СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Технологиялық карта. "Үй "(Қағаздан)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы топ тәрбиеленушілеріне арналаған технологиялық карта.

Просмотр содержимого документа
«Технологиялық карта. "Үй "(Қағаздан)»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Жасы: (4+5) Ортаңғы көбелек тобы

Тақырыбы: Үй (Қағаздан)

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Мақсаты: Тіктөртбұрыш қағазды бұрыштары мен жақтарын беттестіріп үйді жасату. Теңдей етіп бүктеу іскерліктерін тудыру, негізгі бөліміне төбесін, есік, терезесін жапсыруға үйрету. Әсемдікке баулау.

Алдын – ала жұмыс және оқу іс – әрекетіне дайындық: Үйлер жайында түсінік беру

Сөздік жұмыс: Үй, үлкен,биік

Дидактикалық құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер

Билингвалдық компоненті: Үй - дом


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың басқарымдық қызметі

Балалардың әрекеттері


І кезең мотивациялық-қозғаушы


Балалар біздің қаламызда қандай биік зәулімдер бар?

Сендер қандай үйде тұрасыңдар?

Сендер тұратын үй неше қабаттан?

Біздің қаламызда қандай биік үйлер білесіңдер?

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Өздері тұратын үйлерін сипаттап береді, қаламыздағы биік зәулім үйлерді айтып береді.

ІІ кезең проблемалық ізденушілік




















Суретпен жұмыс:

Балалар мына суретте нелерді көріп отырсыңдар?

Бұллар нелер?

Дұрыс балалар

Мына сурет бұл біздің мешіт, мына сурет қазақ драм театры, мына сурет акимат бұнда әкімдер жұмыс істиді.

Біздің қаламызда биік зәулімдер өте көп.

Бірнеше қабатты үйлерде бар.

Сендер қандай үйде тұрасыңдар?

Сендер тұраты үй неше қабатты үйлер?

Сергіту сәті:






Балалар бүгін біз сендермен түрлі – түсті қағаздарды қолдану арқылы үйлерді құрастырамыз.

Тіктөртбұрыш қағазды бұрыштары мен жақтарын беттестіріп үйді жасату. Теңдей етіп бүктеу іскерліктерін тудыру, негізгі бөліміне төбесін, есік, терезесін құрастыруға үйрету.

Суретке назарларын аударады, суретте бейнеленген суреттерді атап, әр біріне тоқталып сипаттап береді.

Қаламыздағы биік зәулім дерді, үйлерді айтып береді

Өздері тұратын үйлерін айтады.



Көкке бойын созады

Көпке қолын созады

Кең құшағын ашады

Көлеңкесін тосады

Көк қарағай, қарағай,

Мейірбанды анадай!


Тапсырманы қызығушылық таныта отырып орындайды.





ІІІ Рефлексивтік-түзетуші.

Балалар сендер қандай биік үйлерді білесіңдер?

Бүгін біз сендермен нені құрастырдық?

Қаламызда қандай биік зәулім ғимараттар бар?


Қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріп, ұйымдастырылған оқу – іс әрекетін қорытындылайды.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Үй құрылысы туралы түсінік

Түсінеді: Қағаздардын бүктеу әдісін түсіну

Қолданады: Қағаздарды біріктіру арқылы үй құрастыру