ елін жебеп жүре бермек.
Біздің тарихымыз балқарағай ағашына ұқсайды. Оны қанша уақыт суармасаң да ол өлмейді. Себебі, оның тамыры тереңде. Біздің де тамырымыз тереңнен «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әл-Фараби аталарымыздан басталады. Сондықтан тарихымызды өлді деп айтуға болмайды. Әрі балқарағайдың жемісі өте тәтті болады. Сол сияқты біздің тарихымыз ерлікке, тәрбиелілікке толып тұр. Бір сөзбен айтқанда тарихымыздың әр парағы өзі бір жеке кітапты құрай алады. Мен оны Мағжан атамның «Түркістан» өлеңі арқылы дәлелдей аламын.
…Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой, – деп тебіренген ол «Тұран», «Түркістан» арқылы Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете жырлайды. Сондықтан, Мағжан Жұмабаевтың түркі жұртының алдында тұлғасы биік ақын. Оның шығармасына байланысты жиындар Түркия мемлекетінде жиі ұйымдастырылып, көптеген өлеңдері түрік тілінде жарық көрген.
Еліміздің ертеңі мен болашағы жастардың қолында. Олай болса, өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп, өткен Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады, шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін!» деп асқақтай сөйлейді. «Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!»-
деп жастарды тектілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ақиқат ауылына шақырады.
Мағжан атамыздың сөзін елбасының өзі басшылыққа алып, «Болашақтың кілті – жастардың қолында», «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі — жастарымыз» деп ылғи бастама көтеріп, жастарға көп қолдау көрсетіп, үлкен сенім білдіріп келеді. Елбасымыз биылғы қазан айындағы жолдауында келер 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы да тегін емес, яғни жастарға, бізге үлкен үміт артып отыр.
Әрине, біз егемен елдің иесіміз, қазақ деген ғажап халықтың ұлттық намысымыз, «ойы дауыл, сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан» жалынды жігеріміз, айбынды айбатымыз, қажырлы қайратымыз бар, көзімізде от ойнаған, білім деген сарқылмас бұлақтың суын қанып ішіп, биіктерге бойлаған тәуелсіз елдің тірегіміз.
Елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі, біз Мағжан сенген жастармыз Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болуымыздың өзі- ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі- жастардың бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін жастарға сену керек. Жастар соған лайық болу керек. Сонда ғана Мағжан айтқандай, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу керек. Сонда ғана ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елдің ары мен намысын абыроймен алып жүретін, жанарында жалын бар жастар өседі.
Біз, бәріміз де - өз жеріміздің патриотымыз, өз елімізді мақтан тұта аламыз. Бірақ, ел мен жерімізді дәл Мағжандай бар шындығымызбен сол қалпында сүйе аламыз ба? Ұлттық құндылықтарымызды жаңғырта алып жүрміз бе? Ата-баба дәстүрін сақтай алып жүрміз бе? Өз тілімізді өрге сүйреп жүрміз бе? Егер осы құндылықтарды сақтап жүрген болсақ, онда біз –бақыттымыз! Мағжан Жұмабаев өлеңдерін зерттей келе, мынадай қорытындыға келдім: егер сен өз халқыңның перзенті болам десең, онда сен оның болашағына салғырт қарама, халқыңмен бірге қуан, халқыңмен бірге уайымда. Сонда ғана сен оны шын сүйе аласың!
Мағжан нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны емес, ұлт ақыны.
Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен, өлмейтұғын артына із қалдырған Мағжан дана азамат, ұлы ақын!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жұмабаев М. көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы» 2002 жыл;
2. Асылов Ұ. Нұсқабайұлы Ж. //Әдептану//, «Рауан» 1998 жыл.
3. Елеукенов Ш. //Мағжан Жұмабаев//, Алматы: «Білім» 1990 жыл
4. Назарбаев Н. Ә. // Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар//, 2017 жыл