СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Текстовые эффекты и графические возможности программы Microsoft Word

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данном материале размещена план открытого урока на тему: "Текстовые эффекты и графические возможности программы Microsoft Word". 

Просмотр содержимого документа
«Текстовые эффекты и графические возможности программы Microsoft Word»

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Бағдарлама тақырыбы: «Microsoft Word мәтіндік редакторы»


Сабақ тақырыбы: Microsoft Word бағдарламасының мәтіндік эффектілері мен графикалық мүмкіндіктері


Сабақ мақсаты:

  • Білімділік: Microsoft Word бағдарламасының мәтіндік эффектілері мен графикалық мүмкіндіктерін құжаттарда қолдануды үйрену.

  • Тәрбиелік: Студенттердің шапшаң ойлау, іскерлік сөйлеу қабілетін дамыту,

топпен жұмыс істеу дағдыларын нығайту.

  • Дамытушылық: Дүниетанымын, ой- өрісі, ізденісі мен белсенділігін білімді

игеру арқылы дамыту.

Оқу-әдістемелік тақырып бойынша берілетін тапсырмалар, нұсқаулық сызбалар,

қамсыздандыру: А4 форматты түрлі-түсті қағаздар.


Материалдық-техникалық

құрал-жабдықтар: дербес компьютер, түрлі-түсті және жай принтер,

проектор экранымен, фотоаппарат.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Студенттерді түгендеу.

1.2. Студенттердің сыртқы түрін және жұмыс орындарын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқауы

2.1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

Балалар, бүгін біз сабақта өткен сабақтарда Microsoft Word бағдарламасында Автофигуралармен сурет салу, құжатқа сурет кірістіру және WordArt объектісін қоюды үйрендік. Сол білімдерімізге сүйеніп, Сіздердің қаншалықты осы тақырыптарды игергендеріңізді тексереміз. Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жету үшін Фатима және Жанелге үйге «Дизайн Студия» жарнамалық агенттігі туралы Жағдайлық тапсырма берілген болатын. Сол тапсырманы бірге шешейік.


Жағдайлық тапсырма: «Дизайн Студия» жарнамалық агенттігіне келуші тапсырыс беріп жатыр.

Келуші: Сәлеметсіз бе!

Бас менеджер: Сәлеметсіз бе!

Келуші: Мен Сіздердің жарнамалық агенттіктеріңізге стендке тапсырыс беруге келіп отырмын.

Бас менеджер: Жақсы, біз тапсырыстарды орындаймыз. Тапсырыстың егжей-тегжейін баяндаңыз?

Келуші: Стендті 10 ақпан Александр Сергеевич Пушкинді еске алу күніне арнаймыз. Стендті осы кісінің өмірбаянын, фотосурет, мәтін сияқты ақпараттармен толықтыру қажет. Орындалатын стендтің ұзындығы – 30 см, ені - 45 см, орындау мерзіміне келетін болсақ бізге 2 күннен соң бұл стенд қажет болады.

Бас менеджер: Иә, бұл әрине Сіздің қалауыңыз. Барлық айтарыңыз осы болса, онда жақсы мен өзімнің әріптестеріммен уақытты кешіктірмей жұмысқа кірісіп кетсем деймін.

Келуші: Әрине, әрине. Тапсырыс бойынша барлық айтарым осы. Онда жақсы сау болыңыз.

Бас менеджер: Жақсы сау болыңыз.


Келуші кетеді. Менеджер әріптестерін шақырады.


2.2. Студенттердің үй жұмысын, өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

Сұрақтар:

    1. Бұл жұмысты қандай бағдарламада атқарамыз?

Microsoft Word бағдарламасында атқаруымыз қажет деп ойлаймын.

2. Microsoft Word бағдарламасының қандай тақталарын қолданамыз?

Microsoft Word бағдарламасының Стандарттау және Форматтау тақталарын пайдаланамыз.

3. Microsoft Word бағдарламасының қандай қосымша мүмкіндіктерін қолдануымызға болады?

Microsoft Word бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін, WordArt объектісін, Автофигуралар қосымшаларын пайдалануға болады.

4. WordArt объектісін неліктен таңдаймыз?

WordArt объектісі Microsoft Word бағдарламасының басты графикалық мүмкіндіктерінің бірі. Қандай да бір фигуралық мәтінді жазу үшін арнайы осы объектіні қолдануымызға болады. Мәтінді әр түрлі тәсілмен бейнелеп жазу, оған көлеңке салу, қисайту, айналдыру, созу үлкейту, қысқарту сияқты мүмкіндіктерге ие болып келеді. Сондықтан осы объектіні қолданған тиімді деп санаймын.

5. WordArt және Автофигура объектілерін қалай іске қосуымызға болады?

Сурет салу саймандар тақтасында WordArt және Автофигура объектісін қосу батырмасын не болмаса Кірістіру-Сурет-WordArt және Кірістіру-Сурет-Автофигуралар командасын таңдаймыз.

6. Microsoft Word бағдарламасына суреттер кірістіруге болады ма?

Иә, әрине болады. Кірістіру-Сурет командасын беру арқылы не болмаса Файл-Ашу батырмасын басып керекті бумадан таңдауға болады.

2.3.Сабақ материалы бойынша студенттерге нұсқау беру.

Бас менеджер: Олай болса, әріптестер, былай болсын: Microsoft Word бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін, WordArt объектісін, Автофигуралар қосымшаларын пайдаланып осы тапсырысты орындайық.

2.3.1. Жұмыстар түрлері, жаттығуларды орындау тәртібін айтып кету.

2.3.2. Студенттерді материалдармен, құралдармен және басқа орындау құралдарымен таныстыру.

Сіздерге осы тапсырысты орындау үшін алдарыңызда ДК, принтердің түрлі түсті түрі, А4 форматта ақ қағаз және түрлі-түсті қағаздар.

2.3.6. Студенттердің еңбек қауіпсіздігі ережелерін ұстануда нұсқау беру.

Бас менеджер: Тапсырысты орындауға кіріспес бұрын шеберханада еңбек қауіпсіздігі ережелеріне тоқталайық.

2.4. Кіріспе нұсқаулық материалын бекіту.

Бас менеджер: Олай болса, әріптестер 2 сағаттан соң кездесеміз, тапсырыс бойынша атқарған жұмыстарды қараймыз. Жұмыс орындарымызға тараймыз.

3. Студенттердің жаттығулары және ағымдағы нұсқаулық.

3.1. Студенттердің жаттығулары.

3.1. Мақсатты тексеріп шығу.

3.1.1. Жұмыс орындарын ұйымдастырылуын тексеру.

3.1.2. Технологиялық үдерісті жүргізу дұрыстығын тексеру.

3.1.3. ҚТ сақтауды тексеру.

3.1.4. Қиыншылықтары бар студенттерге көмек көрсету.

3.1.5. Тапсырмаларды орындау сапасын тексеру.

Бас менеджер: Әріптестер, тапсырысты орындап болдық. Дайын болған жұмыстарымызды қарайық.

3.2. Орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау.

3.3. Студенттердің жұмыс орындарын және шеберхананы қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау

4.1. Сабаққа қорытынды жасау, оқушылардың орындаған жұмыстарына қарап

бағалау.

4.2. Түзетуді қажет ететін жағдайларды айтып, түсіндіріп беру.

4.3. Бағаларын естірту.

4.4. Үйге тапсырма:

1). Тақырып «Microsoft Word - мәтіндік редакторы» бағдарламасын түгелдей

қайталау.

4.5. Жұмыс орнын жинау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!