ҚРҚК тәралы және әскери жарғылар.
Оқушының аты-жөні:__________________________________________________
Сыныбы:________________________________________
1. Кез келген мемлекетте, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚК болу қажеттілігі неде:
А) ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
B) ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
C) сыртқы жау күштерінен қорғау;
D) Қазақстанның әуе, теңіз және құрлық шекарасын күзету;
E) ТМД ҚК бірлесіп, ҚР аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету.
2. «Жаттығуда ауыр болса, ұрыста жеңіл болады» деген қанатты сөздің авторын атаңыз:
А) Абылай хан;
B) Бауыржан Момышұлы;
C) Жуков Г.К;
D) Суворов АВ
E) Сталин И.С.
3. ҚР ҚК тікелей басқаратын лауазымды тұлғаны атаңыз:
А) Қорғаныс министрі;
B) ҚР Президенті;
C) Премьер-Министр;
D) ҚК штаб бастықтарының комитет төрағасы;
E) Мәжіліс төрағасы.
4. «ҚР қорғау жөніндегі азаматтың міндеттерін» дұрыс құрыңыз:
А) ҚР қорғау оның азаматының құрметті борышы және міндеті болып табылады;
B) ҚР қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы болып табылады;
C) ҚР қорғау оның азаматының құрметті міндеті және борышы болып табылады;
D) Отанды қорғау – бұл шақыру жасындағы барлық азаматтардың әскери қызметті міндетті атқаруы;
E) Отанды қорғау – бұл әскерді ұстау үшін азаматтардың салықты уақытында міндетті төлеуі.
5. Әскери қызметшінің негізгі қызметін атаңыз:
А) әскери қызметші әскери тәртіпті сақтауға, оны сеніп берілген қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және әзірлікте ұстауға міндетті;
В) әскери қызметші Отанды қорғауды жүзеге асыруға, ал қажет болса, оны қорғауға дайын;
С) әскери қызметші оған сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға міндетті;
D) әскери қызметші – Отан қорғаушы, сол себептен ол қорғауды жүзеге асыруға дайын, ал қажет кезінде оны жүзеге асырады;
Е) әскери қызметші ҚР азаматы ретінде әскери қызметтің заңмен бекітілген мерзімін адал өткеруге міндетті.
6. «Патриотизм» ұғымының негізгі құрамдас бөліктері қандай?
А) Отанын сүю, халықтың табыстары мен жеңісін мақтаныш ету;
B) Өз халқын сүю, сәтсіздіктері мен жеңілістеріне күйіну;
C) Отанын, өз халқын сүю, оның табыстарын мақтаныш ету, сәтсіздіктері мен жеңілістеріне күйіну;
D) Өз Отанына, халқына адалдығы, оны жаудан қорғауға талпыну;
Е) Отанын сүю, оның мүдделеріне қызмет етуге талпыну.
7. Отан қорғаушысының әскери жалдамалыдан айырмашылығын атаңыз:
А) патриотизм;
B) әскери борышына шынайы берілгендік;
C) батылдық, ерлік;
D) әскери борышына шынай берілгендік, патриотизм;
E) келісімшарт бойынша әскери қызметті атқару.
8. Отан қорғаушылар күнін атаңыз:
А) 25 тамыз;
B) 9 мамыр;
C) 7 мамыр;
D) 23 ақпан;
E) 16 желтоқсан.
9. Достық жолдастықтан қалай ерекшеленеді:
А) тек жеке проблемалар, қиындықтарды шешу кезіндегі достардың бір-біріне көмегі;
B) қиындықтарды достармен бірге жеңе білу;
C) жолдастың көмегімен жеке қиындықтарды шешу;
D) қиындыққа ұшыраған жолдасына көмек көрсету;
E) әскери мамандықты меңгеру кезінде досына көмек көрсету.
10. Нағыз жолдастықтың айрықша ерекшелігін атаңыз:
А) адалдық, жауапкершілік;
B) адалдық, бір-біріне көмегі;
C) бір-біріне көмегі;
D) жауапкершілік, бір-біріне көмек.
Е) қаза болған жолдастарды еске алу.
11. Жолдастық шеңберіндегі жауапкершіліктің нені білдіретінін атаңыз:
А) берілген тапсырманы орындауда жеке адалдық;
B) командирден тапсырма алу кезінде серігінің жұмыс үлесін орындауда қиындықтарды өзіне ала білу дайындығы;
C) серік еңбегін өзіне алуға ерікті дайындық, жолдастың жауапкершілігін азайту үшін, оның жұмысының үлесін орындауға көмек көрсету;
D) серігінің еңбегін өзіне алуға ерікті дайындық және ортақ іс міндеттерін шешуге көмектесу үшін, оның жұмысының үлесін орындауға көмек көрсету.
E) өзіне және жолдасына орындау үшін, командирден алынған міндеттерді тең бөліп орындауға дайындық.
12. Әскери жолдастықтың принциптерін бұзу деп нені айтуға болады?
А) Жарғылық қатынастар (ары мен абыройын қорлау), қызметкерлерді жәбірлеу;
B) Абыройын кемсіту, жолдасын жәбірлеу;
C) жолдасына өзінің лауазымды міндеттерінің бір бөлігін орындауды «жүктеу»;
D) Әскери ұжымда жанжалдық жағдайға ұшыраған жолдасына көмек көрсетпеу;
Е) жас жауынгерлерге тәжірибелі әскери қызметшілердің дұрыс емес қатынасы.
13.Өзара қатынастардың жарғылық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік түрін және бұл жауапкершіліктің барынша көп шамасын атаңыз:
А) тәртіптік жауапкершілік, тәртіптік батальонда 3-жылға дейінгі мерзімде ұстау;
B) қылмыстық жауапкершілік, 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру;
C) қылмыстық жауапкершілік, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
D) қылмыстық жауапкершілік, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
E) тәртіптік жауапкершілік, атқаратын қызметтің толықтай, қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту.
14. Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы әрбір әскери қызметшіге нені білдіреді:
А) Отан қорғаудың қасиетті парызы туралы;
B) батырлық дәстүрлер мен Отанды қорғаудың қасиетті парызы туралы;
C) Отан қорғаудың қасиетті парызы, әркімнің құрмет белгісіне құрметпен қарауы туралы;
D) Әскери қызметшінің ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға қатынасы;
E) тарих, әскери бөлімнің сіңірген еңбегі туралы.
15. Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы жоғалуынан туындайтын салдарларды атаңыз:
А) бөлім командирі және Жауынгерлік тудың жоғалуына тікелей кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылады;
B) бөлім командирі және Жауынгерлік тудың жоғалуына тікелей кінәлілер қылмыстық жазаға тартылады, бөлім таратылады;
C) бөлім командирі және Жауынгерлік тудың жоғалуына тікелей кінәлі сотқа беріледі, бөлім таратылады;
D) Жауынгерлік тудың жоғалуына тікелей кінәлілер, әскери трибуналдың сотына беріледі, бөлім өзіне жүктелген жауынгерлік және қызметтік міндеттерді орындауды жалғастырады.
E) Жауынгерлік тудың жоғалуына кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады, бөлімге жаңа Жауынгерлік ту тапсырылады.
16. ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда жүзеге асырылатын барынша маңызды рәсімдерді атаңыз:
А) әскери ант қабылдау, запасқа шығарылған әскери қызметшілерді шығарып салу;
B) әскери ант қабылдау, Жауынгерлік туды тапсыру; ардагерлерге құрмет көрсету;
C) әскери ант қабылдау, Жауынгерлік туды тапсыру, жас жауынгерлерге қару-жарақ пен әскери техниканы тапсыру, запасқа жіберілген әскери қызметшілерді шығарып салу, ардагерлерге құрмет көрсету;
D) Жауынгерлік туды тапсыру, әскери ант қабылдау, жас жауынгерлерге қару –жарақ пен әскери техниканы тапсыру, жауынгерлік қызметке қабылдау, ардагерлерге құрмет көрсету.
E) әскери ант беру, ардагерлерге құрмет көрсету, Жауынгерлік туды тапсыру, жас жауынгерлерді қабылдау, запасқа шығарылған әскери қызметшілерді шығарып салу.
17. Азаматтардың әскери міндеттерінің мазмұны ашылатын ҚР заңын атаңыз:
А) "Қорғаныс және ҚК туралы" заңы;
B) "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" заңы;
C) "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңы;
D) "Жалпыға ортақ әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" заңы
E) Конституция, "Қорғаныс және ҚК туралы" заңы.
18. Еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою жасын атаңыз:
А) 16 жас;
B) 17 жас;
C) 18 жас;
D) 15 жас;
E) 15 жас 6 ай.
19. Жасөспірімдерді әскери қызметке міндетті даярлауды шартты түрде бөлуге болатын кезеңдерді атаңыз:
А) әскерге шақырылғанға дейін, шақырылатын;
B) Ерте шақырылатын, шақырылатын;
C) ерте шақырылатын, шақырылғанға дейін, шақырылатын;
D) ерте шақырылатын, орташа шақырылатын, шақырылатын.
E) әскери қызметтің негіздері бойынша дайындық; әскери – патриоттық тәрбие, әскери-техникалық мектептерде жауынгерлік мамандықты алу.
20. Алғашқы медициналық куәландырудың негізгі функциясын (функцияларын) атаңыз:
А) есепке алу, денсаулықты тексеру;
B) есепке алу санатын айқындау, әскерге шақырылатындардың денсаулық деңгейін анықтау, медициналық тексеруге және емдеуге жіберу;
C) денсаулық жағдайын анықтау, емдеуге жіберу;
D) денсаулық жағдайын тексеру, шақырылуға жарамды жасөспірімдерді анықтау.
E) дене шынықтыру дайындығының деңгейін анықтау.